Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданына қарасты Самар ауылындағы жағдай тұрақты. Осыған дейін Zakon.kz республикалық ақпарат порталы таратқан ақпарат бойынша қауіпсіз жерге көшірілу тиісті болған 200-ден аса тұрғын өз үйлерінде. Лайлы су қоймасынан келетін қауіптің алдын алу бойынша шұғыл жұмыстар жүріп жатыр. Бұл туралы аудандық төтенше жаңдайлар және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Қуаныш Әңкебаев хабарлады. 


Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтанов шұғыл жетіп, жағдаймен танысты. Облыс әкімінің орынбасары тиісті қызмет басшыларымен штаб отырысын өткізіп, арнайы тапсырмалар берді. Облыстық және аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу қызметтерінің біріккен күшімен жағаны бекіту, су қоймасын мықтау жұмыстары қауырт жүргізілуде. Бұл жұмыстарға Самар ауылының шаруа қожалықтары мен жол ұйымдарының техникасы тартылған. 
- Лайлы су қоймасындағы су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты алдын алу шаралары қабылданды. Өзен жағасында орналасқан 90 үйдің тұрғындары толық дайындық жағдайына көшіріліп, құтқарушылар тәулік бойы күзетшілік етеді. «Шығыс су қоймалары» қызметкерлерінің салғырттығынан Лайлы су қоймасынан Ешкібай су қоймасына өткізу каналы тазаланбаған, қыс бойы мұз қатып жатқан. Пантелеймоновка ауылының маңындағы Карповка тоғанынан асып кеткен су Лайлыға құйылды. Таудан келген қарғын су мен жауын-шашынның салдарынан Лайлыда су көтеріліп, осындай жағдай туындап отыр, - дейді Қуаныш Мәркеленұлы. 
Оқиға орнында барлық жұмыстарға аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Теміржанов басшылық етуде. Қазіргі уақытта жұмыстар жалғасуда. 

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
           
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз