Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Азаматтық кодекстің нормаларымен мұраны қабылдаудың мерзімі және тәсілі қарастырылған. Алайда көпшілік халық бұл заң нормаларын білмегеніне байланысты, мұраны қабылдау кезінде көптеген қиыншылықтармен кездесіп, соттың және басқа да уәкілетті органдардың табалдырықтарын аттауларына тура келеді. Осындай жағдайларды болғызбау мақсатында және халықтың құқықтық салауаттылығын жоғарлату мақсатында халыққа келесі ақпаратты жеткізуді қажет деп санаймын.
Мұрагерлік дегеніміз бұл - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Мұра азаматтың қайтыс болуына байланысты немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұраның ашылу орны бұл - мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса, оның мүлкінің немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi болып табылады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.


Мұрагерлiк өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады. Мұра қалдырушы өсиет қалдырмаған жағдайда немесе өсиетпен бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, мұрагерлiк заң бойынша орын алады.
Заң бойынша мұрагерлер Азаматтық кодекстiң 1061-1064 баптарында көзделген кезек тәртiбiмен мұрагерлiкке шақырылады. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.
Мұра ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде қабылдануы мүмкін, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап, алты ай iшiнде, оның бірінші кезектегі мұрагелері (балалары, жұбайы (зайыбы), ата-анасы) өздері немесе өкілдері арқылы мұра ашылған жердегi нотариусқа мұраны қабылдау туралы немесе мұрадан бас тарту туралы өтініштерін беруге тиісті. Нотариус аталған өтініштерді қабылдап, алты ай өткен соң, анықталған мұрагерлерге мұраға құқық туралы куәлiктерін береді. Аталған куәліктердің негізінде мұрагерлер қабылдаған мұраға өз құқықтарын уәкілетті органдарға барып тіркейді.
Егер де мұрагер мұраны қабылдау немесе мұрадан бас тарту үшiн белгiленген мерзiмдi дәлелдi себептер бойынша өткiзiп алған болса, онда бұл мерзімді тек сот арқылы қалпына келтiруге құқылы. Мұра қабылдау дауын сотта қозғамай, өз уақыттары мен қаражаттарын үнемдеу үшін, мұрагерлер мұраны уақытылы қабылдау керек.
Мұра қабылдағанда тағыда бір туындайтын мәселе бұл - мұра қалдырушының қайтыс болу туралы куәлігіндегі көрсетілген аты-жөні мұрагерлердің мұрагерлік құқықтарын растайтын құжаттарындағы (туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік және т.б.) көрсетілген аты-жөнімен сәйкес келмеуі. Бұл қателер негізінен жаңадан құжаттар (жеке куәлік, төл құжат, туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік) алу кезінде орын алады. Орын алған қателіктер мұра қалдырушымен тірі кезінде қалпына келтірілмегендіктен, азаматтық хал актілерін тіркеу органдары бұл қателіктерді мұрагерлердің өтініштері бойынша түзеуден бас тартады, ал бұл қайтадан тек қана сот арқылы шешілетін дауға әкеп соқтырады. Сондықтан әр азамат құжаттарын алған кезде тексеріп, орын алған алған кемшіліктерді уақытылы түзетуге әрекет жасау керек.


Ә.Бақытбекұлы,
Көкпекті аудандық сотының төрағасы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз