Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Үлгілімалшы ауылдық округіне қарасты Мамай ауылында осында туып-өскен Ержан Елубаевты еске алуға арналған волейболдан ашық турнир болып өтті. Турнирге облыс көлемінде Абай, Тарбағатай және жергілікті Көкпекті ауданы спортшылары – барлығы 14 команда қатысты. 
Үлгілімалшы волейболы бүгінде мамайлық, қарағандыкөлдік спортшылармен толығып аудан, облыс көлемінде жүлделі орындарға ие болып жүр. Турнир кестесінің бірінші ойынын бастаған турнир иесінің Семей қаласынан келген сыныптас достары мен Тассай ауылының Тассай -1 командасы болды. Семейден келген елуді еңсерген жігіт ағалары Тассайдың жалынды жас-тары тегеуірініне шыдас бере алмай 2:0 есебімен жеңіліс тапты.

 

Бұдан әрі өрістеген волейбол ойыны алаңды қызыл майдан, ала доптың ұрысына айналдырып жіберді. Абай ауданының Қарауыл ауылынан келген спортшылар кез-келген алаңды бағындыратын, жанкүйерін жақсы ойынмен тәнті ететін хас шеберлер екенін көрсетті. Көкпекті ауданының Самар ауылынан келген спортшыларда көкпектілік волейбол спортының облыстағы кез келген командамен тіреске түсе алатынын білдіріп, мамайлық көрермендерге сауатты да қызықты ойын сәттерін сыйлады. Ежелден көрші бір көлдің жағасында, бір жазықтың бойында өскен Тассайлықтар мен Үлгілімашылықтар бір ененің баласындай тел өскен құрбы-құрдас емес пе, командалар ойыны турнирге лайық болды. Жеңіске деген ұлы дүбірде Аққала, Көкжайық, Көкпекті, Үлгілімалшылықтар және турнир қожайындары мамайлық өрендер волейболдың нағыз халықтық ойын екенін көрсетіп, ала допты ойындары қанғанша армансыз соқты. 
Турнир басталарда марқұмның туған туыстарына бірге оқыған достары сый-сияпат жасап, ауылда арнап ас берілетін де айтып өтті.


ҚАЙРАТ МӘЛІКАЖДАР

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз