Татарстан дәрігерлері 26 шілде күні Көкпекті ауданына келді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің шақыруымен коронавирус инфекциясын емдеуге медициналық көмек көрсетіп, кеңес беру үшін келген мамандар Самар және Көкпекті аурухаларында болып, жергілікті әріптестерімен кездесті. Облыс басшысы Даниал Кенжетайұлы Татарстаннан білікті де тәжірибелі мамандарды тарту үшін Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен келіссөздер жүргізген болатын.
Дәрігерлер тобына Татарстан Рес-публикалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің медициналық қызмет көрсету жөніндегі бірінші орынбасары Марсель Миннулин жетекшілік етуде.
- Бірінші кезекте ауруханадағы ағым-дағы жағдаймен танысудан бастап жатырмыз. Біздің топтың негізгі мақсаты – коронавирус инфекциясын емдеуге медициналық және әдістемелік көмек беру. Қауіпті індетпен күресте 5 айлық тәжірибе қалыптасты. Провизорлық және инфекциялық бөлімдерде, фильтр және буфорлық аймақтарда жұмысты ұйымдастыру бойынша кеңестер бе-ріледі, - дейді Марсель Мансурұлы.
Ресейден келген анестезиолог-реаниматолог, рентгенолог, пульмонолог, инфекциялық госпитальдің дәрігерлері және қызметкерлерімен бірге облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары да келді. Басқарма басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинованың айтуынша, Татарстаннан келген мамандар коронавирус пен пневмония аймағындағы емдеу хаттамаларымен танысып, жергілікті дәрігерлерге консультациялық және әдістемелік көмек көрсетпек.
- Топ құрамындағы дәрігерлердің барлығы жоғары санаттағы білікті мамандар. Олар облыстық денсаулық сақтау жүйесінің, коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеумен айналысатын ұйымдардың жұмысымен танысатын болады. Ресей Федерациясында ковидті емдеудің жақсы тәжірибесі қалыптасты. Ресейлік мамандардың келуі бізге кейбір мәселелерді қайта қарап, осы бағыттағы жұмыстарды жақсарта түсуге мүмкіндік береді, - деді Райфа Сафиоллақызы.
Орталық аурухананың бас дәрігері Әсем Төлеуғазықызының мәліметі бойынша бүгінгі күні провизорлық және инфекциялық бөлімдерде 21 адам ем алуда.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.