Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 29 нау-рыз күні Нұр Отан партиясы филиалының ғимар-атында қоғамдық тыңдалым болып өтті. Қоғамдық тыңдалымға ақсақалдар кеңесі, маслихат депутаттары, жоба мердігерінің өкілдері, ТҮКШ, автомобиль жолдары, сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің мамандары, Нұр Отан партиясының консультанты Г.Ақшабаева және ауылдық округ әкімі Е.Ниязбаев қатысты.

 

Аудан әкімінің міндетін атқару-шы Марат Теміржанов басшылық еткен жиналыста Көкпекті ауыл-ындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту жобасы жөнінде сөз қозғалды. Аймақты дамыту бағдарламасы аясынды жүзеге асырылатын жобаның жалпы құны 1008823,16 мың теңге. 2018 жылға бөлінген қаржы мөлшері 165 млн. теңге яғни 16,3 %-ды құрайды. Ал, мердігер компания «Union Construction Group» ЖШС жетекшісі Бақыт Еркінбекқызы Ұлтарақова.
Бұған дейін көшедегі құдықтан тасып ішіп келген ауыл тұрғындарының да қуанышқа кенелер күні таяу. Жуық арада су құбырлары жүйесін қайта қалпына келтіру құрылысы басталды. Марат Қапарұлы жиналғандарды су құбырларын орнату жұмысын жүргізуші мердігер компания қызметкерлерімен таныстыра келе, директордың орынбасары Аслан Тюменбаевқа сөз берді.
- Жұмысты сәуірдің 10-нан кейін бастауды жоспарлап отырмыз - деді Аслан Асқарұлы. Бұл мақсатқа барлық қаржы көздерінен 165 миллион теңге қаржы бағытталады. Нәтижесінде орталықтандырылған су жүйесі аймақ тұрғын-дарына қолжетімді болмақ.
Жиын барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Қапарұлы Теміржанов, Көкпекті округінің әкімі Ерлан Қизаттолаұлына ауылдағы мүмкіндігі шектеулі, жалғыз басты жандар, сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылар үшін комиссия құру арқылы тізім жасап, ауыз суды үйлерге тегін орнатып беруді тапсырды.
Ал құдық бола ма? деген сауалға бас инженер Владимир Рыбин жауап берді. Оның айтуынша, жоба бойынша құдық болмайды орнына гидранттар қойылады. Ауылға 700-ге жуық су құдықтары орнатылады. Жоба сызбасындағы жұмыстардың барлығы жасалады дейді.
Келесі кезекте ТҮКШ және автомобиль жолдары, сәулет құрылыс, қала құрылысы бөлімінің басшысы Қайрат Жылқышев мердігер компания орынбасары Аслан Асқарұлына су тарту кезіндегі құбыр және жер қазушы техниканың бағалары туралы халыққа түсіндіріп өтуді ұсынды.
Сонымен қатар Қ.Жылқышев жиынға қаты-сушыларға су құбырлары жүйесінің жоба сызбасын қарап, ұсыныс тілектерін айтуды сұрады. Жобаға сәйкес су әр үйдің ауласына дейін келеді, әрбір көшені қамтиды. Бір сөзбен айтқанда, ауыл толығымен сумен қамтамыз етіледі деді бөлім басшысы. Ауылдық су құбырының желісі 66,582 шақырым аумақты қамтиды. Су құбырлары желілерін қайта құру жобасы бойынша 160,150,140 өлшемді құбырлар қолданылады. Олар ыңғайлы, таттанбайтын полиэтилен материалынан жасалған. Құрылыс жұмыстары мамырдың 10-на таман басталмақ. Мердігерлерге Марат Қапарұлы алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

ШОЛПАН АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз