Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

ҚР ДСМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 380 «COVID-19 коронавирусының симптомсыз формасымен ауыратын науқастарға амбулаториялық бақылауды ұйымдастыру туралы» бұйрығының негізінде Көкпекті ауданының орталық ауруханасы жанынан ШЖҚ КММ 5 мобильді топ құрылған.

Бүгінгі таңда мобильді топтардың дистанциялық бақылауында 100 - ден астам адам тұр. Олар - коронавирус инфекциямен ауырғандар, оны жеңіл және симптомсыз түрде ауырған адамдар, науқастармен қарым-қатынаста болған және үй карантиніндегі емделушілер, «Пневмония» диагнозы бар, амбулаторлық емделудегі және стационардан шығарылған пациенттер. Мобильді топ эпидемиологиялық ахуалдары нашар елді мекеннен, Көкпекті ауданының аумағына келген науқастардан, телефон арқылы олардың жағдайын біліп отырады.
Мобильді бригада мүшелері әр күн сайын тәулігіне 2 рет аудио және видео түрінде қоңырау шалып, науқастардың көңіл күйін біліп, ұсыныстар береді, учаскелік дәрігерлермен және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.


2020 жылдың 14 шілдесінде екі бөлімшеге (инфекциялық және жан сақтау) 20 медицина қызметкері - олардың ішінде – анестезиолог-реаниматолог дәрігері - Н.Шайдуллова, инфекционист дәрігер - М.Тойшибаева, 9 мейірбике және 9 кіші медициналық қызметкерлер тартылған. Медицина қызметкерлерінің жатар орны микробиологиялық зертхана ғимаратында ұйымдастырылған.Медицина қызметкерлерінің күшейтілген жоғары калориялы тамақтануы демеушілік көмек есебінен жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде реанимация бөлімінде «Пневмония» диагнозымен 2 адам, инфекциялық ауруханаға 5 адам жатқызылды. Оның ішінде 1 пациенттен «COVID-19» диагнозы расталған.
«Көкпекті ауданының орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК ұжымы тұрғындардан бұл аурудың алдын алу бойынша қарапайым ережелерді:
- қолды жиі жуу;
- ауызды және мұрынды толығымен жабатын қорғаныш маскасын кию;
- әлеуметтік қашықтықты сақтау (1 метрден кем емес);
-қол алысып, құшақтасып, өбісіп амандасудан сақтану;
- аса қажет болмаса, басқа қалаларға уақытша бармау;
- аса қажеттіліксіз қоғамдық орындарға баруға болмайды;
- көпшілік, отбасылық іс-шараларды өткізуден уақытша бас тарту;
- ауру белгілері бар (жөтел және түшкіру) адамдармен қарым-қатынаста болудан аулақ болуды сұрайды;
- ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда учаскелік медицина қызметкеріне немесе емхананың тіркеу орнына 2-02-34 телефоны арқылы хабарласу қажет.
(«Көкпекті ауданының орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК ақпараты бойынша)

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз