Көкпекті ауданының орталық ауруханасында «ЖИТС-тің алдын-алу» туралы кеңейтілеген семинар өтті. Қазақстан Республикасының денсаулық саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы семинарға аудандық ішкі саясат, білім басқармалары, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және мектептің психолог мамандары, өзге де мекемелерден өкілдер қатысты.
Семинардың мақсаты – адамдарды ЖИТС-тен сақтандыра отырып, салауатты өмір салтына насихаттау. Басқосуда сөз алған аудандық аурухананың инфекционист маманы Қ.Ахмерова ЖИТС ауруының алдын алу мәселелері мен оған қарсы күрес жұмыстарын сөз етті.
- Ауруға шалдыққан адам өмірден түңіліп немесе өзін жазылмайтын сырқатқа шалдықтым деп ойламауы керек. Қазіргі таңда медицинаның күші барлық ауруды құлан таза айықтырып жібермесе де, ұзақ өмір сүруге мүмкіндік береді, - деді Қайнижамал Мәукілқызы.
Аурухананың СӨСҚ дәрігері О.Дериглазова салауатты өмір салты, келеңсіз жайлардың алдын алу, адамдардың денсаулығын күшейту - бүгінгі таңдағы өзекті мәселе болып отырғандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Орталық мешіттің бас имамы Нұрнәсір Дүйсен де ХХІ ғасыр дертіне айналған ЖИТС ауруы туралы әңгімеледі.
Ал, Көкпекті АІІБ жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының кәмелетке жасы толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Назерке Советханова жасөспірімдер арасында маскүнемдік, нашақорлықтың алдын-алу шаралары туралы айтып өтті. Аурухана психологы, А.Мұқатаева ЖИТС ауруына жалдыққан жасөспірімдерге бірнеше кепілдемелер мен нұсқаулықтарға тоқталды.
Жиында Жастар орталығының директоры Азамат Халықов барлық білім ордаларында, жастар арасында ЖИТС-ке қарсы күрес жұмыстарының жүйелі жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ өзге мекеме өкілдері де өз ойларын ортаға салды. Семинар барысында, ЖИТС -тің жұғу көздері және сақтану жолдары туралы баяндамалар оқылып, арнайы дайындалған слайдтар көрсетілді.
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.