Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

жол бар жақын, жақын да болса алыс. Бір жол бар алыс, алыс та болса жақын» деп бекер айтылмаған. Мұның мәні қазіргі жолдардың сапасында жатыр. Яғни жол сапалы жөнделсе, жолаушы жолдың азабын тартпай, айшылық алыс жерлерге тез жете алады. Керісінше жолдың сапасы сын көтермесе, жүргізушілерді әбден әбігерге салады. 

Аудандағы ең өзекті мәселелердің бірі ауыз су мен жол болып табылатыны белгілі. Біздің ауданда биылғы жылы өзекті мәселелер оңтайлы шешімін тауып, халықтың игіліне жұмсалуда. Солардың бірі Көкпекті ауылындағы Заречный кентінде игілігі мол іс толық жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда жаңа саябақ құрылысы, көшелердің жөнделуі ауыл тұрғындары үшін қуанышты жағдай. Аталмыш жөнделу жұмыстары туралы ауыл әкімі Қайрат Алғазыұлы Алғазин әңгімелеп берді.

 

- «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Көкпекті ауылының Заречка кентінде жол жөндеу жұмыстары басталып, қазан айының 15 дейін аяқталады. Жұмысты жүргізетін мердігер «Көкпекті Жолдары» ЖШС (директоры Гүлназ Нұрғалиева). Бүгінде мүжіліп қалған тас жолдар қалпына келтіріліп, асфальтпен көмкерілуде.
Жалпы, жаңа асфальт Көкпекті ауылының 14 көшесіне салынуда, соның 7 көшесі және 3 қиылысы Заречка кентінде. Бұл 7,5 шақырым жолды құрайды. Жол төсемінің ені 5 метр. Жергілікті тұрғындар үшін енді жаңа жолдармен жүру өте ыңғайлы болды.
Жол қауіпсіздігінің кепілі – жол белгілері екені рас. Осы ретте, көше бойына арнайы белгілер, жаяу жүргіншілер үшін жолбелгілері де қойылады. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен бөлінген қаржатқа аркалар орнатылды. Сөйтіп барлық көшелердегі жолдар қалпына келтіріліп, тұрғындарды бір қуанттық, - деп сөзін аяқтады ауыл әкімі.
Айта кетейік, «Ауыл - Ел бесігі» жобасының негізгі мақсаты ауылда өмір сүру сапасын жақсарту, ауыл аумақтарының әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды өңірлік стандарттарға жеткізу болып табылады. Сондай-ақ ауылдардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұтастай алғанда өмір сүрудің қолайлы ортасын құру жөніндегі бірқатар міндеттер шешілетін болады.
Иә, жүргізілген жұмыс көңіл көншітерліктей. Алайда, жұмыс одан әрі жалғасын тауып келеді. Қазір Көкпекті ауылында бірқатар жолдарды жөндеу, абаттандыру шаралары қолға алынып жатыр. Мұның өзі ауыл келбетін жақсартуға септігін тигізуде. Көше жолдары ауыл тұрғындарының ризашылығын тудырды. Бұрындары ойық-ойық, ауыр салмақты автокөліктердің әсерінен жол ортасына жинақталып қалған үйінділер көліктің астын қақса, бүгінде жып-жылмағай. Жиырма жылдай Көшімбаев көшесінде тұрып жатқан байырғы тұрғын Қуандық Сағалов та мұны растап отыр.
- Көкпекті ауданының жылдан-жылға гүлденіп келе жатқаны ауыл тұрғыны ретінде мені қатты қуантады. Міне ауылымыздағы көшелерге су құбыры тартылып, көше жолдары асфальтануда. Менің өз ұстаным әркім өз ауласын, ауласының көшеге шығар аумағын таза ұстаса ауыл да таза болады. Иесіз мал, ит-құс көше тазалығына орасан зор нұсқан келтіреді. Ауылдастарымды малдарына ие, ит-құстарына қожа болып, ауыл тазалығын сақтауға шақырамын. Жаңарған көшеде, таза аулада, әсем алаңда демалған қандай ғанибет. Ауылымыздың әкімі Қайрат Алғазиновты қолдап, ауылымызды гүлдендіре түсейік, жерлестер! Ауданымызда осындай көңіл орнықтырар жұмыстардың іске асып жатқаны барлық саланың керегесін кеңейте түседі. Жол инфрақұрылымы – экономика саласының үлкен бөлігі екені мәлім. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «…Жайлы және сапалы жолдары жоқ елдерде – дамыған, бәсекелестікке қабілетті өндірістік база да жоқ, келешегі бар ғылыми технология да жоқ, тұрғындарының жоғары өмір сүру деңгейі де жоқ», - деп пікір білдірген. Ең бастысы, көшелерді көзбояушылық үшін жамап қоймай, екінші қайтара жөнделмейтіндей етіп сапалы жасаған жөн ғой. Сондықтан жол мәселесіне жеңіл-желпі қарауға болмайды.

Клара  ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз