Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінде елімізде құс шаруашылығы біртіндеп дамып келеді. Кезінде облысты былай қойғанда кейбір аудан орталықтарында ірі құс фермалары жұмыс істеп, халықты құс етімен, жұмыртқамен қамтамасыз еткені есімізде. Қазіргі таңда тауық фермалары әр жерден ашылуда. Осы ретте тауық өсіру ісіне бет бұрып, адал еңбегімен табыс тауып отырған Көкпекті ауылының тұрғыны, дәрігер – бактериолог Дәулет Дулатұлы Нұрғалиевпен әңгімелесіп, бұл кәсіптің қыр-сырын талқылаудың сәті түсті.
«Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, бойына бірнеше кәсіпті өңгеріп алып, қызығын көріп жүргендер саусақпен санардай. Солардың бірі - Көкпекті ауылының тұрғыны Дәулет Нұрғалиев. Ол ауыл шаруашылығы саласының қарқынды дамып келе жатқан құс шаруашылығының ішінде үй тауығын асырап кәсібін дөңгелетіп отыр. Үкіметтен әлі көмек алып көрмеген, бәрі өзінің және отбасының күшімен.


- Қазіргі таңда менде 150-дей тауық бар, олар тауықтың ломон-браунд және ақ хайсекс түрлері. Оларды мен арнайы Өскемен қаласындағы Бобровка деген ауылдан сатып алдым. Осылайша тауық шаруашылығының алғашқы қазығын қададым десе болады. Әуелі тауықтарға тұратын орын дайындадым. Жаз бойы өз қаржымның есебінен жаңадан тауық қорасын салдым.
Күніне тауықтардың 70-80 % жұмыртқа табады. Алдағы уақытта желдеткіш орнату жос-парымда бар. Әрине, тауықты күтіп-баптау керек. Не ексең, соны орасың демекші, құстарға берілетін жем-азыққа да ерекше көңіл бөлемін. Ветеринарлық дәріханаларда құстарға арналған арнайы витаминдік қоспаларды беремін. Бір өкініштісі, біздің ауданда құс емдеу маманының жоқтығы. Барлық қажетті ақпаратты ғаламтор желілері арқылы біліп отырамын.
Алдағы уақытта тауықтардың өзге де түрлерін алсам ба деген ойым бар. Әзірше жұмыртқаларды саудаға шығарып отырмыз. Жұмыртқаға аудан орталығынан арнайы тапсырыс берушілер де бар», - дейді өзінің сүйікті ісіне жан-тәнімен берілген Дәулет.
Дәулеттің тағы бір кәсібі – бие өсіріп, қымыз сату. Ол ұзақ уақыттардан бері түрлі сусындардың қалтарысында қалған қымыздың сапалы тағамдық қасиеті мен шипасын енді білуде. Ал, шөлімізді қандырып, жан сарайымызды ашатын қымыз саууды өздерінің отбасылық кәсібіне айналдыра біліп, көкпектіліктердің ризашылығына бөленіп отырған Дәулеттің бұл игілікті ісі көпке үлгі боларлықтай.
- Жұмыстан соң, демалыс күндері қол қусырып отырғанды жаным жақтырмайды. Ерінбесең жасайтын кәсіп те, шаруа да жетіп артылады ғой. Мемлекет те ісімді ашамын деушілерге қазір құрақ ұшып тұрады. Қолымнан не келеді соның бәрін жүзеге асыруға ұмтыламын,- деді.
Осылайша еңбекке, сүйікті ісіне жанын арнаған нағыз еңбекқор Дәулет халыққа пайда тигізуі үшін аянбай тер төгуде. Ел әлеуетін арттырып, әлемді шарлаған дағдарыс екпініне қарсы тұру үшін ел тұрғындарын еңбек етуге шақырған Елбасы сөзіне ауданымыздың қарапайым тұрғыны осылай іспен жауап беріп келеді.
Бірнеше кәсіпті шырқ айналдырып отырған кейіпкеріміздің бұл іскерлігі, еңбектің тәтті нанынан қашып жүрген көп жандарға үлгі болатынына дау жоқ.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз