Көкпектілік былғары қолғап шеберлері тағы бір турнирден жеңіспен оралды. Боксерлер 13-15 желтоқсан күндері Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде Астана қаласының 20 жылдығы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 2005-2006, 2007-2008 ж.ж жасөспірімдер арасында бокстан облыстық турнирде бақтарын сынады. Аталмыш бәсекеде Ақылбек Азанбаев, Әділжан Тюлебеков, Темірлан Карибжанов, Абылайхан Пиктаров (Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп), Бекзат Донбаев (Көкпекті орта мектебі) ІІІ орынды қанжығалап келді.
Қазіргі таңда Қазақстанда спорттың ең бір дамыған түрі бокс десек, сірә қателеспейміз. Спорттың осы бір жарқын түрі елімізді дүниежүзіне танытып, әлемдік додаларда қанжығамызды майлантып жүргені де рас. Аталмыш турнирға шәкірттерін баптап, жастарға бокс өнерінің қыр-сырын үйретіп жүрген жаттықтырушы Берік Сағынбаев:
- Жас спортшылардың спортқа деген сүйіспеншілігі көңілді толтырады. Жеңіске деген жігерлерінің арқасында табысқа қол жеткізуде. Болашақтарынан зор үміт күтемін, әрі биік белесті бағындыратынына сенімдімін, – дейді.
Олай болса халықаралық маңызды бә-секелерде жеңісті қолдан бермейтін жас боксшылардың жеңістері мен жетістіктері ауданымыздың биік мәртебесін айғақтай берсін!
Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.