Салауатты өмір салтын насихаттап, адам денсаулығына жіті көңіл бөлу, мүмкіндігі шек-теулі жандарға қолжетімді жағдай жасай отырып, қоғамдық ортаға бейімдеу – бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Осы орайда, мүмкіндігі шектеулі жандардың ем алуына және демалуына қолайлы жағдай туғызатын орындардың бірі Көкпекті ауданы арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы. Көкпекті ауданындағы арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы - мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғызлікті қарттарға мейірім нұрын дарытып, өмір сүруге деген үмітін жалғап келе жатқан ұжым. Осы орталықтың негізгі қызметінің бірі - мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету. Аталмыш мекеменің бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы орталықтың директоры Райхангүл Қапезқызы Баймолдинамен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
- «Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес қызмет алушылардың жеке қажеттіліктеріне қарай, олардың тұрмыстағы тыныс-тіршілігін қолдауға, денсаулығын жақсартуға, әлеуметтік бейімдеуге, әлеуметтендіруге, психологиялық жай–күйін түзеуге, балалардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілетін ескере отырып, педагогикалық түзеуге және тұрмыс дағдыларын үйретуге, еңбек дағдыларын қалыптастыруға, қамқорлықтағылардың өмір сүру деңгейін қолдауға, жақсартуға және заңды құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік- экономикалық және әлеу-меттік-құқықтық қызметтер көрсетеді. Орталық 2009 жылдың қараша айында құрылды, сондай-ақ, мекеме психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға, тiрек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық ауытқушылықтары бар он сегiз жастан асқан мүгедектерге, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге, егде жасына байланысты өзiне қызмет көрсетуге қабiлетсiз қарттарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге уәкілетті заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
Орталықтың қызметінің мәні қызмет алушыларға әлеуметтік бейімделуіне және жан-жақты дамуына көмектеседі. Сондай-ақ, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және кешенді оңалту іс шараларын өткізу, кәсіби тұрғыдан көмек көрсету, олардың барынша толық әрі мезгілімен әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету.
- Орталықта қандай қызмет түрлері көр-сетіледі?
- Мекеменің барлық жұмысы ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына және Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес, мекеме басшылығы бекіткен жұмыс жоспары мен кестеге сәйкес жүргізіледі.
Мекеме мақсатқа қол жеткiзу үшiн келесі қызмет түрлерiн жүзеге асырады: 1) әлеуметтік – тұрмыстық қызметтер; 2) әлеуметтік – медициналық қызметтер; 3) әлеуметтік – психологиялық қызметтер; 4) әлеуметтік – педагогикалық қызметтер; 5) әлеуметтік – еңбектік қызметтер; 6) әлеуметтік – мәдени қызметтер; 7) әлеуметтік – экономикалық қызметтер; 8) әлеуметтік – құқықтық қызметтер. Мекеме ішінде құрылымдық бөлімшелер:
1) жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі; 2) мүмкіншіліктері шектеулі балаларға және 18 жас-тан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі; 3) күндізге келу бөлімшесі; 3) қысқа мерзімді болу топтары болды
- Қазіргі уақытта орталықта қанша адамға әлеуметтік қызмет көрсетіледі?
- Қазіргі уақытта мекемеде 216 қызмет алушыға үйде әлеуметтік көмек көрсетіледі, оның ішінде жалғызбасты қарттарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен 142 жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен 65 қызмет алушыға үйде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Күндізге келу бөлімшесінде мүмкіндігі шектеулі 9 бала бар. Оңалту шаралары бекітілген кестеге сәйкес сағат 09.00-ден 13.00 - ке дейін жүргізіледі. Қызмет алушыларды Орталыққа және үйлеріне жеткізу мейіргер және тәрбиешінің қарауында «Газель» автокөлігімен жүзеге асырылады.
Мекемедегі медициналық, оқыту-үйре-ту, әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларын дамыту, психологиялық әсер ету кабинеті, акт залы, массаж жасау кабинеттері, демалыс бөлмелері, ұйықтайтын бөлме, қысқы бақ, емдік дене шынықтырумен айналысу кабинеттері жұмыс жасауда. Кабинеттерде жүргізілетін жұмыстардың барлығы бекітілген жоспар және кесте бойынша мамандармен жүргізіліп отырады. Мекеме қызметкерлері қызмет алушыларға қолөнер бұйымдарын жасауды үйретіп, еңбекке баулиды.
- Мекемеде еңбек ететін қызмет-керлер жайлы айтып өтсеңіз.
- Қазіргі уақытта мекемеде 61 қызметкер жұмыс жасауда, олардың ішінде оңалту іс-шараларын психолог, еңбекке оқыту мұғалімі, музыка мұғалімі, ЕДШ нұсқаушысы, массаж жасау жөніндегі маман, педиа-тр, невропатолог, тәрбиеші, әлеуметтік қызметкерлер сияқты мамандар жүргізеді.
Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы қызметкерлерімен және қызмет алушыларымен бірлесе отырып, мерекелік іс-шаралар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып отырады.
- Балалармен жұмыс неге негізделген?
- Балалар тұрмыстық бағдарлану және қол еңбегі дағдыларының негiздерiне үйретіледі, оның нәтижесiнде олар тамақ пiсiру, тұрғын жайды күту, тұрғын үй аумағын жинау сияқты тұрмыстық дағдыларды игереді. Қызмет алушылармен жеке жұмыс жүргізу және олардың ата- аналарын үй жағдайында оңалтудың негiздерiне үйрету нәтижесінде өзiне - өзi қызмет көрсету дағдылары, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзiн-өзi ұстау, өзiн-өзi бақылау, қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгерген қызмет алушылар саны артуда.
Мамандар мүмкіндігі шектеулі баланың қозғалыс функциясын арттыру, психикалық функцияларды дамыту, эмоционалды жағынан дамыту, қарым - қатынас және өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру мақсатымен эстафеталық ойындар сайысын өткізеді. Спорттық ойындар мүмкіндігі шектеулі баланы спорт түрлерінен жетістікке жетуге жетелейді, қоғам өміріне қатысуға мүмкіндіктер ашады, өзіне сенімді болуға көмектеседі.
- Қайырымдылық шаралары қолдаудың бір жүйесі ғой.
- Иә, бөлімшеде өткізілетін мәдени іс-шаралар қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Табысы аз, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету мақсатында қоғамдық ұйымдарымен, кәсіпкерлік құрылымдарымен қарым-қатынас жасалады. Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы өз жұмысын жалғастыруда, жұмысының нәтижесі қызмет алушылардың бойындағы дамуындағы оңды өзгерістерден байқауға болады. Алдағы уақытта мекеме өз жұмысын тек жақсы жағынан көрсетіп, биік жетістіктерге ғана ұмтылмақ. Ағымдағы жылда күндізге келу бөлімшесінің қызмет алушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда. Қаржыландырудың жетіспеушілігіне байланысты, біз ауданымыздың кәсіпкерлеріне ғимаратты қоршауға, брусчатка қалауға, жолдың ғимаратқа апаратын бөл-шегін жөндеуге демеушілік көмек көрсету жөнінде хат жолдадық. Ауданымыздың кәсіпкерлері аталған игі істерде шетте қалмай мүмкіндігінше көмек көрсететеді деп үміттенеміз.
- Мүмкіндігі шектеулі балалар ата-анасымен байланыс маңызды ғой.
- Әрине. Педагогикалық түзету кезінде әлеуметтік қызметкер мен мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасы арасында өзара байланыстың болуы өте маңызды. Отбасылық тәрбие қателіктері психофизикалық дамудың ауытқуын одан да қиындатып жіберуі мүмкін. Сондықтан, мамандар ата-аналарға баласының өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысы, қолдың ұсақ моторикасын дамытуды, қорғаныс тәртібін сақтау, ерекше баласына шыдамдылықты таныту, сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен кеңестер береді. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеру, үй жағдайында оңалтудың негіздерін үйрету және отбасы мүшелерін әлеуметтік-психологиялық қолдау және қызмет алушыларды әлеуметтік қорғау бағытында семинарлар, психологиялық тренингтер өткізіледі, кеңестер беріледі. Осындай кешенді түзете-дамыту жұмыстары танымдық, қимыл-қозғалыстық және эмоционалды-ерік саласындағы кемшіліктерді жоя отырып, әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және әлеуметтік ортаға бейімделіп енуіне оң әсер етеді. Нәтиже де жоқ емес. Бөлімше жұмыс істей бастағаннан бері бірнеше баланың бойынан өзгерістерді байқауға болады.
- Қиын да жауапты еңбектеріңіз жақсы нәтиже берсін дейміз. Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.