Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1962 жылы Биғаш ауылына көшіп келіп, Көкпекті кеңшарының бір отар қойына ие болған Мәкеш апа, бас шопан ретінде мал басының есеп-қисабын өзі жүргізеді. Отағасы Құрмаш ата малдың өрісі мен жусауын жаза бастырмайтын құтты таяқты нағыз шопан еді. Екеуі баққан малдың шып-шырғасын шығармай, үкіметтің байлығын еселей беріпті. Ұл-қыздарын өсіріп, немерелерін жеткізіп ел қатарлы ғұмыр кешіпті. Қазір Жұмағазы мен Бәдигүл бес бала өсірген, өздері ата-әже болып немере бағып отыр. Олардан соңғы Әділғазы, Бақытгүл, Қайырғазы, Анаргүл, Сейітқазы – бәрі де үйлі-баранды, бір-бір үй болып шаңырақ көтеріп, түтін түтетіп отырған Мәкеш апаның бақытты ұрпағы.
Осы уақытқа дейін Есімовтар әулетінде ұмытылмай келе жатқан бір әпсана – ол арғымақ Елік жиреннің баяны. Мәкеш апаның ақылымен Жұмаш баптап ұстаған бәйге ат.


Әуелде соқыр ат Қиынжұрт жақтағы бір қойшыда мініс болыпты. Одан егінбұлақтық Дананов Малғажбек алып, ауылішілік қой торы еткен екен. Жасы он алтыға қарап қалғанда мына Жұмаштың қолына тиген – дейді сол атырапта талай жыл шаруашылық басқарған Серік Үйсенов.
Әуелден мал ішінде жылқы баласын күтіп ұстайтын Жұмекең астындағы атының күйін одан әрі діттейтін. Сөйтіп, басында бір қырым еті жоқ, бір көзіне ақ түскен соқыр аттың тұяғын шауып тағалап, ер тиген арқасын қомдап, ем-домын жасай бастайды. Жемді қанша берседе астауынан қалдырып, қомағайланбай, талғамсып тұрады екен. Суды жақсы ішеді. Кешкісін ерін алған соң жетелеп, көңге тартса - бір аунағанда үш аунады. Адамды жатырқап, жаратпауы бар екен. Ер қашты болғаны болмаса, қашағандық, үркектік жоқ, көткеншек болмады.
Ат танитын Жұмаш енді бұл соқыр жиреннің тұқымын куалады. Тұрқына қараса қалмақы күрең дерсің, оған салса жал-құйрығы сұйық, майда, басы етсіз. Төрт аяғы тең, тізеден құндыздыққа дейін сіңірі білінердей бірдей сыла, тұяқтары оймақтай, жерсоғары тік. Қылтасын шідер қиғанба сол жағында болар-болмас тыртық білінеді. Аттың жанында отырғаны көп болса керек, тұсамысын бекітіп, Жаушоқыға беттете, отқа қойды. Сол жылы қыс бойы күтіп, шанаға жекпей, ту құйрығын төңкертіп, қазысын толтыртып, семіз ұстады. Еті толған жирен ерекше құлпырып, әсем басатын. Жаз жайлауына «Алтыаттың» өзегі белгіленген Жұмаш қойы қырқылғасын қырға көшіп кетті.
Биғаш ауылында өткен бірінші Наурыз мейрамында 7 үй тігілді, кеңсе мен орталық қойма қосүй тікті. Мұның бәрін айтып отырғанымыз бұрындары бәйге ат болса управ, директор деген басшылар бір көрінгеннен соң алып қойып, өлгенше мініп етке өткізіп тынатын. Жұмаш атын бірер рет жайлаудағы көкпарға салып көрген. Шабысы екпінді, тынысы кең, ұзаққа шабардай. Бастықтар алып қояр деп сескеніп, жай жаратып жүрді. Наурызға бәйге болатын болды. Ұйымдастырушылар 200 сом тігетін болыпты, сол кезде ең жоғарғы зейнетақы 120 сом болса, бұл өте көп ақша еді. Наурыз, көкек жаратып, қазысын ыдыратып, әлденеше терін алып білгенінше баптап жүрді. Мал танитын шешесі Мәкеш:
- Жұмаш-ау бұл сақа ат, аяғы, өкпесі аман ба екен, малдәрігерлеріне көрсетіп алсаңшы – дейтін. Шынында, он бестен асқанда өнер шығар ма екен деп, дүдәмалдансада бір сынап көрмекке дайындалды. Үміті ақталып ат бәйгеден келді.
Жиырмасыншы ғасырдың 90 жылдарының ауыр күндерінде бір үйлі жанды бір бәйгесімен асыраған Соқыр ат – Елік жирен 23 жасына дейін 16 бәйгеге қатысып иесіне бірнеше жеңіл машина, түйе, ат, кілем миллиондаған сом қаражат келтіреді.
Боранбай би асында бір тоғыз, қаракерей Қабанбай батырдың Жарма ауданында өткен 300 жылдық тойында айналым сайын 5 айналымның бәйгесін алады. Бағы шапқан, бабы да шапқан Елік жиреннің басы Биғаш аулында Есімовтардың үйінің төбесінде қастерленіп ілулі тұр.
Әулетінің қасиетін жоғалтпай ұрпағын өрбітіп отырған, бір үйдің алтын арқауы биғаштық Мәкеш апа Есімова бақытты жан.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз