Халық көп шоғырланған Көкпекті мен Самардан бастап, шалғай жатқан Шұғылбай мен Қарақол, тұрғыны аз Егінбұлақ пен Өрнек сынды ауданға қарасты әрбір ауылға көңіл бөлінеді. Бұл туралы аудан әкімі Асхат Смаилов ауылдарды аралау барысында баса айтты. 11 маусым күні аудан басшысы Үлкенбөкен, Преображенка, Теректі және Шұғылбай ауылдарына жұмыс сапарымен барып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді, елдің тыныс-тіршілігімен танысты. Ауылдарды аралап, әрбір елді мекеннің өзіне тән мәселесін тыңдады. Әйтсе де, әкім ат басын бұрған әр ауылда мәселелер қарастырылып, қажетті шаралар жоспарға алынған. Қай жерде болмасын қызу еңбек қайнап жатыр.
Алдымен аудан орталығында «Ауған жауын-герлері» стадионының қайта жөндеу барысымен танысты. Ауыл сыртындағы жазғы балажайда жүргізіліп жатқан жұмыстарды көріп қайтты. Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектеп басшылығы жобаның сызбасын көрсетіп, бүгінгі атқарылған шараларды баяндады. Асхат Сайдахметұлы балажай аумағындағы жұмыстарға жауапты мердігер ұйымның жұмысын үнемі бақылауда ұстауды міндеттеді. «Көкпекті жол-дары» ЖШС директоры Гүлназ Нұрғалиеваның қатысуымен балажай аумағындағы жолдардың жобасы сызылып, атқарылатын жұмыс көлемі бекітілді.
Үлкенбөкен тұрғындары аудан әкімі-нің есеп беру кездесулерінде екі жыл қатарынан клуб үйінің жоқтығын мәселе қылып көтерген еді. Биылғы жылы бұл күрделі мәселенің күрмеуі тарқап, қаңырап бос жатқан ғимаратта қалпына келтіру жұмыстары басталып та кетті. Ануарбек Данабеков бастаған ауыл ақсақалдары аудан басшысымен бірге құрылыс жұмыстарымен танысып, ойларын ортаға салды. Жөндеуден өткен ғимаратты халық игілігіне пайдалану мәселесі де талқыға түсті. «Үлкен-кіші деп қарамай әрбір ауылға көңіл бөлінеді. Бірінші кезекте ең маңызды мәселелерге басымдық береміз. Бірақ, әрбір тұрғын, осы ауылдың жастары ауылды көркейтуге үлес қосуы керек. Туған жерге деген сүйіспеншілік, жанашылырлық деген іспен көрінеді», - деді Асхат Сайдахметұлы.
Абаттандыру жұмыстарына білек сыбана кіріскен ауыл әкімдерінің бірі Ерлан Ниязбаевтың жұмысына оң баға берілді. Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округ әкімінің атқарып жатқан шаруасы көзге көрініп тұр. Аудан басшысы округтегі таза ауыз су тарту жұмыстарына көп көңіл бөліп, мердігер ұйымның уақытылы әрі сапалы жұмыс атқаруына үнемі бақылау жасап отыру қажеттігін айтты. Бұл жұмысқа қоғам белсенділері, ауыл ақсақалдары тартылуы керек.
Преображенка – Шұғылбай жолының 0-11 шақы-рымын жөндеп жатқан «ДСУ -14» серіктестігінің өкілі аудан басшысына қазіргі уақытта жасалған жұмыстарын көрсетті. Теректі ауылының әкімі Самат Құнафин әлеуметтік серіктестік аясында мердігер ұйымның ауылға көмек қолын созып, алдағы уақытта көше жолдарын қырып беруге уәде бергенін жеткізді.
Шұғылбай ауылына жаңадан сайланған жас әкім Аслан Таныспаевтың бірден іске кірісіп кеткені ауылдағы тазалық жұмыстарынан-ақ байқалып тұр. Қатты желдің салдарынан шатырын жел ұшырған тұрғын үй иелерінің мәселесі шұғыл шешімін тапқан.
- Ауыл тұрғындарының бірлік-берекесімен қаладан қажетті құрылыс материалдары жеткізілді. Ел болып барлық шығынды қалпына келтіреміз. Кәсіпкер азаматтардың көмегімен шағын футбол алаңының құрылысы да басталып кетті, - деп мәлімдеді ауыл әкімі.
Асхат Сайдахметұлы ауылдағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектеп төбесінде жүріп жатқан жұмыстармен танысты. Мектеп төбесінің жұмсақ жабуы жыртылып, ғимарат ішіне су аққан. Аудан басшысы білім ордасының төбесін бірден шатырлап жабу мәселесін қарастырып, шұғыл ұсыныс енгізуді тапсырды.
Аудан басшысының жұмыс сапары басқа елді мекендерде жалғасатын болады.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.