Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылында 3 наурыз күні болған тілсіз жау өрттің кесірінен болған тайталаста өрт сөндіруші жігіттер Құсмановтар отбасының үйін өрттен аман алып қалды. Басын бәйгеге тігіп, өзгенің өмірі үшін алысқан Көкпекті ауылындағы № 58 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Марат Серікұлы Бакеновке және осы кезекшіліктегі азаматтарға Құсмановтар отбасының алғысы шексіз.
Оқиға өткен жексенбі күні түнгі сағат 3 терде Көкпекті ауылындағы Құсмановтар отбасының монша мұржасының тұтануынан басталды.
Өрт сөндіру бөліміне түскен қоңыраудан кейін кезекшілікте тұрған лейтенант Марат Бакеновтың қарауыл тобындағы жігіттер жедел түрде өртті сөндіруге кірісті. Тілсіз жаумен ержүрек жігіттер бір сағаттай алысып, сағат 5:30 да толық өртті ауыздықтады. Оқиғаның басы қасында жүрген Марат Серікұлының мәліметі бойынша, өрт қатты өршіп моншаның жанындағы қосалқы шаруашылыққа және үйге қарай шауып бара жатты. Өртті өшіруге 9 тоннадай су кетіп, 50 шаршы метр жерде өрт сөндіріліп, ыстық өрттің ішінен 2 газ толған баллонды алып шығыпты.


-Өрт сөндіруші лапылдап жанған жалынды сөндірумен айналысып қана қоймай, өз өміріне қаншалықты қауіп төніп тұрғанын сезсе де, алдымен адамдарды құтқаруды ойлайды. Сондықтан, өрт сөндіруші тек жағдайды дұрыс бағалай біліп, тілсіз жаудан жапа шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, өз ісіне өте тиянақты, заман талабына сай мобильді бола білуі керек, - дейді Марат Серікұлы.
Марат және қарауыл жігіттері өздерінің жасаған істерін ерлікке баламайды. Әрбір өрт сөндіруші жұмыста немесе жұмыстан тыс уақытта адам өмірін арашалауға әрдайым дайын болу керек, - дейді ол.
Сөз соңында айтарым, өрт қауіпсіздігін сақтап, қатердің алдын алайық!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз