Барлық континентте, әсіресе Қытайда тарап жатқан вирусты уханьдық немесе жаңа коронавирус (2019-nCoV) деп атайды. Ол алғаш Хубей провинциясындағы Ухань қаласында тіркелді және коронавирустың жаңа түрі екені анықталды. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша, АҚШ-тағы алғашқы 5 жағдай Уханьнан келген туристерде тіркелген.
Ағымдағы жылдың 13 наурызында Қазақстан коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайлары туралы мәлімдеді.
16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай әрекет етеді. Оның қолданылуы кезеңінде бірқатар шаралар мен уақытша шектеулер енгізілді: қоғамдық тәртіпті қорғау күшейтілді, ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуі шектелді; сауда ойын-сауық орталықтарының және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі тоқтатылды; ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды; Қазақстан Республикасының аумағына кіруге, сондай-ақ оның аумағынан көліктің барлық түрлерімен шығуға шектеу қойылды.
19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойын-ша адамдардың келуі мен кетуін шектеуді қоса алғанда, карантин енгізілді. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа қаланың ірі сауда нысандары жабылды. 27 наурызға дейін республикада қауіпті дертті жұқтырғандар саны 100-ден асты. Коронавирусты жұқтырған 2 науқастың сауығуы жақсы жаңалық болғанымен, өкінішке орай, дерт салдарынан 1 қазақстандықтың қаза табуы қабырғамызды қайыстырды.
Біздің ауданда коронавирусқа қарсы әрекет жөніндегі жедел штабтың белсенді жұмысы жалғасуда. Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Мерей Смағұлов қызметтің басым бағыттары туралы айтып берді. Әр округте санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қадағалайтын жауапты тұлғалар тағайындалды. Біздің ауданда дезинфекциялық іс-шаралармен ККиБТУ Көкпекті аудандық басқармасы, ҚР ДСМ ККБТУ "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалы, "Настенька" ЖШС, "Ерке-Мақпал" ЖШС айналысады. Ауданда бетперделердің тапшылығы мәселесі жергілікті тігіншілермен келісімшарт арқылы шешілетін болды. Сонымен қатар, жергілікті, аудандық және қалааралық тасымалдаумен айналысатын таксистерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оларға автокөліктерді санитарлық өңдеу және гигиена ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.
#ҮЙДЕНШЫҚПА!!!
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.