Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

15 сәуірден бастап Көкпектіде шектеу шаралары енгізіледі. Президент жариялаған төтенше жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабтың барлық аудан орталықтарында төтенше жағдай аяқталғанша шектеу шараларын енгізу туралы шемімі негізінде қабылданды. Басты мақсат – ауданда қауіпті індеттің таралуына жол бермеу, сақтық шараларын күшейту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Шектеу шаралары кезіндегі барлық іс-қимылды реттейтін құжат ретінде ауданның бас санитарлық дәрігерінің Қаулысы қабылданды. Қаулының толық нұсқасы аудандық газеттің алдағы санында жарық көреді.
14 сәуір күні аудан әкімі Асхат Смаилов шектеу шараларын енгізу туралы жедел штаб отырысын өткізді. Аудан орталығының кіру және шығу жолдарына 3 блок постар қойылады. Шығу мен кіруге тек қана арнайы рұқсат қағазы болған жағдайда ғана болады. Блок постардың негізгі міндеті жүріп-тұруды шектеу.
Ауыл көшелерінде де автокөлік қозғалысына шектеу қойылып, түнде мүлдем тыйым салынады. Сенбі-жексенбі күндері қозғалыс толық тоқтатылады. Тек қызметтік көліктер ғана кедергісіз қозғала алады.
Жұмыс істейтін тұлғаларға бөлек рұқсат құжаттары ұсынылатын болады. Бұл бойынша жұмыс жүргізілуде, қосымша ақпарат ұсынылатын болады.
Мал ұстайтын тұрғындардың жүріп-тұру ережесі де назардан тыс қалмады. Қорадағы малды таңғы сағат 5-00-ден сағат 9-00-ге дейін табынға қосуға және сағат 18-00-ден сағат 21-00-ге дейін табыннан күтіп алуға рұқсат етіледі.
13 сәуір күні волентерлардан жасақталған 40 топ арнайы рұқсат қағазын таратуды бастады. 1 отбасына 1 данадан берілетін рұқсат қағазы 2 түсті - ақ және жасыл. Ақ түс – тақ күндері, жасыл түс – жұп күндері жүруге мүмкіндік береді. Руқсат қағазы дүкен, банк және дәріханаға баруға арналған. Алайда рұқсат қағазы жеке куәлік болған жағдайда ғана жарамды.
15 сәуір түнгі 00.00-ден бастап күшіне енетін шектеу шараларына дайындыққа барлық штаб мүшелері жұмылдырылды. Әрине, шұғыл қабылданған маңызды шешімге қатысты тұрғындар тарапынан қойлатын сұрақтардың көп болатыны сөзсіз.
Барлық сұрақтарға жауап беретін арнайы call центр 14 сәуірде жұмысын бастады. Call центрдың номерлері: 2-12-95, 8 777 182 32 01, 8 747 135 66 27.
Көтерме сауда дүкендері мен азық-түлік дүкендері, дәріханалар қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.
Құрметті жерлестер! Шектеу шараларын енгізу бірінші кезекте Сіздердің денсаулықтарыңызды қорғауға, аудандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан да, тәртіпке бағынып, енгізілген шараларға түсінікпен қарауға шақырамыз. #Бізбіргеміз
 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз