Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тұрғындар мен билік арасындағы байланыстың бір көрінісі – есептік кездесу. Өйткені мұнда халық ауданның дамуы, экономикалық жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы мәліметтерден атқарушы биліктің өз аузынан хабардар болады. Сондай-ақ, өздерінің ұсыныс-талаптарын ортаға салуға мүмкіндік алады.
Қаңтар айының 21 күні аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов Шұғылбай, Теректі және Үлкенбөкен ауылдық округтерінде болып, 2018 жылғы атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы есептік кездесуін өткізді.
Есеп беру кездесуі І.Жансүгіров атындағы орта мектептің акт залында өтті. Аудан әкімінің есептік кездесуіне ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Елдос Чикенов қатысты.


Сонымен қатар ауыл ақсақалдары, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық ардагер кеңесінің төрағасы, ауыл тұрғындары, ұстаздар және барлық дербес бөлім басшылары, әкімшілік қызметкерлері, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Есеп беру жиынын Шұғылбай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Анар Назарханова жүргізіп, өзінің баяндамасында бір жылда атқарылған жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды.
- Округте 2018 жылы миграция бойынша кету қарқыны басымырақ болып ағымдағы жылы 27 адам қоныс аударса, 11 адам көшіп келді. 2019 жылдың 1 қаңтарына жүргізілген санақ бойынша округте 485 адам тіркеуге алынды. Округтағы екі елді мекенде екі медициналық пункт тіркелген болатын, желтоқсан айында Мелитополь ауылындағы медициналық пункт тұрғындардың санына байланысты қысқартылды. Қазіргі уақытта Шұғылбай ауылындағы медпунктте 1 мейірбике ғана тұрғындарға қызмет көрсетуде, фельдшердің орны вакансияда тұр. Сол сияқты аудан әкімінің былтырғы жылы есептік кездесуінде мектептің төбесіне жөндеу жүргізу мәселесі көтерілген болатын. 2018 жылы аудан бюджетінен 1986175 теңге қаржы бөлініп, мектептің төбесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді – деді, округ әкімі.
Ал, күн тәртібі бойынша кезекті сөз аудан әкімі Асхат Сайдахметұлына берілді. Аудан басшысы 2018 жылы ауданда атқарылған жұмыстар жөнінде саралай келе алдағы уақытта көзделген міндеттерге тоқталып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Өз сөзінде Асхат Сайдахметұлы Елбасының биылғы халыққа жолдаған Жолдауына сәйкес халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған жаңа міндеттерді атап өтіп, аудандағы барлық салалар бойынша атқарылған жетістіктерді саралап берді.
Сондай-ақ, аудан басшысымен өткен жыл көлемінде 630 хаттамалық тапсырма берілсе, жеке және заңды тұлғаларды қабылдау бойынша 130 азамат қабылданған. Алдағы уақытта 17 ауылдық округ тұрғындарын аудан әкімінің үш орынбасары ауылдық округтерге келіп қабылдау өткізетін болады. Ал, аудан басшысы осы жиында өзінің экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары Жасұлан Майкеновты Шұғылбай округіне жеке қабылдау өткізуге жауапты етіп бекітті.
Есеп беру барысында аудан әкімі биылғы жылы атқарылар істердің - ауылдың көріктенуін дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, әсіресе, аудандағы мал шаруашылығын дамыту мәселесі, ауылшаруашылық өнімінің өндіріс көлемін арттыру, ауыл шаруашылығын жүйелі қолдау бойынша шаралар қолдану, білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базасын жаңарту, жол мәселесін реттеу, аудан ауылдарында сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасатындығын жеткізді.
Өз баяндамасында аудан басшысы ауылдарда мал бордақылау алаңының санын көбейтуге, етті және сүтті бағыттағы мал басын асылдандыруға инвестиция салынбайтынын баса айтты. - Жалпы ауданда асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын 17 шаруа қожалық тіркелген, оның ішінде етті мал шаруашылығында – 13, сүт шаруашылығында – 1, жылқы шаруашылығында – 2, марал шаруашылығында – 1 шаруашылық. Асыл тұқымды малдың үлес салмағы: ірі қара мал – 13,9%, жылқы – 5,5 %, марал - 100 % құрайды. Болашақта нәтижелі өнім беретін мал басын және сапасын арттыру керекпіз, - еді Асхат Сайдахметұлы.
Баяндаманы талқылау үшін жарыссөзге шыққан ауыл тұрғындары ауылдық округтегі шешімі табылмай жүрген мектептің есік, терезесін жаңалау мен клуб үйін жөндеу жұмыстары қолға алынса деген пікірлерін білдірді.
Ал, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, зейнеткер Өмір Рақымжанов аудан әкімінің Көкпекті жері үшін жасалып жатқан игі істеріне ризашылығын білдіріп, батасын берді.
Жалпы алғанда былтырғы жылы ауданда іргелі істер мен ірі жобалар іске асырылып, көптеген жұмыстар қолға алынды. Аудан, округ әкімдерінің бір жыл бойы атқарған жұмысына округ тұрғындары қанағаттанарлық деген бағасын берді.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз