Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

16 желтоқсанда аталып өтілетін Тәуелсіздік күні - Қазақ елінің ең басты мемлекеттік мерекесі, ұлттың ұлы күні. Бұл – еліміздің ұлттық тарихындағы айрықша тарихи дата. Еліміз Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына қадам басқан биылғы жыл – жаңа дәуірдің басы.

 

Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі саналатын тәуелсіздіктің 28 жылдық мерекесі Көкпекті ауылында да жоғары деңгейде аталып өтілді. Түрлі мерекелік іс-шаралармен қатар, 13 желтоқсан күні Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын болып өтті.
Салтанатты жиын басталмас бұрын арнайы мерекелік көрме ұйымдастырылды. Аталмыш көрмеде ауданның 7 мектеп 3 балабақшасы әр ұлт өкілдерінің ұлттық киім мен тағамдарын көрсетсе, «Балалар өнер мектебі», «Арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» ұжымдары оқушылардың қолөнер бұйымдарын таныстырып өтті.
Лайықты безендірілген сахна шымыл-дығын мәдениет үйінің «Толағай» ұлттық оркестрі өзінің күмбірлеген «Шаттық Отаны» атты күйімен ашты. Домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптардың көмейінен төгілген күй сарайы жиналған қауымға бірден мерекелік көңіл-күйді сезіндірді. Ал, ауданымыздың бұлбұл үнді әнші-леріміз Айымгүл мен Күлшекердің жеке орындауындағы әндер халықты бір сергітіп жіберді.
Осының соңын ала тәуелсіздіктің нышаны – Әнұран асқақтады. Алғашқы құттықтау сөз кезегі аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловқа беріліп, ол өз кезегінде барлық жиналған қауымды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтай келе, егемендіктің 28 жылы ішінде барша рес-публикамызда және Көкпекті ауданында қол жеткізілген жемісті жетістіктер жайлы айтып өтті.
- Баршаңызды егемен еліміздің ең ұлы, ең қасиетті мерекесі – Қазақстан Респуб-ликасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі мерекенің еліміздің тарихында, халқы-мыздың тағдырында алатын орны ерекше. Себебі, кез келген ұлт үшін Тәуелсіздік пен Теңдік, Азаттық пен Елдік, Береке мен Бірлік - ең қымбат, ең асыл ұғымдар.
28 жыл бұрын біз Мәңгілік Ел болудың бірегей қадамын жасадық. Бұл - ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жеткен аса қасиетті күн.
Біз аз уақыт ішінде қуатты ұлтқа, дәулетті елге айналдық. Мемлекет шекарасы айқындалды. Іргеміз мызғымастай бекітілді. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі этнос өкілдері Отанымызды өркендетуге атсалысып, тату-тәтті ғұмыр кешуде.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру - бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Жаңа ғасырда қайта түлеген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болып, еліміздің көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!
Мемлекетіміздің игілігі жолындағы атқарып отырған еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Азаттық рухы асқақ болсын! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Тәуелсіздік күні құтты болсын!, - деді аудан басшысы. Сондай-ақ, аудан әкімі Тәуелсіздіктің 28 жылдық мерекесіне орай, аудан дамуы жолында мінсіз әрі адал қызмет еткендігі мен аймақтық әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына қомақты үлесқан бірқатар адамдар марапатталды.
Әрі қарай мейрам аудандық мәдениет үйі, Балалар өнер мектебінің ұйымдастыруындағы әсем ән-күйден өрілген тамаша концерттік бағдарламаға ұласты.
Концерттік бағдарламада Балалар өнер мектебінің вокалдық тобының бүлдіршіндері «Асқақтай бер Астана» әнін тарту етті. Сахананың сәнін «Інжу маржан» тобы әжелерінің орындауындағы халық «Жанай керім» әні келтірді. Балалар өнер мектебінің бишілер тобы «Корей халқының биін, Көкпекті орта мектебі «Қазақ биін» мың бұрала билеп, көремен көзайымына айналды. Ал, мәдениет үйі әртістері дайындаған «Тәуелсіз Қазақстан тұғырлы» атты саханалық қойылымы да көремен жүрегіне жол тапты. Әртістік қабілеттерімен танылып, тарих беттерін шынайы нақышына келтіріп орындап шықты. Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кештің шымылдығын жас әншілеріміз Ерасыл «Мен қазақ баламын», Ақбибі қызымыз анасы Динарамен шырқаған «Қазақ батырлары атты әндері нүктесін қойды.

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз