Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Есігімізден еніп, төрімізден орын алатын Жаңа жыл жер бетіндегі барша адамдар үшін ортақ мереке, әсіресе, оның балалар өмірінде алар орны айрықша. Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде «Төрлет, төрле, жаңа жыл» атты аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті.

Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жыл – Тышқан жылы. Жаңа жыл мерекесі әсіресе балалар үшін орны бөлек мереке. Олар үшін әсем шыршаны айнала ән салып, би билеп, ойын ойнаудан, Аяз атаның қолынан тәтті тағамдарға толы сыйлық алудан асқан қуаныш жоқ.
Міне, осы аптада жаңа жыл қарсаңында аудандық мәдениет үйінің кең залына ауданымыздың әрбір елді мекенінен келген балалар жиналды. Бұл – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының балаларына арналған мерекелік кеш. Барлығы да аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасына әдемі киімдерін киіп, шырайлы жүздерінен қуаныш ұшқындары сезіліп тұрды. Ортаға қойылған басты шыршаға түрлі ойыншықтар мен шамдар ілініп, сахна да сәнді безендірілген. Мерекелік шара танымал ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өтті. Сиқырлы кешті ұйымдастыруға атсалысқан, кішкентай бүлдіршіндер мен мектеп оқушыларын аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Талғатұлы Майкенев келіп, жасыл шыршаның шамын жағып, құттықтады.
- Бұл мереке тек балалардың ғана мерекесі емес, үлкендер де оны ерекше үмітпен, жаңа жаңалықтарымен күтері сөзсіз. Әрбір адам алдағы жылы бәрі өзгеше боларына іштей сенеді. Жос-парлары мен армандарын тоғыстырып, ынта-ықыласпен, игі тілектерімен жаңа жылға қадам басады. Құрметті ата-аналар мен ұстаздар, балаларды күтіңіздер, жақсы көріңіздер. Өйткені олар - біздің ертеңіміз. Баршаңызға денсаулық пен бақыт, оқуда озаттардың қатарында болып, өмірде аңсаған армандарына жетіп, ертеңгі еліміздің еңсесін тіктей түсуге сүбелі үлес қосуларыңызға тілектеспін. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! – деп Жасұлан Талғатұлы жүрек жарды ізгі тілегін білдірді.
Әр түрлі ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өткен мерекелік шара кішкентай қонақтардың көңілінен шықты. Мерекеге келген әрбір бүлдіршіннің жүзінен қуаныш пен шаттықтың лебі сезіліп тұрды. Балалар мультфильмдердің кейіпкерлерімен бірге билеп, ойын ойнады. Бұл ғажайып сәттен кейін балақайлар тәтті сыйлықтарға ие болды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 23-24-25 жел-тоқсан аралығында Өскемен қаласындағы «Ертіс концерт» орталық мәдениет үйінде Президент және облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасының шамы жағылды.
Мерекелік шараға біздің ауданнан 8 бала қатысты. Шыршаға барған балалар 3 күн бойы сиқырлы әлемде болып, әр түрлі психологиялық тренингтерге қатысып, кинотеатрларға барып келді.
Өңір басшысы да көңілді мерекеде кішкентай балалардың қолдарынан ұстап, шыршаның жанынан табылды. «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» атты облыс әкімінің дәстүрлі жаңа жылдық шыршасына қатысушылардың назарына арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Сәні мен салтанаты жарасқан мереке барысында бас кейіпкер Аяз ата мен Ақшақар, ертегілер елінен келген кейіпкерлер кештің көркін қыздырды. Өз кезегінде бүлдіршендер де мың бұрала би билеп, әсем ән шырқады.
Мерекелік кеш барысында облыс әкімі бүлдіршіндерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар, мен тәттілер табыс етті. Шаттық пен думанға толы жаңа жылдық шыршадан балақайлар үлкен әсермен қайтты.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз