Демалыс күнінің кезекті жәрмеңкесі Самар ауылында осы жолы сөрелерде ет өнімдерінің басым болуымен ерекшеленді. Бұл жерде сиыр еті, қой еті, тіпті диеталық таңдаулы өнімдер – көксерке, караси балықтары, сондай-ақ кәсіпкер Кузьминнің балықтары жаңа піскен түрде ұсынылды.
Самар, Мариногорка, Құлынжон,Сарыбел, Бастаушы, Миролюбовка ауылдық округтерінің өкілдері таңертеңнен бастап шатырлар орнатып, өз өнімдерін таратып берді. Ет бағасы бір кг үшін 1500 теңге болды.
Кәсіпкер Мұса Ногуспановтың ет өнімдері әрдайым жәрмеңкеде үлкен сұранысқа ие. Бұл жолы Мұса көптеген тұтынушыларға жас бұзау әкелді. Сондықтан да, самарлықтар мен қонақтар одан жаңа ет сатып алады, - деп атап өттіСамар ауылдық округінің бас маманы О.Рахишева.
- Мен демалыс күнгі жәрмеңкеде ет сатып алуға тырысамын. Бұл отбасылық қаражат үшін өте жақсы демеу, - дейді мұндай жәрмеңкелердің тұрақты қатысушысы Батима Қарасаева.
Шынында да, тұтынушылар өз өнімдерін нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алуға және бай ассортиментке риза.
Көптеген ауыл тұрғындары жергілікті билік өкілдерінен зейнетақы мен жалақы алғаннан кейін жәрмеңкелерді жиі өткізуді сұрады.
Қанат Апсадықова
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.