- Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына алғашқы жолдауын жариялады. Бұл жолғы жолдау "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деп аталды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жолдауында мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту секілді қоғамды толғандырып жүрген мәселелерге тоқталып халыққа жауап берді деп ойлаймын. Маған ерекше ұнағаны мемлекет басшысының қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін нақтылағаны. Оның айтуынша, алдағы уақытта қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек.
Өзім мұғалім болып істегендіктен мені көп алаңдататыны шәкірттерімнің білімі, болашағы, мектептен алған білімдерін өмірге жаратуы. Әсіресе, дарынды оқушылардың жағдайы. Осы орайда президент Жолдауындағы - Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырамын деген көкейтесті сұраққа нақты жауап беретін жолдары шәкірттерімнің жүрегіне үміт отын жағады.
Тағы да бүгінгі таңдағы бүкіл мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселе – мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы. Бұл сұрақ та Жолдаудан оң шешімін тапты деп ойлаймы. «Сондықтан мен Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз». Және бәрімізді қуантып отырғаны зейнеткерлікті қамтамасыз ету мәселесінде тағы бір жаңалық: Мемлекет басшысы Үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты түрде пайдалануына қатысты, мысалы баспана сатып алу немесе білім алу үшін жұмсау мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды тапсырды.
Жолдау ахуалды жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың нақты жоспарына айналады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында көтерілген идеялар мен қойылған міндеттерді толық қолдай отырып, алдағы уақытта оларды насихаттауға біз белсене қатысуымыз қажет деген пікірімді білдіремін.