Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы Сабильяновтың сайлаушылармен кездесулері өтті. Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы кездесуге келген сайлаушыларға Парламент Мәжілісінің заң шығарудағы қызметі туралы айта келіп, "Педагог мәртебесі туралы" Заңының ерекшеліктері, "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасының және «Ел үміті» жобасының мүмкіндіктері туралы түсіндіріп, тұрғындармен емен-жарқын тікелей сұхбат құрды.

Халық қалаулысының бірінші кездесуі Үлкенбөкен ауылында өтті. Үлкенбөкен ауылы ауданымыздағы тұрғындар көп шоғырланған, елуден аса шаруақожалықтары бар бақуатты да бай мекен екені белгілі. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы Сабильяновтың сайлаушылармен кездесуін аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов кіріспе сөзбен ашып, кездесудің бағыт-бағдарын нақтылап өтті. Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы кездесуге келген ауыл тұрғындарына Парламент мәжілісінің өткен сессиясында атқарылған жұмыстары туралы әңгімеледі. Нұртай Салихұлы 2020 жылы Үлкенбөкен ауылында жүргізіліп жатқан су құбыры құрылысының сапалы аяқталуына әрбір тұрғынның атсалысуы маңызды екеніне назар аудартты. Сонымен қатар соңғы екі жылда ауданның атқарушы билігі мен мәслихатының тізе қосып атқарып жатқан қызметтеріне оң баға берді.
Кездесу барысында Үлкенбөкен ауылы ақсал-дары алқасының төрағасы Әнуарбек Ахатов Нұртай Салихұлына ауылдарына келгеніне алғысын айта қоштап, ауылға тартылып жатқан ауыз су мен басқа әлеуметтік салалар бойынша жасалып жатқан оң өзгерістерге ризашылығын білдірді. Ауылдық округ әкімі Н.Назарханов округ территориясындағы жер мәселесін сөз етіп, болашақта жасақталатын ауыл бюджетін толықтыру мәселелеріне тоқталды.
6 қаңтар күні Парламент Мәжілісі депутатымен кездесулер Көкпекті, Үлгілімалшы, Көкжайық, Тассай ауылдарында жалғасты. Көкпекті ауылында Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы Сабильянов аудан активімен кездесу өткізді. Нұртай Салихұлымен кездесуге ардагерлер, сала мамандары, мәслихат депутаттары, мекеме және ұйым қызметкерлері қатысты. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы кездесу барысында Мәжілісте қаралып жатқан Заң жобалары туралы түсінік берді. Өңірлерлі дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар, олардың мүмкіндігін пайдалану жолдарына көңіл аударды.
Депутат назарынан ауылшаруашылығының қарышты дамуы да тыс қалмады. Халық қалаулысы Көкжайық ауылында орналасқан «Елім-ай - Көкпекті» агрокешені жұмысымен танысты. Нұртай Салихұлымен бірге аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов шаруашылықтың мал азығын дайындайтын цехында болды. Шаруашылық басшысы Түсіпбай Бекбердиновтың айтуынша бұл жаңа кешен мал азығын дайын-дайтын облыстағы ең жаңа технологиямен жұмыс істейді екен. Сағатына 5 тонна жем коспасын дайындайтын цех тәулігіне 100 тонна өнім шығарады екен. Айналасы ат шаптырым дейтін баяғының қорасы емес, аумағын жол таңдамайтын Джиппен аралайтын бас аяғы ондаған километр заманауи мал кешені екен. Әр қотанға қамалған малдың саны, күйі компьтерге енгізілген. Аналық бас бөлек, тайыншалар мен құнажындар, баспақтар мен бұқалар рет-ретімен сұрыпталған. Ақбастары жалтырыған тоқал қасқа сиырлардың қызыл жондары атластай құлпырып торғай ұшса үркіп тұр. Төлежіп тұрған мама сиырлар маң-маң басып әукесін кере күйсейді, жалаймын десе тұзы алдында, ішемін дегенінің танауы баса суы да ағып тұр.
Сонау алыстағы дархан далалы Дакотадан келген ангустың мақпалдай қара дөнежіндері бұзаулап жатқан көрінеді. Аязды қыста туған бұзаулар суыққа төзімді. Кешкісін тоңазыса мал қорасының аласа есігінен ене сүтіне тойып алып, жатар орнына зып береді екен. Мал басын өз төлінен өсіріп, енді аздаған уақытта толық қуатымен жұмыс істеуге көшуге дайын тұрған «Елім-ай - Көкпекті» агрокешенінің жұмысымен танысқан Нұртай Салихұлы отандық өндірушілердің тұшымды тірлігіне, жасампаз еңбектеріне жоғарғы баға берді.
Көкпекті ауданын экономикалық әлеуеті зор, даму көкжиегі кең деп бағалаған мәжіліс депутаты болашақта ауданда іске асырылуы тиіс істердің халықтың жағдайын жақсатуға бағытталатынын атап өтті. Нұртай Салихұлы: "Ең бастысы - халыққа ауылда өмір сүруді жеңілдетін жағдай туғызу керек. Ауылға келетін жол заман талабына сай болса, демалып бос уақытын пайдалы өткізетін мәдени-спорттық ошақтар болса, ауыз суы үйіне дейін келіп тұрса ауылдан кім көшеді?


Ауылды қаладағыдай жетістікке жеткізу бұл біздің міндетіміз", - деп түйіндеді.
Кездесу барысында аудан орталығы тұрғындары да өз ойын білдіріп, толған-дырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік ал-ды. «Әр адам өз ойын айтуға құқылы. Оны тыңдау біздің парызымыз», - деген Мәжіліс депутаты сайлаушыларды ашық пікір алмасуға шақырды. Тұрғындар тарапынан құқық қорғау органдарында еңбек өтілінің өлшену мерзімі, тыңдай білетін үкімет концепциясының жүзеге асырылуы тұрғысында мәселелер көтерілді. Самар ауылы қоғамдық кеңес мүшелері атынан ауданымыздың құрметті азаматты, ардагер Баянды Какенұлы Қожамбетов ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламаларының толықтай қаржыландыруы мен сапалы іске асырылуына Мәжіліс депутаты өз тарапынан ықпал етуін сұрады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында суармалы жерлердің мүмкіндігін пайдалану, Самар ауылындағы су құбырлары құрылысын уақытылы аяқ-тау, бос жатқан тұрғын үйлерді қалпына келтіру мәселесін Заңнамалық тұрғыда бекіту туралы сұрақтары қойылды. Нұртай Салихұлы сұрақтарға жауап беру барысында елімізде құрылған Президент жанындағы Қоғамдық Сенім ұлттық кеңесі жұмысының маңыздылығына ерекше назар аудартты. Барлық сұрақтар мен өтініштерге іс жүзіндегі Заңнама аясында жауаптар берілді. Кейбір мәселелерді уақыт қажет ететіндіктен бақылауға алды. Ауданымыздың танымал азаматтары Самархан Жотабаев, Александр Федосов, Ержан Дюсупов, Сайдрахим Файзуллин мәжіліс депутатына арыз-өтініштерін жеткізді.
Жергілікті жазушы Ратбек Ариновтың қозғаған сұрақтары елімізде наразылық митингтерінің жиілеп кетуі, Қазақстанға көшіп келген қандастарымызға жасалатын жағдай, қазіргі таңда ғаламторда айтылып жатқан шетелде жайылып кеткен белгісіз дерт туралы болды. Нұртай Салихұлы митингілер туралы нақты жауап берді. «Бүгінгі күні адамдардың санасына егер митингке шықсам маған бар жағдайды жасайды» деген ұғым туған. Бірақ барлық наразылықтар мен түсініспеушіліктер іс жүзіндегі Заң аясында шешілуі керек» деп түйіндеді. Елге оралған қандас-тарымыздың жағдайына келетін болсақ Заң аясында, талапқа сай барлық жағ-дайлар жасалады. Ал ақсақалдың үшінші сауалы төңірегінде депутат жауабы қыс-қа да нұсқа болды. Сауал Денсаулық Министріне жолданатынын жеткізді.
Нұртай Салихұлы сайлаушылармен кез-десуі Үлгілімалшы ауылында өз жалғасын тапты. Өңірлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, өңірлердегі халықпен тығыз байланыста жұмыс істеу, оның ішінде кадр мәселесі, "Дипломмен ауылға" жобасы, IV деңгейлі бюджет ерекшеліктері, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы, салық заңдылықтарындағы өзгерістер туралы мәселелерді көтерді. Тұрғындардың негізгі көтерген сұрақтары "Мұғалім мәртебесі" туралы Заңның қабылдануы, оларға берілген жеңілдіктер болды. Ауданда таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасы аяғындағы жоспарларға тоқталып, Мамай ауылына таза ауыз сумен қамту сұрағы негізгі мәселе болып талқыланды. Ауыл тұрғыны Шахан Тұрсынханов ауылдың мәдениет үйін жөндеу туралы көтерген мәселесіне аудан әкімі Асхат Смаилов жауап беріп, биылғы жылы Үлгілімалшы ауылының Мәдениет үйінің жөнделуіне қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары басталатынын көпшілікке жеткізді.
Көкжайық және Тассай ауылдарында өткен кездесулер екіжақты ашық пікіралмасуға ұласты. Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов соңғы уақытта Көкпекті ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға оңды бағасын беріп, өз тарапынан жерлестеріне әрдайым қолдау білдіретінін ашық айтты.
- Халыққа қызмет ету - біздің міндетіміз. Елдің арасында жүріп, халықтың мұң-мұқтажына құлақ түру, оны атқарушы билікке жеткізу негізгі басымдық. Сізден сұрайтыным ол әр ауылда жүзеге асырылып жатқан, болашақ жоспарда бар жобалардың сапалы атқарылуына атсалысу, - деді Нұртай Салихұлы.
Көкжайық ауылының байырғы тұрғыны Мұқан Қалиханов ақсақал барша халық-тың алғысын жеткізіп, жол мәселесін көтерді. Бұл мәселе бойынша Мәжіліс депутаты 2020 жылы Тассай ауылына апаратын тасжолдың жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қаражат бө-лінгенін жеткізді. Алдағы уақытта аудан басшылығымен бірлесіп, Үлкенбөкен - Көкжайық - Үлгілмалшы жолының жөн-деу жұмыстарына қаражат бөлу бойын-ша жұмыстар жүргізілетіні айтылды. Көпбалалы аналар жалдамалы тұрғын үйлерді жекешелендіру сұрағын қойды. Бұл сұраққа іс жүзіндегі Заңнама аясында заңдастыру жолдарын жан-жақты түсіндіріп берген халық қалаулысының жауабы көпшілікті сүйсіндірді.
Тассай ауылының мәдениет үйіне жиылған тұрғындар Мәжіліс депутатының әрбір сөзін қошеметпен қолдап, ақсақалдар ақ батасын берді. Елдің бірлігін бәрінен жоғары бағалайтын ынтымақты ауылдың қариялары Нұртай Салихұлының ауызсу тарту, жол жөндеу сынды көптеген іргелі істерге қашанда қолдаушы болып жүргеніне алғыстарын айтып, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Ел мен жердің мәселелерін ауыздарын тастамай көпшілікке жеткізіп жүретін қос қария Қуан Түсіпбеков пен Сайламхан Чалова халық қалаулысына бала жасынан мүгедектерге де баспана беруге жәрдем сұрап, сауалдарын жолдады.
Екі жақты сенімді серіктестікті басшы-лыққа алған депутат пен сайлаушылар арасындағы кездесулер халық пен заң шығарушы билік арасын жақындатқан мағыналы іс-шара болды. Екі күнге ұласқан келелі кездесулер халықтың көңілінен шыққаны кездесуге келген тұрғындардың жайдарлы жүздері мен ыстық ықыластарынан анық көрініп тұрды.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз