Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 


Құрметті жерлестер! 

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде Алғыс айту күнін мерекелеу туралы айтып, «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.Жарлықта 1-наурыз жылдың ең сыпайы күні, яғни «Алғыс айту күні» болып жарияланды. 
Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар. Олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді бірдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздер адам жанын керемет қуанышқа бөлейді, көңілін тыныштандырады, жүрегін жылытады. 

Құрметті көкпектіліктер! 

Көктемнің жаймашуақ күнінде аталып өткелі отырған Алғыс айту күні мерекесімен аудан тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке көп ұлтты тәуелсіз мемлекетіміздің тұғырын одан ары биіктетіп, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайта түсетіні анық. Әрбір отбасына ынтымақ пен бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін! Адамнан «рахмет» деген сөз есту жақсы, жоғарыдағыдай тілек есту одан да жақсы. Жақсы істердің бастауы - жақсы сөзден басталады. Бір-бірімізге алғыс айтудан шаршамайық! 

Р.Сағандықов, аудан әкімі 
Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз