Ағымдағы жылдың 25 маусымында аудан әкімдігінің мәжілісзалында Көкпекті аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХVІІ сессиясы өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслихат депутаты, сессия төрағасы Қажет Жүнісбеков жүргізді. Сессия жұмысына Көкпекті ауданының әкімі А.С.Смаилов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Көкпекті ауданы әкімінің өзіне жүктелген функцияларымен мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов баяндама жасады.
- Аудан бойынша өткен жылда әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің (негізгі капиталға инвестиция көлемі, құрылыс жұмыстарының көлемі, тұрғын үйді пайдалануға енгізу, меншікті кірістер бойынша) жағымды серпіні байқалады. 2018 жылы, сондай-ақ ағымдағы жылдың 5 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша экономиканың барлық саласында оң өсу қарқыны сақталуда.
2019 жылы жергілікті билік органдарының жұмысы келесі негізгі бағыттарға шоғырланатын болады:
- Экономиканың тұрақты дамуын қамта-масыз ету. Экономикалық өсудің мақсатты параметрлеріне қол жеткізу инвестициялық белсенділіктің есебінен жүзеге асады.
- Ең бастылардың бірі - ауылдық округтердің одан әрі дамуы болып қалады. Бұл жерде ағымдағы бюджет аясында неғұрлым өткір мәселелердің шешілуінен бөлек, әлеуметтік серіктестіктен де қаражат тарту есебіне басты назар аударылады.
- Ауылдық округтерде мал шаруашылығын және мал басын одан әрі көбейту және дамыту.
- Ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту.
- Еңбек нарығының тиімділігін арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және тұрғын-дардың кірістерін арттыру.
- Үштілділікті дамытудың кешенді жоспарын әрі қарай жүзеге асыру , оқушылардың білім сапасын көтеру.
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, жоғары технологиялық емдеу әдістерін енгізу тұрғындардың денсаулық көрсеткішін жақсартуға септігін тигізеді.
- «Рухани жаңғыру» бағдар-ламасын одан әрі жүзеге асыру;
- Заңсыз қоныс аудару, қылмыскерлерді іздестіруді белсендіру, нашақорлық және қылмыспен күресті күшейту, терроризм мен діни экстремизмге қарсы әрекеттер бойынша шараларды іске асыру.
Анықталған міндеттерді орындай отырып, Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл ауқат-ының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыруды қамтамасыз етеміз.
Осы жұмыста аумақтың барлық жауапты тұлғаларының, яғни партиялар, аудандық мәс-лихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер, шығармашылық және кәсіби одақтар, бұқаралық ақпарат құралдары белсенді қатысулары қажет.
Тек барлығымыздың жұмысы-мыздың реттелгендігі, заңға бағынушылығымыз, сабырлығымыздың арқасында ғана қоғамда тұрақтылық орнайды. Бірлесіп күш салысу арқылы біз экономикамызды нығайтып, азамат-тарымыздың әл ауқатын көтереміз. Бірлігіміздің арқасында, кез келген қиыншылықты жеңеміз, алға қойылған мақсаттарымызды барлығын орындаймыз. Тек бірлескен күш салысу арқасында өз еңбегіміздің жемісін көре аламыз, - деп баяндамасын аяқтады аудан басшысы.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша сөз алған Көкпекті ауданының жер қатынастар бөлімінің басшысы Самат Құнафин Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының орындау бойынша баяндап берді.
Сондай-ақ, сессияда Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 30-2 «2019-2021 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әлия Тасқайратова сөз алып, баяндама жасады.
Ал, аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов Көкпекті аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» № 32-2 шешіміне өзгерістер енгізу және «Көкпекті ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру, аудандық жер комиссиясын құру Көкпекті аудандық мәслихатының отыз сегізінші сессиясының төрағасын сайлау туралы тоқталып өтті.
Сессия соңында аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы мәслихат сессиясында қаралған мәселелердің маңыздылығын көрсете келе, болашақта депутаттардың ұсыныстарын назарға алып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.