Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қытай елінен шыққан жұқпалы коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімі Даниал Ахметовтың бұйрығы негізінде облыстық жедел штаб, сонымен қатар, ШЖҚ КМК «Көкпекті орталық аудандық ауруханасы» бойынша жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында аймақтық штаб құрылды.
Вирусты аурулар туралы шұғыл ақпарат алу үшін республика бойынша 1406 номеріне хабарласуға болады. Жұқпалы аурулар бөлімшесі боксталған палаталар, залалсыздандырушы құрылғы, аса қауіпті ауру байқалған жағдайда орналастырылатын палата, қорғаныс костюмдері, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер, бетперделермен қамтамасыз етілген. Қорғаныс комбинезонына, респираторға қосымша тағы да тапсырыс берілді. Медицина қызметкерлермен оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. 29.01.2020 жылдан бастап саламатты өмір салтын қорғау дәрігері - О.В.Дериглазова Көкпекті ауданының мекемелеріне барып коронавирустың алдын алу, жұғу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп бастады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасымен Қытай мемлекетінен келген тұлғалардың хал-жағдайын бақылау, аталмыш дерт таралуының алдын алу мақсатында жауапты маман тағайындалды, госпитальды эпидемиолог Е.И.Сорокина Қытай мемлекетінен келген адамдармен күнделікті байланыста.

 

Коронавирус алғаш рет 1965 жылы анықталған, бұрынғы анықталған түрлері аң-құс, жан-жануарлар арасында кездескен болса, қазіргі таңда анықталған түрінің қауіптілігі - адамнан адамға жұғуы.
Алғашқы белгілері: ауру кенеттен басталады, дене қызуы көтеріледі. Тамағы қабынып, жұтынғанда ауырсыну белгісі, түшкіру, жөтел көрініс береді. Иммунитеті төмен науқастар арасында ентігу, демалудың қиындауы байқалуы мүмкін.
Жұғу жолдары: науқаспен қатынас кезінде, ауа арқылы, науқастың сілекейі мен көзінен аққан жастан жұғу қаупі бар. Вирус науқастың үлкен дәреті мен зәрінде де сақталуы мүмкін. Инкубациялық кезеңі: 2-7 тәулік пен 14 тәулік аралығы.
Сақтану жолдары: қолды жиі жуу, тазалық шараларын сақтау. Бетперде кию, ет тағамдарын ұзақ уақыт қайнатып пісіру.

А.Рахимбаева, бас дәрігер

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз