Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың қазан айында Өскемен қаласында облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен өткен «Туған жер» кәсіпкерлер форумында «Менің мектебім» жобасының тұсауы кесілгені бәрімізге мәлім. Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Туған жер» бағдарламасын және облыстық әлеуметтік «Менің мектебім» жобасын іске асыруға үлес қосу болатын.

 

Елбасымыз жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты. Ауданның білім саласында жүргізіліп жатқан «Менің мектебім» жобасы туралы Көкпекті аудандық білім беру, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафинова әңгімелеп берді. 
Бөлім басшысының айтуынша, «Туған жер» бағдарламасы аясында ауданда «Менің мектебім» жобасы жүзеге асырылуда. Осы жобаға сәйкес, ауданның 7 толық комплектілі орта мектебін Назарбаев зияткерлік мектептерінің стандарты бойынша, кәсіпкерлердің демеушілігімен 10 жаңа модификациялы кабинеттермен (1 химия кабинеті, 1 физика кабинеті, 1 биология кабинеті және 7 роботты техника кабинеті) жабдықтау жоспарланып отыр. - Кәсіпкерлер Форумында мәлімделген 7 толық комплектілі мектепке аударылатын қаржы мөлшері – 47600,0 мың теңге. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша мәлімделген соманың 50 %-ы (23800,0 мың теңге) 2017 жылғы қараша айының соңына дейін, қалған 50 %-ы (23800,0 мың теңге) 2018 жылдың І-тоқсанының аяғына дейін аударылуы тиіс
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін «Парыз» қоғамдық қорына 4265,0 мың теңге қаражат аударылды. Атап көрсетсек, Көкпекті орта мектебі – 449,0 мың теңге, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп – 300,0 мың теңге, М.Әуезов атындағы орта мектеп – 258,0 мың теңге, Преображенка орта мектебі – 1148,0 мың теңге, Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені – 1120,0 мың теңге, Болғанбаев атындағы лицей-орта мектебі – 590,0 мың теңге, №1 Самар орта мектебі – 400,0 мың теңге, толық комплектілі мектепте демеушілермен, меценаттармен, мектеп түлектерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді. «ЖҚБ-14» ЖШС А.И Федосов 1,6 млн.теңгеге құрал-жабдық сатып алды. Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша «Парыз» ҚҚ қаржысына 3 жаңа модификацияланған кабинет сатып алынады. Нақтырақ айтсақ, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепке 2 кабинет (химия және физика) және Болғанбаев атындағы лицей-орта мектепке 1 кабинет (биология).
Роботты техника кабинетінің құрал-жабдығын жеткізу үшін 7 мектептің барлығында кабинеттер 2018 жылғы 1 қаңтарда 100 % дайын болады.
Болғанбаев атындағы Самар лицей-орта мектебіне жаңа құрылғыларды орнату үшін биология кабинеті 2018 жылғы 1 қаңтарда дайын болады. Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебіне жаңа құрылғыларды орнату үшін физика кабинеті 2018 жылғы 1 сәуірде дайын болады (әр партаға су мен электр тоғын тарту қажет). 
2017 жылғы 7 желтоқсанда келесі құрамдағы жұмыс тобы шаруашылық басшыларымен және 17 ауылдық округтің жеке кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Олар: жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Бахтинов, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ә.Тасқайратова. Кездесу барысында Казнаковка орта мектебі оқушыларына роботтарды жинау бойынша бейнеролик көрсетіліп, оның балаларға не үшін қажет екендігі түсіндірілді. Қатысушылардың барлығына «Парыз» ҚҚ-ның реквизиттері таратылды. Қаржыны «Парыз» қоғамдық қорына аудару ерекше бақылауға алынды. Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының атынан демеушілер мен аудан және облыс аумағынан тыс жерде тұратын мектеп түлектеріне хат жолданды, - деді Шолпан Нұрғазықызы сөз соңында.
Ескерте кетсек, роботты техника кабинеттерін жаңаша үлгіде жабдықтау жоспарланып отырғандықтан, қаражат жинау ерікті негізде іске асып жатқандығын айта кеткеніміз жөн. Мектептерді жабдықтау қоғамдық бақылауда орталықтандырылған түрде жүргізілетін болады. 
Қолға алынған жоба Көкпекті ауданының білім ошақтарында да іс жүзіне асырылу үстінде. Бұл игі іс Көкпекті орта мектебінде қалай орындалып жатқаны жөнінде білім ордасының директоры Аслан Балабекұлы Таныспаевтан білдік.
- Бүгінгі таңда еліміздегі қазіргі заман мектептері түбегейлі өзгерістерді бастан өткеруде. Мектеп бағдарламасына енгізілген білім берудің жаңа моделі жаңа технологиялары, соған байланысты робототехника кабинетін ашу оқушылардың үйренетін пәндеріне деген қызығушылығын арттыратыны анық. Сонымен бірге, аталған бағытта бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды тәрбиелеуге жәрдемін тигізеді. Роботты техника кабинетін сатып алу үшін керекті қаражатты жинауға демеушілерді тарту мақсатында мектебімізде бірнеше рет акциялар өтті. Бүгінгі күнге дейін бұл шараға бейжай қарамайтын бірқатар азаматтарынан жиыны 619 мың 180 теңге қаржы жиналды. 
Атап өтсем, А.Бойков, Қ.Айдаргазин Р.Жақып-беков, Б.Қоныспаев, С.Қарымсақов, А.Маутханов, Е.Ниязбаев сынды арасында шағын және орта бизнес өкілдері бар алақаны ашық азаматтар бұл істен қалыс қалып отырған жоқ. Аудан орталығындағы кәсіпкерлердің ірі кәсіпорындар секілді қомақты кірісі болмаса да, табысының бір бөлігін туған мектебін жаңғыртуға жұмсап жатқаны қуантады. Біз осы азаматтарды үлгі етуге тиіспіз. «Менің мектебім» жобасы бойынша жұмыстар жалғаса береді. Ауданымызда әлі де көмек қолын созамын деушілер бар, - дей келе Аслан Балабекұлы, туған еліне, туған жеріне, өздері білім алған, бүгінгі таңда балалары мен немерелері білім нәрімен сусындап отырған мектеп өміріне бейжай қарамайтын барша азаматтарды осы игі шараға белсенді атсалысуға шақырды.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз