Кәсіпкер жұмыссыз жүрген жандарға осындай мол мүмкіндік ұсынып отырған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына зор ризашылығын білдіреді. Осы орайда аудан бойынша қанша кәсіпкер қайтарымсыз грант алғанын кейіпкерлер өздері баяндап берсін.
- Былтырғы жылы тігін шеберханасын ашу жобасы бойынша бағдарламаларға қатысып, грант жеңіп алдым, - дейді Гауһар. ГауҺар Жаныбекова «Бас-тау» бағдарламасына қатысып, қайтарымсыз 505 мың теңгеге тігін машинкасын сатып алып, бүгінде сүйікті ісімен айналысуда.
- Алдағы уақытта кәсібімді одан әрі дамытуды жоспарлап отырмын. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарынан түскен тапсырыстарды орындаймын. Оқыған мамандығым тігінші. Баға қолжетімді. Мемлекет көмегіне жүгініп, іс бастау ең тиімді жол. Қыз-келіншектердің қорықпай, өз қалауымен кәсіп ашқаны дұрыс деп санаймын. Кәсіп ашқысы келген адамға қолдау бар.
Көкпекті ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының игілігін көрген тұрғындар көп. Аудан орталығын айтпағанда, бағдарламаның қатысушысы атанып, мамандығы бойынша жұмыс істеп, қолынан келетін іспен айналысып жүрген азаматтар елді мекендер мен шалғай ауылдарда да жетерлік. Солардың бірі Прео-браженка ауылының тұрғыны - Серік Азанбаев. Өз кәсібін былтыр ғана бастаған ол эко сувенирлар жасаумен айналысады. Арманының жүзеге асуына жұмыспен қамту орталығының көмегі тигенін айтады.
Серік ағаның мамандығы – сурет пәнінің мұғалімі. 100 АЕК мөлшеріндегі қаражатқа ол жұмысқа қажетті құрылғылар мен құрал-саймандар сатып алған. Тұрмысқа қажетті астау, оқтау, тақтайды қарағай ағашынан жасайтынын айтты.
Көкпекті ауданында кәсіп-керлік саласы ерекше серпін алып келеді. Әсіресе, соңғы жылдары елді мекендерде өз ісін бастап, жеке кәсіпке бетбұрған ауыл тұрғындары мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауды жан-жақты пайдалануда.
Жыл санап Көкпекті ауданында елуден аса тұрғын өз ісін ашқан. Олардың кәсіпкер атануына «Еңбек» бағдарламасы септігін тигізген. Қаражат мал және өсімдік шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ стартап жобаларды қолдауға бағытталды.
Диляра Қарынбаева өз жобасына қаражатқа өткен жылдың соңында қол жеткізді. 550 мың 600 теңгеге фото сурет шығаратын аппарат ноутбук, түрлі түсті принтер сатып алуға жұмсаған. Мамандығы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ал бұрын мектепте мұғалім болған, іскер жас кәсіпкерлер үшін аудан тұрғындарына фото сурет әзірлеуді жөн санаған.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.