Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Үміткер (немесе оның нотариат куәландырған сенімхат бойынша өкілі) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу үшін тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат, ал оралмандар үшін – оралман куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);
3. Кәсіпкердің атынан өтініш беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған) көшірмесі;
4. Әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;
5. Бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
6. Кәсіпкердің атынан өтініш беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (заңды тұлғаның атынан - заңды тұлға растаған)

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер жүгінген сәтте Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеген адамдар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.
Бұл ретте үміткерлер қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы аз және (немесе) көпбалалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ, оралмандар мен қоныс аударушыларға «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өту немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқу талап етілмейді.
Мемлекеттік грантқа үміткер кәсіпкерлер үшін заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі Бағдарламаның өңірлік операторына мемлекеттік грант алу үшін жүгінген сәтте бір жылдан аз болуға тиіс.
Бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды беру шарттары:
- Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі;
- Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алуға, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілері, сондай-ақ, сауда объектілері, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы объектілер аумағында Бағдарламаға қатысушының бизнес-жобасын іске асыру үшін ғимараттарды жалға алу ақысы ретінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылады;
- Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне берілмейді;
- Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар Бағдарламаға қатысушыларға бір рет беріледі.

 

Бизнес - идеяларды  іске асыру

Елімізде жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, білімі жоқ адамдарды аз уақытта оқытып, кәсіп меңгеруіне жол ашатын «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылдың ішінде аталмыш жоба арқылы мемлекет тарапынан грант ұтып алып, өз бизнес-жобасы арқылы кәсібін ашқандар жетерлік. Мамандық игеріп, отбасын асырап отырғандар да бар. «Еңбек» бағдарламасындағы осындай мүмкіндікті кімдер пайдалана алады? Оның талап-шарттары қандай? Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Данияр Адиұлы көпті толғандырған сауалдарға тұшымды жауап береді.

«Еңбек» бағдарламасының міндеті - еңбек нарығының қажеттілігін есепке алып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бо-йынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді оқытып шығару. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, ауыл мен қалада микрокредит беруді кеңейту де бағдарлама жоспарында бар. Жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесіп, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру – бағдарлама жүзеге асыруы тиіс шаралар. Бұл бағдарламаға 29 жасқа дейінгі жас-тар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар қатысатыны да бағдарламада айқын көрсетілген.
- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының негізгі талаптарын түсіндіріп кетсеңіз. Бұл бағдарлама кімдерге арналған?
- Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген. 2018 жылдың қараша айында мемлекеттік бағдарлама қатарына қосылды. Яғни, өткен жылы 3 бағыт бойынша жұмыс жүргізілсе, енді оның қатары 4 бағытқа жетті. Бірінші бағыт бойынша қатысушылар техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етіледі. Екінші бағыт жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Яғни, «Бастау Бизнес» жобасы негізінде кәсіпкерлікті оқу, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, қалалар мен ауылдарда несие алуға кепілдік беру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға, мемлекеттік гранттар беруге бағытталған. Үшінші бағыт халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамытуды көздейді. Бұған жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасын құру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру сынды шаралар жатады. Ал төртінші бағыт бойынша «Жастар – ел тірегі» жобасы іске қосылды.
- Мемлекеттік гранттар соңғы үш жылда неше адамға бөлінді?
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК дейінгі мөлшерде 2020 жылға 20 млн.теңгеге 36 грант бөлінді. Жыл басынан бері 27 адам мемлекеттік грантты алды, оның ішінде 25-і мал, құстарды сатып алуға, қалған техникалық құрал-жабдықтар алуға бағытталған. Аталған 27 адамның ішінде 23-і мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын азқамтылған және көпбалалы отбасылар. Қалғаны жұмыссыздар мен жастар категориясына жатады.
2018 жылы 100 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде 14 адамға берілді. 2019 жылы – 153 грант бөлініп, оның ішінде 14 адам – 100 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, қалған 139 адамға – 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде грант бөлінді.
- Қандай азаматтар категориясы мемлекеттік гранттар бағдарламасына қатыса алады?
Жұмыс іздеп жүрген тұлғалар, жиырма тоғыз жасқа толмаған жұмыссыз жастар, бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және жүгінген сәтте Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеген адамдар, сондай-ақ үміткерлер қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы аз және (немесе) көпбалалы отбасылардың мүшелері, оралмандар мен қоныс аударушылар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.
- Әңгімеңізге рахмет!

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз