Жаз – жыл мезгілінің ең шуақты кезеңі. Әсіресе барша балақайлар жаз маусымын асыға күтеді. Бірі ауылдағы туыстары мен ата-әжелеріне баруды ойласа, кейбірі лагерьлерде тынығуды жөн көреді. 3 ай демалыстарын тиімді әрі денсаулыққа пайдалы етіп өткізу үшін ата-аналар балаларын спорттық-сауықтыру лагерлеріне жібереді. Маусым айынан бастап жазғы лагерьлер балаларға есігін айқара ашады. Оның ішінде мектеп жанында жұмыс істейтін орындар бар.
Жазғы демалыста балалар мен жас-өспірімдердің сауықтыру және демалысын ұйымдастыру – еліміздің әлеуметтік саясатының басым міндеттерінің бірі. Бұл жөнінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Дулат Тұрлыбековтен сұраған едік.
- Көкпекті ауданы бойынша оқушылардың жазғы демалыс уақытын ұтымды ұйымдастыру мақ-сатында аудан бойынша жоспар құрылып, сәйкес жұмыстар атқарылуда. Аудан бойынша бала саны 4098 оның ішінде 11 сыныпта 189, сонда 3909 оқушы жазғы демалу мен еңбекпен қамтылады. Жаз уақытында 1-10 сынып оқушылары 3909 бала, 100 %; сауықтырумен – 2123 бала, (53%) еңбекпен – 1786 (47%) жазғы сауықтырумен және еңбекпен толық қамтылады. Оның ішінде патронаттағы 8, қамқорлықтағы, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған -50, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар 119, аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар- 841, (көпбалалы отбасынан- 402), аудандық Ішкі істер бөлімінде есепте тұрған - 6, мектепішілік есепте тұрған бала - 8, сәтсіз отбасы балалары - 6, девианттық әрекетті 1 бала «Жаппай оқу» қорының есебінен демалу жоспарланған. Жалпы саны - 1039 бала, - деді аудандық білім беру бөлімінің маманы.
Аудан бойынша 37 мектептің мектеп жанын-дағы лагерьлерінде 1635 бала демалады, ол жалпы оқушылар санының 41% құрайды. Оның ішінде 30 мектеп жанындағы лагерьлерде 891 бала ыстық тамақпен қамтылады, 28 мектеп жанындағы лагерьлерде ыстық тамақсыз 744 бала демалады.
Ауданымызда «Балауса-Көкпекті 2» Новос-тройка ауылындағы (200 бала) және «Көкпекті –Балауса 3» Мойылды ауылындағы (200 бала) екі ауыл сыртындағы лагерлері 5 ауысымнан жұмыс атқарады. Барлығы ауыл сыртындағы лагерлерінде 400 баланың демалысы жоспарлануда. Сонымен қатар, облыс көлеміндегі «Ұржа-райым, «Шығыс ұландары», «Дарын жұлдыздары» Матросов атындағы сауықтандыру лагерлеріне 88 бала демалуға барады.
Еңбекпен қамту лагерінде барлығы 103 топтан 1786 оқушы қамтылады, ол жалпы бала санының 47% құрайды. Жоғары сыныптар арасынан 183 оқушыдан құралған 18 топ жұмыс атқарады. Көріктендіру және көгалдандыру жұмысы бойынша 83 топта 1585 оқушы қамтылатын болады. Аудан бойынша екі мектепте «Үлкенбөкен мектеп- балабақша» кешені (10 бала), Пантелеймоновка негізгі мектебі (8 бала) орман шаруашылығы жұмысын ұйымдастырып, 18 оқушыны қамту жоспарланған. «Үлкенбөкен мектеп-балабақша» кешенінің 5 оқушысы мамыр айының 29-30 аралығында Семей қаласында өткен орман шаруашылық сайысына қатысып, жүлделі І орынды алып келді.
Оқушылардың шығармашылық демалысы бойынша 30 үйірме (үштілділік, интеллектуалдық, дебат, сурет) жұмыс атқарады. Оған 364 оқушы қамту жоспарланған. Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлының тапсырмасы бойынша Самар және Көкпекті аймағы бойынша туристік саяхат ұйымдастыру жоспарланған. Толағай тауының түбінде және Подгорное ауылдарында саяхатқа келушілерге арналып шатырлар мен киіз үйлер тігіледі. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің экскурсоводтары жұмыс істеп тұрады.
Жазғы демалыс кезінде мектеп оқушыларын туристік маршруттар бойынша тарихи орындарға топсеруенге шығару кестелері әзірленуде. Атап айтқанда: Нұр-Сұлтан қаласына 40 бала, Өскемен қаласындағы этноауылға, Қалбатау ауылынан 7 шақырым жерде орналасқан «Ер Жәнібек» монументіне, Ұлан ауданындағы «Сібе» көліне, Қарауыл ауылындағы Жидебай, Бөрлі мұражайларына туристік саяхат бойынша Көкпекті ауданының киелі жерлеріне аудан мектептерінен 1261 оқушы барады. Өскемен қаласындағы Этно ауыл туристік өлкетану орындарына 933 бала баруы ұйымдастырылып, барлығы 2234 бала қамтылады. Тағы бір айта кететін жайт, биылғы жазғы демалыс маусымында да Мойылды ауылындағы «Көкпекті - Балауса-3» лагеріне барушылар үшін аптасына 2 рет Новостроика ауылындағы «Көкпекті - Балауса-2» спорттық сауықтыру лагеріне баруға арнайы автобус ұйымдастырылатын болады.
Атап өткен жөн, 20 маусымнан бастап 16 тамыз аралығында лагерьде жазғы уақытта 5 ауысым ұйымдастырылады. 1-маусым 20.06 - 29.06, 2-маусым 02.07 - 11.07, 3-маусым 14.07 - 23.07 , 4-маусым 26.07 – 04.08, 5-маусым 07.08 - 16.08. Биыл ақылы маусымдарға жолдаманың құны 10 күн үшін 12 мың теңгені құрап отыр.
Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.