Діни төзімділік пен ұлтаралық ынтымақты берік ұстанған Қазақстан халқы үшін адамдарды жақындастырып, ізгілік мен мейірім шуағын төгетін, қашан да бір-біріне кешірімді де қайырымды болуға шақыратын ұлық мейрам - Құрбан айттың маңызы ерекше. Ғасырлар бойы халықтың ынтымағын арттыруға ықпал етіп келген, бүгінде еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің мерекесіне айналған Барлық мұсылман қауымын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз.
Ғасырлар бойы діни төзімділік пен ұлтаралық бірлікті, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр сабақтастығын сақтаған Қазақстан халқы үшін Құрбан айт мейрамы тек қана діни мереке емес, сонымен қатар бейбітшілік пен келісімнің нышаны болып табылады.
Бұрынғы дәстүр бойынша Құрбан айт мейрамы адамзаттың дүйім жұртын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбірлікке, кешірімге шақырады.
Құрбан айт – бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Бұл күні мұсылмандар қайырлы, ізгі амалдар арқылы Жаратушыға жақындайды. Алланың разылығы үшін құрбан шалып, тұрмыс-жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетеді. Ұлық мереке ағайын арасын жақындатып, көршілерді, ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйытып, татулыққа шақырады. Қажылыққа аттанған мұсылман бауырларымыз, отандастарымыз жүздерін қасиетті Қағбаға қаратып, Арафат тауында еліміздің игілігі мен халқымыздың бірлігін, екі дүниенің бақытын тілеп, Жаратқанға жалбарына дұға жасауда.
Құрбан айт татулықты басты тірегі еткен Тәуелсізеліміздің халықтық мерекесіне айналды. Елбасы мерейлі мейрамды Қазақстан жұртшылығы үшін демалыс күні деп жариялады. Парасатты шешім халықтар достығы мен бірлігін нығайта түсуге септігін тигізіп келеді. Біз мұны дәстүрлі дініміз Исламға көрсетілген аса зор құрмет деп білеміз. Көкпекті ауданының көпұлтты тұрғындары да айт мерекесін үлкен дайындықпен қарсы алып, құрбандық шалады, қайырымдылық іс-шараларға белсене атсалысады.
Исламда Аллаға ұнамды әрбір іс – садақа. Жетімнің басын сипасақ та – садақа. Жолаушыға кедергі келтірер кез-келген затты жолдан алып тастау да – сауап.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, игілікке,бірлікке үндейтін ұлық мереке – Құрбан айт мүбәрак болғай, ағайын. Аспанымыз ашық болып, шаңырағымыздан шаттық кетпесін! Еліміз аман болып, одан әрі өніп өркендесін «Құрбан айт» қабыл болсын!
Еңселі елдің болашағы баянды, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!
А.С.Смаилов, аудан әкімі
Т.М.Сарманов, маслихат хатшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.