«Нұр отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының ХХII конференциясы аудан орталығы Көкпекті ауылында өтті. Жиында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша партияның рөлі талқыланды. Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асхат Смаилов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның мүшелері, жергілікті атқарушы органдар басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асхат Смаилов аудандық партия тарапынан жасалып жатқан іргелі істер туралы айтты. - Елбасы, «Нұр Отан» Партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде экономикалық, саяси жəне əлеуметтік жаңғыру жүзеге асырылып жатыр. Біздің саяси ұйым осы өзгерістердің бірінен де қалыс қалмай, елді-мекендерде орындалуына зер салатыны анық. Партияның өз ішінде де ауқымды жаңғырту жұмыстары басталып кетті. Соның ішінде уақыт талабына сай цифрландыру маңызды рөл атқарады, бүгінгі күні аудан бойынша 9 мектепте роботтық техникалық IT-сыныптар ашылған. Конференцияның күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.
Басқосуда баяндама жасаған «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Есімханқызы Оразғалиева, бүгінгі күні жауапты міндеттерді жүзеге асыруда бастауыш партия ұйымдарының рөлі ерекше екендігіне тоқталды. Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Бастауыш партия ұйымдары» - «Нұр Отанның» негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналғанын және жыл сайын «Нұр Отан» партиясы ең басты саяси күшке айналып, халықтың қолдауына ие болып келе жатқанын атап өтті. Өздеріңізге белгілі, «Нұр Отан» партиясының мақсаты – саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар, экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу. Бүгінде аудандық филиал құрамында 13 бастауыш партия ұйымы және 1995 мүшесі бар. Ұсынылып отырған бастаманың бірі партияны жаңғырту және оның қызметінде қазіргі заманғы технологияларды қолдануға бағытталған. Бүгінгі таңда өңірімізде барлығы 9 ІТ-сыныптары ашылып, онда 8 жас пен 16 жас аралығындағы барлығы 500 бала қосымша білім алып, роботехниканы меңгерумен айналысуда. Жоба жергілікті бюджет және демеушілік қаражаттар есебінен қаржыланды. 2019 жылы осындай 7 ІТ-сынып ашылуы жоспарланып отыр. Партияның «Рухани жаңғыру» шеңберіндегі жобалардан кітапханалар да тыс қалған жоқ, кітапхана қорын цифрландыруды қолға алды. 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланады, демек жастардың мәселелері назардан тыс қалмасы анық. Жылдан жылға партиямыздың қатары жас, әрі білікті азаматтармен толығып келе жатқандығы қуантады.
ХХІІ конференциясының жұмысын қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асхат Смаилов партияның 20 жылдығын жоғары деңгейде атап өтіп, лайықты қарсы алуға шақырды. Қашанда партия мүшелерінің көпсөздікке ұрынбай, нәтижелі іс-әрекетке қызмет етуге шақырды. Конференцияда сөз алған аудандық маслихаттағы фракция мүшесі Елена Сихварт, аудандық білім бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафинова, Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлия Мұқашева партияластарын «Нұр Отан» партиясының халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған әлеуметтік-саяси бастамаларын қолдап, партия бағытының дұрыс таңдалғанын тілге тиек етті.
Конференцияға қатысушылар «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық конференциясына, аудан әкімі орынбасары Ж.Майкенев, «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Оразғалиева бастаған партия белсенділерін делегат етіп сайлады.
Қайрат Малгаждаров
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.