Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Кез келген елдің өсуі, өркендеуі, әлемдік деңгейде өз орнын алуы сол елдің білім жүйесінің деңгейіне, даму сатысына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
22 қазан күні Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің ұжымы Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебіне оқыту ісшарасы семинарына қатысып қайтты. Әр пән мұғалімдері НЗМ- ге келу жоспарына сай, секцияларға бөлініп әр түрлі тақырыпта баяндамалар оқыды.


Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарламаны меңгеру әр мұғалімнің міндеті. Жылдам өзгермелі, жаңа, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына алғаш 30 пилоттық мектеп жобасына кірген күннен-ақ көзіміз жеткен. Жаңартылған білім беру аясында, оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, келешекте де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты. Оқушылар үшін мұғалім қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болу қажет. 
Жаңа мазмұнда жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болғандықтан НЗМ барған әр сапарда жаңалықтың жаңа қырын танып, білім мазмұнындағы жаңалықтармен қаруланып қайтады. Оқыту бағдарламасы күннен-күнге өзгергендіктен, білім беруге жаңаша көзқарас қалыптасуда. Сондықтан да, ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру, технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу осындай сабақтастық байланыстың нәтижесінде көрінеді.
Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің ақпараты

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз