Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2019 жылы Көкпекті ауданы әкімдігінің жұмысы экономикалық даму қарқынын қамтамасыз етуге, сондай-ақ орнықты әлеуметтік кепілді құруға бағытталды. Өткен жылда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің оңды серпіні байқалады.

 

Аудан кірістері

Материалдық өндіріс саласын дамыту бюджетке тұрақты салықтық және басқа да міндеттемелер түсімдерін қамтамасыз етеді, оның қаржылық базасын нығайтады. 2020 жылдың 1 қаңтары жағдайына аудан бюджетінің кіріс бөлігі жоспардан 100,2% орындалып, 9329,9 млн. теңге түсім түсті, былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы өсу қарқыны 143,6%. Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 98,7 пайыз орындалды.

2020 жылдың 1 қаңтары жағдайына ауданның меншікті кірістері бойынша жоспар 101,4% орындалды, былтырғы жылдың ұқсас кезеңінен 116,1% өсу қарқынымен 1181,3 млн. теңге түсім түсті.

Аудан бюджеті әлеуметтік бағыттылыққа ие. Бюджеттің негізгі үлесі білім беру саласына – 41,1%, әлеуметтік қорғау саласына – 8,4%, мәдениет саласына – 2,4% бағытталған.

 

Өнеркәсіп

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайына ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындары өндірген тауарлық өнімінің көлемі 3570,0 млн. теңгені құрады немесе өсу қарқыны 2018 жылдың ұқсас деңгейіне 100,4%, нақты көлем индексі 143,3% құрады.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымындағы ең үлкен үлесті өңдеу өнеркәсібі алады - 49,6%, тау-кен өндірісінің үлесі - 43,9%, электр қуатын, газды және суды өндіру және бөлу - 5,1%, суды жинау, өңдеу және бөлу - 1,4%.

Аудан аумағында тау-кен өндірісінде металл кенін өндірумен (ильменит концентраты өндірісі) айналысатын «Сәтпаев тау-кен байыту кәсіпорны» ЖШС-і бар.

Өңдеу өнеркәсібін балықты өңдеумен және сақтаумен (филе, сүйек ұны) айналысатын «Рыбпром» ЖШС ұсынады. 2019 жылы өнім 897,0 млн. теңгені құрады немесе 2018 жылға 88,1%.

 

Ауыл шаруашылығы

2019 жылдың 1 желтоқсанына ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі салыстырмалы бағаларда - 34443,0 млн. теңгені немесе өсу қарқыны 119,7 % құрады. Жалпы көлемдегі мал шаруашылығы өнімінің үлесі - 52,7 %, өсімдік шаруашылығы - 47,3% құрайды.

 

2019 жылы мал шаруашылығында 11256,3 тонна ет, 63883,2 тонна сүт, 10841,0 мың дана жұмыртқа өнімі өндірілді.

2019 жылдың 1 желтоқсандағы жағдайына аудан бойынша барлығы 80891 бас ірі қара мал басы, 103 219 бас қой мен ешкі, 19051 бас жылқы, 1174 бас шошқа, 76081 бас құс саны бар.

16 асыл тұқымды шаруашылық тіркелген, оның ішінде етті мал шаруашылығында – 13, сүт шаруашылығында – 1, жылқы шаруашылығында – 1, марал шаруашылығында – 1 шаруашылық. Асыл тұқымды малдың үлес салмағы: ірі қара мал – 13,9 %, жылқы – 5,5 %, марал - 100 % құрайды.

Өсімдік шаруашылығында 2019 жылы Көкпекті ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының құрылымы – 163,2 мың.га, ол 2018 жылғы көрсеткіштің 9,8 мың гектарға жоғары немесе өсу қарқыны 106,3 % құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар 2018 жылмен салыстырғанда 7,2 мың гектарға ұлғайды.

Аудан бойынша 16,2 мың гектар суармалы жерлер бар, оның 14,8 мың гектары (91,1 %) шаруашылық құрылымдарына бекітілген, оның ішінде 5,3 мың га (33%) пайдалануда.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде су торабына қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде (Көкпекті өзенінде «Ворошиловский» МК, Кіші Бөкен өзенінде «Кіші Бөкен» МК, Үлкен Бөкен өзенінде «АқТоған» МК). Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Қаратоған» МК қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жос-парлануда. Қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін суармалы жерлер 9,3 мың га жеткізілетін болады.

Машина-трактор паркін жаңарту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 2019 жылы аудан тұрғындарымен барлығы 625,0 млн.теңгеге 61 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. (2018 жылы 470,0 млн.теңгеге 47 техника сатып алынды).

Мемлекет ауыл шаруашылығының дамуына субсидия беру арқылы үлкен көмек көрсетеді. 2019 жылы 609,9 млн. теңге субсидия төленді, оның ішінде мал шаруашылығы саласында 342,6 млн. теңге және өсімдік шаруашылығы саласында 267,3 млн. теңге.

 

Жер қатынастары

Аудан аумағы әкімшілік шекарасында 1457,5 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 755,4 мың га, елді мекен жерлері – 172,5 мың га, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жерлер – 3,1 мың га, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері – 13,9 мың га, орман қорының жерлері – 72,8 мың га, су қорының – 109,1 мың га және босалқы жерлер 330,4 мың га.

2018 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 21,0 мың га артты, бұның себебі, босалқы жерлер есебінен қосымша шаруа қожалықтарының, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтердің жер учаскелерін кеңейту мен нығайту мақсатында берілді

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер құрамында ауыл шаруашылығы алқаптары – 755,4 мың га, оның ішінде егістік – 205,2 мың га, тыңайған жерлер 0,6 мың га, шабындық – 52,9 мың га, жайылым – 482,7 мың. га алады.

 

Ветеринария

Ауданда, ветеринария саласындағы негізгі мәселе болып ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллез ауруы болып тұр. 2019 жылы бруцеллезге тексерілген 106 349 ірі қара малдың, 2 835 басы ауру болып анықталған, аурушаңдығы – 2,6 пайыз. 2018 жылмен салыстырғанда бруцеллезбен ауырған мал саны 1 831 басқа, аурушаңдық – 1,7 пайызға көбейген. Негізінен ауру малдар Тассай, Көкжайық, Үлкенбөкен, Теректі, Шұғылбай, Палатцы, Қ.Аухадиев, Аққала ауылдық округтарында көптен шығуда. Сондай-ақ, 105 907 бас мүйізді ұсақ мал тексеріліп, оның 76 басы ауру болып анықталды, аурушаңдығы – 0,06 пайыз. 2018 жылмен салыстырғанда бруцеллезбен ауырған малдар саны 21 басқа азайып отыр.

Бруцеллез ауруын алдын-алу шара-ларының бірі болып, ауруға қарсы екпе жұмыстарын жүргізу болып табылады. 2019 жылы бруцеллезге қарсы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары және жеке қосалқы шаруашылықтармен 25 000 бас мүйізді ірі қара егілді.

Аудан бойынша 85 777 шаршы метр алқапты қамтитын 206 жеке қораларға міндетті залалсыздандыру және 12 300 шаршы метр алқапты қамтитын 13 мал қоражайларын алдын ала залалсыздандыру шаралар жүргізілді.

Бруцеллез ауруының негізгі тасымалдаушылары - иттер. 2019 жылы аудандық бюджеттен қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға 3 150,0 мың теңге бөлінген, аудан бойынша барлығы 1004 ит пен мысықтар ауланды, оларды аулауға 17 ауылдық округтерге бір биологиялық мылтық алынды.

Негізгі капиталға инвестиция

2019 жылдың 1 желтоқсан жағдайына аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция-лар көлемі 5 513,4 млн. теңгені құрады. Өсу қарқыны 123,1 пайыз.

Қаржыландыру көздеріне жасалған талдау нәтиже-сінде негізгі капиталға салынған инвестициялық түсімдердің біршама үлесі кәсіпорындардың меншікті қаражаттарына тиесілі және 3725,2 млн. теңгені (67,6%), республикалық бюджет есебінен инвестиция көлемі 1221,1 млн. теңге (22,1%), жергілікті бюджет есебінен инвестиция көлемі – 232,0 млн. теңге (4,2%), қарыз қаражаттар 334,9 млн. теңге (6,1%) құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар шығындар түрлері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына –3180,7 млн. теңге (57,7%), машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал саймандар сатып алуға –2034,4 млн.теңге (36,9%), материалдық негізгі капиталға – 6,8 млн. теңге (0,1%), пайдалы қазбалар қорларын барлау және бағалауға – 266,6 млн. теңге (4,8%), материалдық емес негізгі капиталға – 24,9 млн. теңге (0,5 %) бағытталған.

Шағын және орта бизнесті дамыту

Шағын бизнес экономиканың жетекші салаларының біріне айналуда, онда 4, 3 мың адам жұмыс істейтін шамамен 2013 шағын және орта бизнес тіркелген. Оның ішінде: заңды тұлғалар - 166 бірл. (8,2%), жеке кәсіпкерлер - 905 бірл. (45,0%), шаруа қожалықтары - 942 бірл. (46,8%).

Бүгінгі таңда аудан тұрғындарына 465 шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет көрсетеді. Бұл тамақтану орындары, наубайханалар, дәріханалар, жанармай бекеттері, дүкендер, дүңгіршектер, сауда базарлары және басқалар. Өткен жылы бағаны тұрақтандыру үшін ауылдық округ әкімдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 10% үстемеақы белгілеу туралы 149 меморандумға қол қойды.

Жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында 2019 жылы «КТ Көкпекті-Несие» ЖШС 1110,8 млн. теңге көлемінде несие берді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының 1-бағыты аясында 3 жоба субсидияланды, 51,5 млн. теңге сомасында субсидия төленді, 1 жоба кепілдендірілді, 5,1 млн. теңге сомасында кепілдемелер төленді. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 294 адам немесе өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 135,5% (217 адам) кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 41 қатысушыға 123,5 млн. теңгенің шағын несиелері берілді, 4,6 млн. теңге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландырылды.

Демалыс күндері ауылшаруашылық өнімдерін сатуға арналған жәрмеңкелер өткізіледі. 2019 жылы 219,0 млн. теңге сомасында 30-дан астам жәрмеңке өткізілді, оның ішінде 3-і Өскемен, Алматы және Астана қалаларында жәрмеңкелерге қатысты.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 5697,2 млн. теңгені құрады, өсім қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,2%.

 

Туризм

Аудан аумағында келушілерді орналастырумен айналысатын 10 орын бар (5 демалыс орталығы, 1 пантаклиника, 4 қонақ үй).

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қызмет көрсетілген келушілер саны 9954 адамды құрады немесе 2018 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 100,6% (9895 адам).

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ұсынылған төсек саны 17 895 бірлікті құрады немесе 2018 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 101,2% (17681 адам).

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орналас-тыру қызметін ұсынушылармен жалпы көрсетілген қызметтер көлемі 62,3 млн. теңгені құрады немесе 2018 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 101,3% (61,5 млн. теңге).

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Жергілікті билік органдары жұмысының маңызды бағыты тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуі болып табылады. Бұл автомобиль жолдарын дамыту және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

Көкпекті ауданының автомобиль жолдарының ұзындығы 868,7 км құрайды. Оның ішінде:

Республикалық маңызы бар "Омск-Майқапшағай" жолы - 161 км.

Облыстық маңызы бар жолдар - 237 км.

Аудандық маңызы бар жолдар - 470,7 км.

Соның ішінде жағдай бойынша:

- жақсы - 53 км (11,26%);

- қанағатанарлық - 274,6 км (58,34%);

- қанағатанарлық емес – 143,1 км (30,40%).

2019 жылы "Тассай ауылына кіреберіс" автомобиль жолындағы көпірлер мен құбырларға 53,0 млн теңге сомасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауылды одан әрі тұрақты дамыту үшін, «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасының аясында ауыл тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ету үшін қалыпты жағдай жасау мақсатында 2019 жылы Көкпекті ауылында жалпы ұзындығы 7,6 км (Көшімбаев көшесі, Би Боранбай көшесі, Байтұрсынов көшесі, Константинов көшесі, Шайжүнісов көшесі, Бакин көшесі, Жұмабаев көшесі, Раев көшесі, Әуезов көшесі, Төлебаев көшесі) көшелерге 163,3 млн теңге сомасына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын арттыру мақсатында «Тассай ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу» жобасы Қазақстан Рес-публикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары көмитетінен 531,6 млн теңгеге салалық қорытынды алынып, бюджеттік өтінім тапсырылды. Аталған соммадан жөндеу жұмыстарға 2020 жылы 278,5 млн. теңге бөлінді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары кәсіпорындарынан салалық қорытынды алынды және келесі жобалар бойынша бюджеттік өтінімдер ұсынылды:

1). "Преображенка-Шұғылбай" автомобиль жолын орташа жөндеу 0+00-11+00 км, сметалық құны-334,8 млн. теңге:

2)."Преображенка-Шұғылбай" автомобиль жолын орташа жөндеу 11+00-26+00 км, сметалық құны-445,2 млн. теңге:

3) "Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы" автомобиль жолын орташа жөндеу 0+00-14+00 км, сметалық құны-381,8 млн. теңге

4)"Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы" автомобиль жолын орташа жөндеу 28+00-43+00 км, сметалық құны-455,8 млн. теңге

5)."Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы" автомобиль жолын орташа жөндеу 43+00-54+00 сметалық құны 333,5 млн. теңге.

 

Сумен қамтамасыз ету және су бұру

Көкпекті ауданының аумағында тұрғындар-дың жалпы саны 01.01.2020 жылға – 27698 адамды құрайтын 50 елді мекен бар. Аудан тұрғындарының орталықтандырылған сумен (қауіпсіз ауыз сумен) қамтамасыз етілуі – 62,5% (17 314 адам), орталықтандырылмаған – 37,5% (10384 адам) құрайды. Ауданда 50 елді мекеннің 26-і орталықтандырылған және жергілікті су құбырларынан суды пайдаланады (52,0%).

Ауданда жалпы ұзындығы 131,46 км су құбыры желілері бар, олар "Көкпекті" және "Самар" ШЖҚ КМК пайдаланушы ұйымының теңгерімінде. Бұл кәсіпорындармен Көкпекті ауылында 21,6 шақырым су құбыры желілеріне, Тассай ауылында 13,0 шақырым, Теректі ауылында 12,56 шақырым, Самар ауылында 44,0 шақырым, Бастаушы ауылында 16,92 шақырым, Сарыбел ауылында 16,5 шақырым және Палатцы ауылында 6,0 шақырым су құбыры желілеріне қызмет көрсетіледі. Көкпекті ауылындағы кәріз желілерінің ұзындығы 12,0 шақырым, Самар ауылында 16,0 шақырым.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2019 жылғы 28 мамырдағы кеңесте берілген облыстың елді мекендерін сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында Көкпекті ауданының 12 елді мекенінде (Шұбарқайың ауылы (195 адам), Толағай ауылы (139 адам), Жансары ауылы (121 адам), Қараөткел ауылы (119 адам), Новостройка ауылы (116 адам), Егінбұлақ ауылы (57 адам), Подгорное ауылы (234 адам), Черноярка ауылы (86 адам), Мелитополь ауылы (81 адам), Қарағандыкөл ауылы (75 адам), Сүлеймен ауылы (103 адам), Ақсу ауылы (62 адам) блоктік-модульдік станцияларды орнату жұмыстары жүргізілді.

 

Құрылыс

Ауданда "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" сәтті жүзеге асырылуда.

2018 жылдан бастап Көкпекті және Самар ауылдарында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылы келесі сумен жабдықтау нысандарының құрылысы басталды:

1). "Үлкенбөкен ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы" келісім шарт сомасы 884,2 мың теңге. 2019 жылға-206 млн. теңге бөлініп, игерілді. Өтпелі нысан;

2)."Аққала ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы" келісім шарт сомасы 621,2 млн.теңге. 2019 жылға 105 млн.теңге бөлінді және игерілді. Өтпелі нысан;

3). "Құлынжон ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы" келісім шарт сомасы 662,3 млн.теңге. 2019 жылға 105 млн.теңге бөлінді және игерілді. Өтпелі нысан;

4)."Көкжыра ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы" келісім шарт сомасы 484,6 млн.теңге. 2019 жылға - 100 млн.теңге бөлінді және игерілді. Өтпелі нысан;

5) "Көкжайық ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы" келісім шарт сомасы 1128,4 млн.теңге. 2019 жылға - 100 млн.теңге бөлінді және игерілді. Өтпелі нысан;

6). "Көкпекті ауылындағы су тарту құрылысын қайта құру" келісім шарт сомасы 202,3 млн.теңге. 2019 жылға 70 млн.теңге бөлінді және игерілді. Өтпелі нысан;

7). "Ажа ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы"  келісім шарт сомасы 63,1 млн. теңге. 2019 жылға 56,7 млн теңге бөлініп, игерілді. Нысан өтпелі.

2020 жылы келесі нысандар бойынша құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда:

1). "Преображенка ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы" келісім шарт сомасы 660,8 млн.теңге.

2). "Миролюбовка ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы" келісім шарт сомасы 811,9 млн.теңге.

3). "Мариногорка ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы" келісім шарт сомасы 604,6 млн.теңге.

4). "Үлгілімалшы ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы" келісім шарт сомасы 586,1 млн.теңге.

Сондай-ақ жобаларды іске асыру бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде:

1). "Көкжота ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы".

2). "Самар ауылындағы су тарту құрылысын қайта жаңарту".

2019 жылдың желтоқсан айының соңында келесі инвестициялық жобаларға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары аяқталды:

1) "ШҚО Көкпекті ауданы Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы".

2) "ШҚО Көкпекті ауданы Раздольное ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы".

3) "ШҚО Көкпекті ауданы Қаракөл ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы".

4) "ШҚО Көкпекті ауданы Қарамойыл ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы".

Бүгінгі күні Көкпекті ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі жоғарыда көрсетілген инвестициялық жобаларды іске асыруға бюджеттік өтінімдерді дайындауда. 2019 жылы жеке құрылыс салушылардың қаражаты есебінен 2018 жылға қарай 192% өсу қарқынымен 3696 м2 тұрғын үй пайдалануға берілді.

2019 жылы Тассай ауылында кәріз желілері мен тазарту имараттарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары аяқталды. 2020 жылға 200,0 млн. теңге бөлінді.

2019 жылы "Көкпекті ауылында көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін жиырма 2 пәтерлі жеке тұрғын үйдің құрылысы" жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары аяқталды. Бүгінгі күні Көкпекті ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі жоғарыда көрсетілген инвестициялық жобаны іске асыруға бюджеттік өтінімдерді дайындауда.

2019 жылы "Көкпекті ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы" нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. 2019 жылы 403,8 млн.теңге бөлініп, игерілді. Нысан өтпелі.

 

Абаттандыру

Жыл сайын ауданда абаттандыру бойынша айлықтар өткізіледі. Әзірленген іс-шараларға сәйкес әр ауылдық округте үлкен ұйымдастырушылық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауылдың тазалығы мен абаттандырылуы әр ауланың тазалығы мен абаттандыруынан басталады.

2019 жылы аудандық орталық пен ауылдық округтерді абаттандыруға облыстық бюджеттен 157,6 млн. теңге бөлінді. Аудандық бюджеттен 116,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Абаттандыру бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

1. Самар ауылындағы мәдениет үйінің алдындағы саябақты абаттандыру бойынша жалпы сомасы 76,6 млн.теңгеге жұмыстар жүргізілді. оның ішінде облыстық бюджеттен 27,6 млн.теңге, аудандық бюджеттен 49,0 млн. теңге бөлінді.

2. Көкпекті ауылының Горная көшесіндегі саябақты абаттандыру жалпы сомасы 11,0 млн.теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 10,0 млн. теңге, аудандық бюджеттен 1,0 млн. теңге.

3. "Преображенка ауылында фонтанды орнату және абаттандыру" жобасы іске асырылды, жалпы сомасы 10,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.

4. Көкпекті ауылының Заречный паркін абаттандыру бойынша 58,0 млн. теңге сомасына, сондай-ақ мәдениет үйінің алдындағы алаңды абаттандыру бойынша 40,0 млн. теңге сомасына жұмыстар жүргізілді.

 

Электрмен жабдықтау

Бизнесті қолдау мен дамытудың "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлік жобаларына өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу бойынша келесі жобалар іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде:

1. Жалпы сомасы 89,0 млн теңгеге "Қаракөл ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан "Батраков В. И." шаруа қожалығына электр қондырғыларын қосу" жобасы іске асырылды. Жұмыстар аяқталып, электр қондырғылары іске қосылды.

2. Жалпы сомасы 91,0 млн теңгеге "Елімай Көкпекті" агроөнеркәсіптік кешені жобасы бойынша трансформаторлық қосалқы станциялармен электр беру желілерінің құрылысы" жобасы іске асырылуда.

Энергиямен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы Тассай – Жаңа база учаскесі электр желілеріне (ВЛ-10 Кв – 6,67 км) жалпы сомасы 1,0 млн. теңгеге техникалық қызмет көрсету аясында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Ауданның коммуналдық қызметінің жұмысы

Ауданның коммуналдық қызметі "Көкпекті" және "Самар" коммуналдық кәсіпорындарымен ұсынылған. Кәсіпорындардың негізгі мақсаты ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын үздіксіз сумен және су бұрумен қамтамасыз ету, сондай-ақ аудан жолдарын ұстау болып табылады. Өз міндеттемелерін сапалы орындау үшін 2018-2019 жылдары аудандық бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 142,0 млн.теңгеге 12 бірлік техника сатып алынды. Оның ішінде 2019 жылы 46,0 млн.теңгеге "Самар" ШЖҚ КМК-ы үшін 2 бірлік техника (камаз, автотиегіш) сатып алынды.

2020 жылы "Самар" ШЖҚ КМК автогрейдер сатып алуға 33,0 млн теңге бөлінді.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Аудан бойынша 2020 жылдың 1 қаңтар айына тіркелген жұмыссыздар саны - 122 адамды құрайды 2018 жылмен салыстырғанда 3,2% азайды, 595 жұмыс орындары ашылды, 1465 адам жұмысқа орналастырылды.

Нәтижелі жұмыспен қам-туды және жаппай кәсіп-керлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмыссыздарды кәсіби оқыту мен қайта даярлауға 100 адам жіберілді. Бағ-дарламаның үшінші «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» бағытының 1-ші компоненті бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға 200 адам тартылды, 34 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, «Жас-тар іс тәжірибесіне» 23 адам жіберілді.

2020 жылдың 1 қаңтар айына жаңа форматты атаулы әлеуметтік көмек 668 отбасына (3137 алушыға) 404,3 млн. теңге тағайындалды. Тұрғын үй көмегі  47 отбасына 1,3 млн. теңге тағайындалды.

2019 жылдың басынан туберкулезбен ауыратын аз қамтылған 15 адамға барлығы 2,2 млн. теңгеге, аз қамтылған 52 отбасына 2,1 млн. теңгеге материалдық көмек жасалды.

2019 жылы мүгедектер үшін 15 объекті жартылай бейімдеуден (пандус орнату) өткізілді. 13 адам мүгедектік арбамен, 37 адам тифло-сурдотехникалық құралдармен, 106 адам гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. 18 адам «Бурабай», «Спутник», «Қарағайлы» шипажайларында, 20 мүгедек «Грехово» оңалту орталығында, 80 зейнеткер «Уба» - «Усть-Таловка» шипажайларында  емделіп келді.

Еңбекке қабілетті 37 мүгедек жұмыспен қамтылды, 17 мүгедек ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Жалғызбасты 9 адамның құжаттары ресімделіп, Самардағы Қарттар үйіне орналастырылды.

«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» 215 жалғызбасты және мүгедектерге қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, 143 жалғызбасты қарттарға, 58 мүмкіншілігі шектеулі балаға, сондай-ақ 14 мүгедек балаға жартылай күндізгі  бөлімшеде қызмет көрсетіледі.

Аудан бойынша барлығы 5 Ұлы Отан соғысының ардагері бар, ауған соғысына қатысушылар саны - 31, Чернобыль апатына қатысушылар саны - 13 адам. Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай 5 Ұлы Отан соғысының ардагеріне облыстық бюджет қаржысынан 542,0 мыңнан материалдық көмек берілді.

Мерекелік іс-шараларға байланысты аудандық бюджет қаржысынан Ауған соғысына және Чернобыль апатына қатысушыларға 88,0 мыңнан барлығы 3,9 млн. теңгеге біржолғы материалдық көмек берілді. 8 наурыз және 1 маусым балалар күні мерекесіне орай «Алтын-алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, 4 және одан да көп баласы бар барлық 980 аналарға облыстық бюджеттен 12,5 мың теңгеден барлығы 12,2 млн.  теңгенің көмегі көрсетілді.

Облыс әкімінің гранты бойынша дәрігер мамандығына 1 бала оқытылуда. 

 

Мамандарды әлеуметтік қолдау бойынша шараларды іске асыру

«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру шеңберінде 2019 жылы әлеуметтік саласындағы 30 маманға жалпы 7,2 млн. теңге сомасында көтерме ақы және 26 маманға тұрғын үй сатып алуға 74,0 млн. теңге сомасында несие берілді, бұл мамандарды ауылдық елді мекендерде орнықтыруға мүмкіндік берді, соның ішінде білім саласында 18 маман, денсаулық сақтау саласында 5 маман, спорт 1 маман, агроөнеркәсіп кешені саласында 1 маман.

 

Білім беру

Ауданда білімге ерекше назар аударылады. 2019 жылы 2016-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілді.

2019 жылы білім беру саласына 3 623,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл ауданның білім беру саласының материалдық техникалық базасын нығайтуға және білім сапасын жақсартуға ықпал етті. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінеді. Балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың желісі жыл сайын кеңейіп келеді, қазіргі кезде 10 мекеме бар: 4 мемлекеттік балабақша, 3 жекеменшік балабақша, мектеп кешеніндегі 3 балабақша. Балабақшаға қамтылған бала саны - 865. Мектепке дейінгі мекемелерге кезекке тұру тәртібі 0 жастан 1 жасқа дейінгі 53 баланы құрайды. 1 жастан 6 жасқа дейін балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту - 100% құрайды. 36 шағын орталыққа 960 бала келеді. 2020 жылы Самар ауылында 55 орынға арналған 1 жеке меншік балабақша және Құлынжон ауылында 40 орынға арналған 1 мемлекеттік балабақша ашу жоспарланған.

Ауданның білім беру саласында 37 орта мектеп, оның ішінде 21 орташа (9 қазақ, 11 аралас, 1 орыс тілді), 11 негізгі (2 қазақ, 7 аралас, 1 орыс тілді), 5 бастауыш мектеп (2 қазақ, 1 аралас, 2 орыс тілді), 2 мектептен тыс ұйым, яғни екі «Балалар өнер мектебі» КМҚК жұмыс істейді.

1-11 сыныптарда 4068 оқушылар, соның ішінде: 1-4 сыныптарда – 1678 оқушы, 5-9 сыныпта –2026 оқушы және 10-11 сыныптарда – 364 оқушы білім алады. Мектепке дейінгі даярлық сыныптарына 315 бала қабылданды.

4,9,10 сыныптарды оқулықтармен қамтуға 53,5 млн. теңге қаражат бөлінді.

Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы бойын-ша 2019-2020 оқу жылдарында 762 мұғалім қызмет атқаруда. Оның ішінде жоғары білімді – 611, орта білімді мұғалімдер саны - 151.

Ауданның жалпы білім беру ұйымдарында жоғары және орта санаттағы мұғалімдер санының ұлғаюы байқалады, жоғары санаттағы мұғалімдер саны 15,8 пайыз, бірінші санаттағы мұғалімдер саны - 32 пайыз, екінші санаттағы мұғалімдер саны 26,4 пайыз, санаты жоқ мұғалімдер саны 25,7 пайыз. 2019 - 2020 оқу жылдарында 14 жас маман қызметке орналасты.

Білім саласының өзекті мәселесінің бірі оқытудың сапасын арттыру болып табылады. 2019 жылы аудан бойынша ҰБТ орташа балы 76 балл болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10 балға төмен.

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 4,9,10-сыныптарда білім берудің жаңартылған мазмұны енгізілді.

2019 жылдың жазында оқушылардың 100% демалыс және жұмыспен қамтудың барлық түрлерімен қамтылды. Жаз уақытында қала сыртындағы 2 лагерьде ауданның 400 оқушысы демалды.

Балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді ұйымдастыру үшін қосымша білім алуға ерекше көңіл бөлінеді. Балаларды қосымша білім берудің барлық түрлерімен қамту 35,6% құрайды.  Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі «Үздік білім беру ұйымы – 2019 жыл» сертификатын Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп лицейі иеленіп, бас жүлде 34,0 млн.тенге ұтып алды.   

2019 жылы аудан оқушылары халықаралық конкурс-тарда және ғылыми жарыстарда 20 жүлде, республика бойынша 32 жүлде алды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуге ерекше назар аударылады (0-ден 18 жасқа дейін - 238 бала, оның ішінде мектеп жасындағы 114 бала).

Ауданның 21 мектебінде (57%) инклюзивтік білім беру үшін жағдайлар жасалды, онда 114 (48%) бала қамтылған. Көкпекті ауылындағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті жұмыс істейді, оған 31 бала барады. Шайжүнісов атындағы орта мектепте инклюзивті білім беру аясында бейімделу бойынша 5900,0 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жаз уақытында бірнеше мектептерде барлығы 86,6 млн. теңге сомасына соның ішінде: 7 мектеп бу қазандығына 11,7 млн.тенгеге (Көкпекті ом, Шайжүнісов атындағы ом, Әуезов атындағы ом, Жұмба нм, Көкжайық ом, Жанажол бм, Қараөткел нм); Шәріптоғай және Биғаш негізгі мектептердің сұйық отын, электрлық жылыту түрін қатты отынға ауыстыру мақсатында 12,9 млн.тенге; Биғаш негізгі мектебінің спорт залын жөндеу жұмыстарына  16,1 млн.тенге; 3 мектептің терезе, есіктерін ауыстыруға 14,6 млн.тенге (Жансүгіров атындағы ом, мектеп – балабақша кешені Аккала, Амангелді ом); 1 мектептің асханасын ағымды жөндеуге 3,5 млн.теңге; 2 мектептің алдын абаттандыруға 2250,0 млн. теңге (брусчатка) (Подгорное нм, Абай атындағы мектеп – балабақша кешені); 3 мектептің шатырларының ағымды жөндеу жұмыстарына 3,9 млн. теңге (М. Әуезов атындағы орта мектебінің интернаты, Казнаковка ом, Көкпекті ом); барлық мектептерде үзіліс кезінде қоңырау орнына күй ойнатылады, оған 7560,0 млн.теңге қаражат жұмсалды. Оқушыларды мектепке тасымалдау мақсатында 2 мектепке 19,2 млн.теңгеге 2 микроавтобус алынды (Абай атындағы мектеп-балабақша кешені, Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі) және 2 мектепке 2,8 млн. теңгеге жылыжай орнатылды (Подгорное нм және Пантелеймоновка нм).

Облыстық бюджет есебінен 37,6млн. теңге сомасында Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің терезе-лері күрделі жөндеуден өтті. Осы мектептің ғимаратын ағымды жөндеуге 5102,0 млн. тенге қаражат берілді.Ауданның 30 шағын жинақталған мек-тептерінде робототехника кабинеттері қойылды 44 млн. теңгеге құрал-жабдықтар және 35 млн. теңгеге интерактивті панельдер жеткізілді.

Қазіргі уақытта 37 жалпы білім беретін мектептің 31-де (83%) оқушыларға ыстық тамақ беру ұйымдастырылып, жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан аз қамтылған отбасының 1331 оқушысы ыстық тамақпен қамтылды.

Тассай ауылының мектебі жанында интернат бар, онда Ақсу, Үшкөмей, Жаңабаз мал базынан 12 бала тұрады.

Техникалық және кәсіптік білім беру қызметтерін Самар ауылындағы агротехникалық колледж қамтамасыз етеді. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауданның 100 түлегі Агротехникалық колледжге жұмысқа орналасу үшін тегін кәсіптік білім алуға жіберілді .

Спорт

Көкпекті ауданында балалардың, жастардың, ересек адамдардың белсенді өмір сүру салтын сақтауға, спортпен шұғылдануға және спорттық шеберлікті жетілдіруге бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстар ұйымдастырылуда. 2016-2020 жылдарға арналған ауданның дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасы іске асырылуда.

2020 жылға жоспарланған негізгі көрсеткіштер: спорттық ғимараттардың санын, дене шынықтыру және спортпен айналысатын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің БЖСМ үлесін ұлғайту.

Ауданда спортпен шұғылданатын 193 қызмет құрылыстарының ішінде 1 спорттық модуль, 38 спорт залдары, 130-дан астам ойын алаңы (баскетбол, волейбол, футбол, гимнастика қалашығы), ұлттық спорт түрлерімен айналысатын алаңдар бар. Қазіргі уақытта 18 хоккей қорабы жұмыс атқарады оның 8-і жарықтандырылған. 

Аудан бойынша ауылдық округтерінің ДШ-1 статистикалық есептеріне сәйкес, барлық жас санаттарынан дене шынықтырумен және спортпен айналысуға 6870 адам тартылған немесе халық санының 24,2 %-н құрайды.

Көкпекті ауданында қазіргі таңда дене шынықтыру және спорт саласында 98 адам еңбек етуде. Жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтыру мұғалімдер саны - 78, Самар аграрлық-техникалық колледжінде 2 оқытушы, 1 білім беру бөлімінің әдіскері, 1 маман спорт бөлімінде, 5 басқа салалалар қызметінде.

3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің 1012 тәрбиеленушісі спорттың 13 түрі бойынша қамтылған. 31 жаттықтырушының 21 арнайы дене шынықтыру білімі бар штаттық жаттықтырушылар болып табылады. Көкпекті ауданының жас спортшылары таэквон-до, волейбол, еркін күрес, жеңіл атлетика, қазақ күресі, армрестлинг спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстар, республикалық және облыстық біріншіліктердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Көкпекті ауылының спорт мектебінің жаттықтырушысы Өскен Өркенұлы Корея мемлекетінде дүниежүзілік спорттық жауынгерлік ойындарында екінші орынға ие болды. Көкжайық ауылының тумасы Данияр Қайсанов 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен әлем чемпио-натында өнер көрсетіп, Токиода өткізілетін олимпиада ойындарына жолдама алды. Қырғызстан мемлекетінде өткен Азия чемпионатында қол күрестен Мұқан Ағзамов 1 орын алса, Төлен Карменов 2 орын алды.

2019 жылы облыстық және аудандық деңгейдегі 77 жарыстар, турнирлер, чемпионаттар өткізілді. Ең бұқаралық іс-шаралар бұл мектеп оқушылары арасындағы аудандық спартакиада ойындары, денсаулық фестивальдары. Халық арасында барлық жас санаттары арасында ең әйгілі спорты түрлері - волейбол, армрестлинг, үстел теннисі, қазақ күресі, шағын футбол, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, ат спорты бойынша жарыстар, сондай-ақ басқа да турнирлер мен жолдастық кездесулер ұйымдастырылды. Мемлекеттік мерекелерге және атаулы күндерге көптеген іс-шаралар арналған. Барлығы бұл іс-шараларға шамамен 12000 адам қамтылды, оның ішінде 65 пайызы балалар мен жасөспірімдер. "Денсаулық Фестивалі", "Спорт - нашақорлыққа қарсы" акция аясында ауылдық округтерде іс-шаралар өткізілді және оған ауданның барлық деңгейіндегі тұрғындар қатысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Спорттық ұлт» акциясы іске асырылуда, басты мақсаты-салауатты өмір салтын ұстану және тұрғындарды спортпен шұғылдануға шақыру. Бұл бағдарлама спорттық кешендер, ауылдық округтерде ауқымды іс-шара өткізу, әрбір ауылда спорттық кешен ашуды қамтиды. Осыған орай ауданда спортты жаңғырту бойынша үлкен міндет қойылған. Қыркүйек айында Көкжота ауылында балалар-жасөспірімдер ұлттық ат спорты мектебі ашылды. Көкпекті ауылында ипподромның жанында болашақта осындай мектеп салынатыны жоспарлануда.

Бұқаралық спорт түрлерін дамыту үшін Көкпекті ауы-лында денешынықтыру сауықтыру спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Ауқымды спорттық іс-шаралар туралы ақпараттар, әр түрлі деңгейдегі спортқа қатысатын аудандық спортшылары жайлы және спорттық іс-шаралар жайлы ақпараттар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырады.

 

Денсаулық сақтау

Көкпекті ауданы бойынша 2 аурухана: Көкпекті аудандық аурухана және №2 Самар өнірлік ауданаралық аурухана жұмыс істейді. 7 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар бар: - Көкпекті аудандық аурухана құрамында 6 дәрігерлік амбулатория (Тассай, Көкжайық, Теректі, Үлкенбөкен, Үлгілімалшы, Преображенка ауылдарында),

 - №2 Самар өнірлік ауданаралық аурухана құрамына Бастаушы ауылында 1 дәрігерлік амбулатория кіреді. Дәрігерге дейінгі көмекті аудан халқына 5 фельдшерлік-акушерлік пункттер көрсетеді, олар №2 Самар өңіріндегі ауданаралық аурухана құрамындағы Аққала, Көкжыра, Құлынжон, Мариногорка, Сарыбел ауылдарындағы  пункттер. 21 медициналық пункттер қызмет атқарады, оның ішінде Көкпекті аудандық аурухана бойынша 6 мед. пункт (Толағай, Биғаш, Ажа, Үкіліқыз, Шұғылбай, Мамай ауылдарында) тіркелген және №2 Самар өңірлік ауданаралық аурухана бойынша 15 мед. пункт (Палатцы, Қойтас, Жана-жол, Қараөткөл, Раздольное, Миролюбовка, Песчанка, Подгорное, Қарақол, Новостройка, Қайыңды, Шұбарқайың, Мойылды, Джумба, Көкжота ауылдарында) тіркелген. 2019 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша 59 дәрігер және 345 орта медициналық жұмысшылар қызмет атқарады. 12 бірлік дәрігерлік маман тапшылығы бар, соның ішінде: Көкпекті аудандық аурухана бойынша – 4 бірлік (офтальмолог, терапевт, кардиолог, травматолог, 2 жалпы тәжірибелі дәрігер, ренгенолог, УДЗ дәрігері), №2 Самар өнірлік ауданаралық аурухана бойынша – 5 бірлік (онколог, рентгенолог, педиатр, офтальмолог, жалпы тәжірибелі дәрігер). Дәрігерлік мамандар тапшылығын болдырмау мәселесі Семей қаласындағы медициналық университет бітіруші түлектерін жас мамандарды атап айтқанда Көкпекті ауданының тумаларын «Дип-ломмен ауылға» бағдарламасымен тарту арқылы шешілуде. 2019 жылы балалардың туылуы 2018 жылмен салыстырғанда 335-ден 403 -ге көбейді. 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда адам өлімі 276-ден 301-ге ұлғаюы байқалады. Бала өлімі бойынша 4 нәресете өлімі тіркелген, 2018 жылы 2 жағдай тіркелген. Нәресте өлімінің негізгі себептері туа біткен кемістік болып табылады. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетімен жүргізілген тексеріс бойынша нәресте өлімінің барлық жағдайының алдын алу мүмкін емес деген қорытынды берілді. Нәресте өлімінің алдын алу бойынша орталық аудандық ауруханада жүкті әйелдерді скринингтік тексеруден өткізетін әйелдер консультациясы кабинеті жұмыс істейді. Ана өлімі 2018-2019 жылдарда тіркелген жоқ. Туберкулезбен ауырғандар 2019 жылы 11 жағдай орын алған, 2018 жылы 19 жағдай тіркелді, 8 жағдайға төмендеуі байқалады. 2018-2019 жылы туберкулезден қайтыс болғандар саны тіркелген жоқ. 2019 жылы қатерлі ісік ауруымен ауырғандар саны 60 адам, ал 2018 жылы 64 адамды құрады, 4 жағдайға азайды. Қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандар санының оң серпіні анықталған, 2019 жылы 16 жағдай тіркелді, 2018 жылы 20 жағдай анықталған, яғни 4 жағдайға азайды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша қан айналымы жүйесінің ауруларымен ауырғандар саны бойынша 718 жағдай тіркелген, 2018 жылы 722 жағдай тіркелген, яғни биылғы жылы 4 жағдайға ұлғайды. Ауруханада 2019 жылы барлығы 2364 адам емделді. Ағымды жөндеу жұмыстары Толағай медициналық пунке 618000 мың теңгеге жасалды.

Мәдениет

Мәдениет саласындағы жұмысқа көп көңіл бөлінеді. Өйткені мәдениет қазіргі заманғы адамның қалыптасуы мен дамуына әсер ететін әлеуметтік жаңғыртудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Көкпекті ауданының мәдениет ұйымдарының желісі 52 бірлікті құрайды. Оның ішінде 2 мәдениет үйі, 29 ауылдық клуб, 19 кітапхана, 2 тарихи-өлкетану музейі және мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы қызмет көрсетеді.

Бүгінгі күні мәдениет мекемелерін кадрлық қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қалуда.  Қазіргі таңда, мәдениет қызметкерлерінің жалпы санының 14% жоғары білімді, ал қалған 48 % орта білімі бар. Жалпы кәсіби білімі бар мамандарға қажеттілік туындап отыр.

2019 жылы мәдениет мекемелерімен 961 мәдени - көпшілік іс-шара өткізіліп, оған – 128 805 адам қатысты.

2019 жылы «Асыл қазына» әжелер ансамбілінің 10 жыл мерейтойына орай газель авто көлігі 11,6 млн. теңгеге сатып алынды.

 

 

2019 жылғы аудан кітапханалардың жалпы кітап қоры 392 515 дана кітапты құрайды, оның ішінде 112 491 данасы мемлекеттік тілде. «Ирбис» электрондық каталогында 5800 дана әдеби шығарма тіркелген. Кітапханаға келушілер саны 111 061 адамды құрады.

2019 жылы  жалпы аудан музейлерінің қоры 4487 экспонатты құрады. Есепті кезеңде 281 экскурсия, 24 көрме ұйымдастырылды. Келушілер саны 4276 адамды құрады.

Аудан бойынша жергілікті маңызды бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне 19 тарихи және мәдени ескерткіш тіркелген. Оның ішінде 13 сәулет және 6 археологиялық ескерткіштер.

Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту  орталығында қазақ және ағылшын тілдерін тегін оқыту курстары ұйымдастырылған.

2019 жылы мемлекеттік тілді оқып үйренуге 128 тыңдаушы, ал ағылшын тілі курсына 260 тыңдаушы тартылды. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдеріне «Тілашар» курсына - 125 тыңдаушы тартылды.

2019 жылы Қазтест жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуге 34 мемлекеттік қызметші қатысса, сертификаттық тестілеуге 14 мемлекеттік қызметші қатысып, 8 мемлекеттік қызметші сертификатқа ие болды.

 

Қоғамдық саяси жағдай

2019 жылы Көкпекті ауданында қоғамдық-саяи ахуал тұрақты деңгейде сақталды. Ауданда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты халыққа Жолдауын және өзге де бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылу барысы туралы белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ауданның бүгінгі күнгі әлеуметтік-саяси жағдайын анықтау мақсатында арнайы анализ жүргізілді. Жүргізілген анализге сәйкес ауданның басым және осал тұстары, қауып-қатері мен дамудың мүмкіндіктері анықталды.

Аудан көлемінде ауданның қоғамдық-саяси өмірінде белсене араласып, ерекше орын алатын «Нұр Отан» партиясының 1 филиалы тіркелген. Партия филиалы жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, аудандық деңгейдегі іс-шаралаға белсене араласып, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесуде. Бүгінгі партия құрамындағы адамдар саны 1877 адамды құрайды.

Ауданда көптеген жыл қатарынан  ұлтаралық келісім жағдайы сәтті. Оған ауданда тұратын барлық ұлттар арасындағы достықтың көпірі болып, өңірімізде ұлтаралық келісімнің нығаюына немістің «Хофнунг», қазақтардың «Мирас» және «Асыл Мұра» этномәдени бірлестіктерінің қосып отырған үлестері ұшан теңіз. Ауданымызда 20 аса ұлт өкілі тұрып жатыр. Оның ішінде: қазақтар -77 %, орыстар – 18,5 %, татарлар – 1,7 %, немістер – 1,2 % және 1% басқа ұлт өкілдері. Жастар мен жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру және ұлтаралық келісімді нығайту жұмыстарына аудандық ардагерлер кеңесі, «Көкпекті жастары» жастардың пат-риоттық қоғамдық бірлестігі және «Ауғаныстандағы соғыс ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігі тартылған. Барлық ауылдық округтерде ардагерлер кеңесі, ақсақалдар кеңесі, қоғамдық кеңес, әкелер кеңесі, аналар кеңесі, әйелдер кеңесі және жастар кеңесі жұмыс істеуде. 2019 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының 87,5 % конфессияаралық қарым-қатынас саласы бойынша мемлекеттік саясатты қолдайтынын көрсетті.

Ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2019 жылы республикалық телеарналарда 31 бейнематериал, облыстық телеарналарда 29 бейнематериал, республикалық баспа құралдарында 33 мақала, облыстық баспа құралдарында 134  мақала жарияланды.

Ақпараттық-түсіндіру топтарының белсенді жұ-мысының нәтижесінде аудан тұрғындарының мем-лекеттік саясаттың басты бағыттары бойынша ақпарат-тандырылған деңгейі 84,6 % құрады.

Көкпекті ауданындағы діни ахуал тұрақты. 2019 жылы дінаралық қарым-қатынаста қақтығыстар болған жоқ. Діни конфессиялардың өкілдері бір-біріне түсіністікпен қарап, толеранттылық танытады. Аудан аумағында 12 діни бірлестіктер болса, оның 11 мұсылман дінінде, 1 православтық. Жыл қорытындысы бойынша діни бірлестіктерге келушілер саны 9 мың 200 адамды құрады. 2019 жылы аудан көлемінде дін саласы бойын-ша 93 іс-шара ұйымдастырылып, 7 мың 150 адам қамтылған. Ол жалпы аудан тұрғындары санының 25,8% құрайды.

Көкпекті ауданында 14-29 жас аралығындағы 5 мың 450 адам бар, оның ішінде 2630 ерлер, 2820 қыздар. Ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясаты саласында 263 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде: 82 - мәдени-көпшілік , 76 – патриоттық, 61 – спорттық, 44 танымдық іс-шаралар.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы ауданда 46 млн.тг. құрайтын 84 іс-шара және 8 жоба жүзеге асырылды. 

Салтанатты және жоғары деңгейде  Халықаралық «Толағай сұлтаны – 2019» шарасын ұйымдастырдық. Шараға республикамыздың облыстарынан, көршілес Моңғолия елінен және облысымыздың барлық қалалары мен аудандарынан 26 қатысушы бақ сынасты. Аталған шараны біздің ауданымызда дәстүрлі түрде халықаралық  деңгейде өткізу жоспарлануда.        

Біз Алаш қайраткері Хамит Тоқтамышевты еске алуға арналған ауқымды және мағыналы шара өткіздік. Алаш қайраткері Хамит Тоқтамышевты еске алу шаралары аясында Хамит Тоқтамышевтың мейітінің басына белгітас орнатылып, белгілі Алаштанушылардың қатысуымен облыстық конференция өткізіп, «Алтай» телеарнасында Хамит Тоқтамыш туралы деректі фильм жарық көрді.

Қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынастың бір нысаны - Қоғамдық кеңестер. Өткен жылы аудандық қоғамдық кеңестің 4 отырысы, 4 қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, 17 нормативтік-құқықтық актілер қарастырылды. Сонымен бірге, 4 мемлекеттік мекеме басшыларының есебі тыңдалып, 1 қоғамдық мониторинг жүргізіліп, 14 ұсыным жасалды.

 

Қоғамдық құқық тәртібі

 

Көкпекті АПБ 2019 жылы қылмыстылықпен күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ашу және тергеу, құқықбұзушылықты жою, есепке алу тәртібін күшейту, сондай-ақ ҚР ІІМ-нің мүлкті ұрлауға қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыруға бағытталған бірқатар шараларды іске асырудың басым міндеттерін орындады.

Осылайша, аудандағы қылмысты төмендетудің оң үрдісі болған кезде 2019 жылы тіркелген қылмыстар саны 8,1%-ға немесе 215-тен 196-ға дейін төмендеді, оның жалпы қылмыстардың ашылуы 81,0%, ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 81,3% құрады.

Аудан аумағында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алу және ескерту мақсатында жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде аса ауыр емес қылмыстар саны 3,4%, орташа ауырлықтағы тіркелген қылмыстар санының 23,9% -ға (142-ден 108-ге дейін), ауыр дәрежелі қылмыстардың 25% төмендеуі оң нәти-жені берді.

 

Мемлекеттік басқару

Көкпекті ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 178 бірлікті құрайды, нақты саны – 133 (74,7%), бос орындар – 45 (25,3 %).

Мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы:

Білім:

– Жоғары білімді - 106, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын-1, магистр дәрежесін-1;

- біреуден артық жоғары білімі бар-19;

– арнайы орта білімді - 27 мемлекеттік қызметші.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа еңбек өтілі – 9,15 жыл;

Мемлекеттік органдарда тағайындаулар - 27;

Теріс себептер бойынша қызметтен босатылғандар жоқ;

Мемлекеттік қызмет жүйесінен кеткендер - 17 адам;

Таза ауысым -17 бірлік;

Мемлекеттік қызметкерлердің гендерлік құрамы: ерлер - 57, әйелдер - 76;

Мемлекеттік қызметкерлердің ұлттық құрамы: қазақ – 126, орыс – 4, татар – 1, неміс – 1,ұйғыр – 1.

Қайта даярлау курстарынан – 7, біліктілігін арттыру курстарынан - 65 адам өтті.

 

Мемлекеттік қызметтер.

Мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 96 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2019 жылы аудан тұрғындарына 75883 қызмет көрсетілді, соның ішінде мемлекеттік органдар арқылы – 5524, «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы – 4879, электронды түрде – 30368 қызмет, ақпараттық жұйелер арқылы 35112.

Атқарушы биліктің жұмыс сапасын бағалауға, өзекті мәселелерді анықтауға азаматтардан түсетін өтініштер және арыздармен жұмыс істеу ықпал етеді. 2019 жылы аудан әкімінің аппаратына 358 өтініш түсті. Оның ішінде

 

2020 жылы жергілікті билік органдарының жұмысы келесі негізгі бағыттарға шоғырланатын болады:

- Экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің мақсатты параметрлеріне қол жеткізу инвестициялық белсенділіктің есебінен жүзеге асады.

- Ең бастылардың бірі - ауылдық округтердің одан әрі дамуы болып қалады. Бұл жерде ағымдағы бюджет аясында неғұрлым өткір мәселелердің шешілуінен бөлек, әлеуметтік серіктестіктен де қаражат тарту есебіне бас-ты назар аударылады.

- Ауылдық округтерде мал шаруашылығын және мал басын одан әрі көбейту және дамыту.

- Ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту.

- Еңбек нарығының тиімділігін арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және тұрғындардың кірістерін арттыру.

- Үштілділікті дамытудың кешенді жоспарын әрі қарай жүзеге асыру , оқушылардың білім сапасын көтеру.

- Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, жоғары технологиялық емдеу әдістерін енгізу тұрғындардың денсаулық көрсеткішін жақсартуға септігін тигізеді.

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру ;

- Заңсыз қоныс аудару, қылмыскерлерді іздестіруді белсендіру, нашақорлық және қылмыспен күресті күшейту, терроризм мен діни экстремизмге қарсы әрекеттер бойынша шараларды іске асыру

Құрметті көкпектіліктер!

Анықталған міндеттерді орындай отырып, Елбасы-мыздың «Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын және «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» ҚР Президентінің Жолдауын іске асыруды қамтамасыз етеміз.

Осы жұмыста аумақтың барлық жауапты тұлға-ларының, яғни партиялар, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер, шығармашылық және кәсіби одақтар, бұқаралық ақпарат құралдары белсенді және мүдделі қатысулары қажет.

Тек барлығымыздың жұмысымыздың реттелгендігі, заңға бағынушылығымыз, сабырлығымыздың арқа-сында ғана қоғамда тұрақтылық орнайды.

Бірлескен күш салысу арқылы біз экономикамызды нығайтып, азаматтарымыздың әл ауқатын көтереміз. Мақсатымыздың бірлігі арқасында, кез келген қиын-шылықты жеңеміз, алға қойылғандардың барлығын орындаймыз. Тек бірлескен күш салысу арқасында өз еңбегіміздін жемісін көре аламыз.

Келісілген:

Аудан әкімінің орынбасарлары

Ж.Т. Майкенев

Д.Б. Қойгельдин

М.Қ. Теміржанов

Келісілген:

Аудан әкімінің аппарат басшысы

Р.А. Кемербаева

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз