Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданындағы қасиетті де киелі мекен – Подгорное ауылы. Қалбаның көп бұйратты бөктеріндегі шағын ғана шалғай ауылдан үш бірдей Кеңес Одағының Батыры шыққан. Олар - Иван Михайлович Яроцкий, Сергей Егорович Седнев және Николай Яковлевич Фонов. Аудан әкімі Асхат Смаилов Батырлар топырағына арнайы ат басын бұрып, жергілікті тұрғындармен бірге Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған шараларға қатысты. Қаһарман ұлдар туған қасиетті топыраққа тағзым етіп, естелік мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Палатцы ауылдық округіне қарасты Подгорное ауылына бұл күні жан-жақтан құрметті қонақтар ағылып жатты. Олардың қатарында ауданның құрметті азаматы Баянды Қожамбетов, маслихат хатшысы Талғат Сарманов, Самар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айдархан Сыдықов, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин. Осы ауылдан екінші дүниежүзілік соғысқа 183 адам аттанған екен. Қан майданнан Жеңіспен оралғандар саны 60 жауынгерден де аспайды. Бұл күні майдангер ұрпақтары да жан-жақтан келіп жатты. Жергілікті мектеп ұжымының күшімен әдеби-сазды қойылым ұсынылды.
Асхат Сайдахметұлы соғыс майдангерлерінің рухына тағзым ете отырып, жергілікті тұрғындарға жүрекжарды лебізін білдірді.
- Қадірменді жерлестер, Сіздерді 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бұл - аға буынның жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жеңісі. Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлерінің жемісі. Сұрапыл соғыста шейіт болған және ортамызда жүрген ардагерлерге алғыс айтып, басымызды иеміз, - деді аудан басшысы.
Шара соңында аудан әкімі Асхат Смаилов ауыл тұрғындарымен бірге мәңгілік алауға тағзым гүлін қойып, соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Батырлар мемориалының аумағына қайың және шырша көшеттерін отырғызу шарасына қатысты.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз