Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сейсенбі күні «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының» қызметкерлері Самар ауылында әкім аппаратының қызметкерлерімен бірге атаулы әлеуметтік көмек алушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Самар ауылдық округі бойынша барлығы 150 әлеуметтік жәрдемақы алушы бар.
Диалогтік алаңның екпіні 2020 жылдың қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек төлеу бойынша жаңа тәсілдерге бағытталған. Ассистенттер С.Шынтаева, А.Каймулдинова, ауылдық округ әкімінің орынбасары Г.Мажибаева, ауылдық әкімдіктің бас маманы О.Рахишева 2020 жылдың қаңтарынан бастап АӘК есептеу кезінде енгізілген жаңалықтар туралы айтып берді. Оның негізгі принципі - мемлекет мұқтаж жандарға көмек көрсететін болады. Алайда АӘК тағайындаудың жаңа тетіктері әрбір отбасына жеке қадамдарды көздейді.
Атаулы әлеуметтік көмек – бұл жәрдемақы емес, қиын өмірлік жағдайға тап болған, аз қамтылған отбасылардың қаржылық жағдайын жақсартуға және олардың дағдарыстан шығу үшін ресурстарын ынталандыруға бағытталған азаматтарды мемлекеттік қолдау.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасына – 20 789 теңге беріледі. АӘК бұрынғыдай тоқсан сайын тағайындалатын болады.

 

Бірінші кезекте көмек балалар мен көпбалалы отбасыларға көрсетілетін болады. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуге тиіс, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Шаралар кешені 3 бағытты қамтиды.
Біріншісі - көпбалалы аналарды жеке санатқа шығару және оларға кепілді жәрдемақы беру, бұл көпбалалы аналардың материалдық жағдайы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан беделін мойындайтын болады. Көпбалалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген қалыптасқан стеоретип алынып талсын. Көпбалалы отбасылар үшін республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттік жәрдемақылар енгізіледі.
Осы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына байланысты болмайды, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Жәрдемақы балалар саны бойынша есептеледі. Орташа есеппен бір балаға ай сайын 10 625 теңгеден төленеді.
Екінші – аз қамтылған азаматтарды қолдау және оларды жұмысқа орналастыруға ынталандыру. АӘК аз қамтылған отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады.
Үшіншісі – еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда жұмыс істеуі және отбасы үшін жауапты болуы тиіс (АӘК алу құқығын өтініш беруші мен отбасының еңбекке жарамды мүшелері ғана емес, АӘК алатын отбасының барлық мүшелері бірден жоғалтады). Бала күтімімен айналысатын анаға бала үш жасқа толғанға дейін Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығы берілсін.
Сондай-ақ "Еңбек" жұмыспен қамту бағдарламасының әлеуетін барынша пайдалана отырып, АӘК шартты ақшалай төлем түріндегі көмек болады, ол аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жұмыссыз азаматтарға бағдарланатын болады. Қабылданған шаралар нәтижесінде табысы аз және көпбалалы отбасылардың еңбек әлеуеті ынталандырылады, оларды кәсіпкерлікке тарту бойынша мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалады, бұл олардың табысын арттыруға және әлеуметтік көңіл-күйін жақсартуға мүмкіндік береді.
Баршагүл Книяз, Мәдина Нұрғалиева, көпбалалы аналар. Самар ауылы:
- Біз балаларға азық-түлік, киім-кешек сатып алу үшін ай сайын 100 мың теңгеден астам атаулы әлеуметтік көмек аламыз. АӘК алудың жаңа тәсілі 2020 жылғы қаңтардан бастап көпбалалы отбасылардың материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған. Және бұл бізді қуантады. Біз ай сайын балаларға арналған жәрдемақыны отбасының табысына қарамастан ала бастаймыз. Егер отбасының табысы жан басына шаққандағы табыстың шекті деңгейінен аспайтын болса, онда АӘК тағайындалады. Осының барлығы отбасылық бюджеттің дұрыс бөлінуіне ықпал етеді, ең бастысы қаражат біздің балаларымызға, олардың толыққанды дамуы мен тамақтануына бағытталады. Көпбалалы отбасыларды мемлекеттік қолдау бойынша осындай жеке көзқарас жасайтын уақыт келді деп ойлаймыз.

Қанат Апсадықова

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз