Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданы көптеген жылдар бойы спорттық жетістіктерімен танымал болып келеді. Осыған орай аудан спортына дамытуға қолдау,  спортшыларымыз үшін де зор демеу, серпіліс болсын деп дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мәселесі көтерілгеніне де біраз жыл өтті 

Ал бұл мәселе аудан басшысы лауазымына Асхат Смаилов келгеннен бастап шешімін тапты. Оның тікелей қатысуымен спорт кешені жобасына өзгерістер енгізілді. Ал ең бастысы - өткен жылдың тамыз айында басталған құрылыс үшін қаражат қарастырылды.
Құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың күзінде аяқтау жоспарлануда. Біз салынып жатқан нысанды аралап, осындай қысқа мерзімде құрылыстың аяқталу перспективаларын бағаладық.
Жобаның тапсырыс берушісі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, әзірлеушісі – "Градопроект" ЖШС болып табылады. Бас мердігер ретінде "DK Proekt" ЖШС әрекет етеді.


Нысанның құрылысына бюджеттен 674 млн теңге бөлініп, оның 403 млн теңгесі игерілді.
Қазіргі уақытта ФОК салу жұмыстарына 10 адам жұмылдырылып, тағы 20 маман тартылу жоспарлануда. Аумақта 3 бірлік арнайы техника жұмыс істейді, оның саны жұмыс өнімдігілін арттыруға байланысты 10-ға дейін ұлғайтылады.
Құрылыс учаскесінің бастығы Әлібек Оразғұловтың айтуынша, қарамағындағы адамдар қазір жалпы құрылыс жұмыстарымен және аумақты абаттандырумен айналысады. Жақында грейдер көмегімен аумақты жоспарлау басталады, одан кейін бордюрлер, қырғыштар мен брусчаткалар төселеді. Сондай-ақ, жақын арадағы міндеттер қатарында сыртқы жарықтандыру жұмыстары бекітілген.
Естеріңізге сала кетейік, дене шынықтыру-сауықтыру кешені спорттың бірнеше түрі үшін қарастырылған: баскетбол, волейбол, мини-футбол, теннис, бадминтон, бокс, күрес. Залдар оқу-жаттығу сабақтарымен қатар, спорттық жарыстар өткізуге арналып жабдықталған.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз