Көкпекті ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Рес-публикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы Сабильяновқа Көкпекті ауданы мәслихатының 3 қазандағы № 26-5/8 шешімімен - «Көкпекті ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Аудан әкімі Асхат Смаилов пен аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов барша көкпектіліктердің атынан Нұртай Салихұлына алғыс айтып, «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» төсбелгісі мен куәлігін табыстады.
Нұртай Салихұлы Сабильянов - Мәжіліс депутаты ретінде Көкпекті ауданында талай кездесулер өткізіп, әлеуметтік, экономикалық мәселелердің оңды шешімін табуына жан аямай қызмет етіп жүрген халық қалаулысы.
Көкпекті ауданында болған әр кездесуінде Нұртай Салихұлы сайлаушыларының арыздары мен өтініштерін қалт жібермей тыңдап, көмегін көрсетіп жүр. Кейінгі кезде ауылдардың басты сұранысы ауыз су мәселесі болғандықтан, көптеген кездесулерде осы мәселе көтерілетін. Нұртай Салихұлының ат салысуымен республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Көкпекті, Самар, Теректі, Бастаушы ауылдарына таза ауыз жеткізілуде.
Нұртай Салихұлы 1962 жылы 1 маусымда Семей облысы Аягөз ауданы Шыңқожа ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1979 жылдың шілде айында Аягөз ауданының «Нарын» кеңшарындағы «Орбита» комсомол-жастар бригадасында бастады. Ол 1986 жылы Алматы қаласында болған Желтоқсан оқиғасына белсене қатысқан. Жұбайы – Нұрсәуле Оразбаева екеуі 5 бала тәрбиелеп отыр. Нұртай Сабильянов туралы жазылған кітаптар - «Намыс найзағайы», «Нұртай», «Шапағат», «Парыз», «Ел аманаты».
Осы қысқа анықтаманың өзі Нұртай Салихұлының қоғамдағы да, ел тарихындағы да қайраткерлік істерін көрсетеді. Еңбекпен шыныққан, ел мүддесін өз пайдасынан жоғары қоя білетін Нұртай Салихұлын ауданымыздың әр ауылының тұрғындары өз азаматындай құрметтеп, ерекше сыйлайды.
Халық қалаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы Сабильяновты құрметті атағымен құттықтаймыз. Ел игілігі үшін атқарып жүрген еңбегіне табыс пен жетістіктер тілейміз!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.