Көптеген табысты корпорациялар өз тарихын шағын отбасылық бизнес ретінде бастады. Оны жүргізудің басты идеясы - өз отбасына арқа сүйеу, өйткені тек жақын адамдарда ғана қандай да бір ақшаға сатып алуға келмейтін құндылық бар, ол - адалдық.
2013 жылы құрылған «Әлімжан» ШҚ біздің аудандағы отбасылық кәсіпорындардың бір мысалы болып табылады. Оған Ержан Қайырбаев жетекшілік етеді, ал ағасы Жанат барлық істерде белсенді көмекшісі болып табылады.
2013 жылы Ержан «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 3 млн теңге және 15 бас аналық мал сатып алды, ал 2017 жылы Жанат отбасылық істі дамыту үшін «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 4 млн теңге несие алды. Қазіргі уақытта оларда 60 бас ірі қара, 2 бұқа Ангус және 3 жылқы бар.
Айта кету керек, ШҚ 5 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл мәселеде жалақы сомасының 35 %-ы көлемінде субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау бар.
Сату нарығына келсек, ол тұрақты және реттелген болып табылады – ШҚ өнімдері Семей және Өскемен қалаларында сатылады.
Жыл сайын кәсіпорын селекциялық-асыл тұқымдық жұмысқа субсидия алады. Осы тұста ағайынды Қайырбаевтар мемлекетке қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіреді. Аудан басшылығы, ауыл шаруашылығы бөлімі және кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі.
Жас кәсіпкерлер қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмақ емес. Олардың жоспарында - аналық мал басын 100 басқа дейін ұлғайту, 40 басқа арналған бордақылау алаңын салу көзделген.
- Өздеріңіз білесіздер, биылғы жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Бұл бағытта жас кәсіпкерлерге көмек көрсетуге бағытталған көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Мен мұны жастарға үлкен қамқорлық деп санаймын және жасөспірімдерді осы саладағы жұмыстарға белсенді қатысуға, өздерін сынап көруге шақырамын. Өйткені, еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосу, армандарды жүзеге асыру - біздің қолымызда, - дейді Жанат.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.