Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері халық пен үкіметтің арасындағы байланыстың негізі ғана емес, қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосушы болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің негізінде өткізілген, болып жатқан және алдағы уақытта қолға алынатын шаралар жөнінде ақпарат таратылады. Қоғамдағы өзгерістерге оңды көзқарас қалыптастыруда да аталған жандардың еңбегі зор.
Мерзімдік басылымдар мемлекеттің шынайы қолдаушысы. Оның ең негізгі әрі тарихын тереңге тартқан түбірлі түрі – газет. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов өткен ғасырдың басында оның қоғамдағы рөлін «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп бағалаған-ды. Ауданымыздың рухани шамшырағына айналған «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газеті жарқын жаңалықтардың жаршысы ғана емес, дәуір тынысынан хабар беріп, келешекке табыстап отыратын төл жылнамамыз да болып қалыптасқан. Бүгінде бірлігі бекем ұжымның шығармашылық ізденістері мен елеулі еңбектерінің арқасында ауданымызда жүзеге асырылып жатқан қыруар шаруа мен жеткен жетістіктер жұртшылыққа шынайы әрі дер кезінде жеткізіліп отырады. Ұлтаралық ынтымақ пен татулықтың, қоғамдық келісімнің нығаюына белсенді қызмет етіп отырған газет оқырмандарының рухани сұраныстарын қанағаттандырумен қатар, әлеуметтік өмірдегі туындаған сұрақтарына тиісті жауап іздеп, түйткілді мәселелердің шешімін табуға да үлестерін қосуда.
Мемлекет үшін аса маңызды болып табылатын сала Елбасының сарабдал саясатынан туындайтын міндеттерді тұрғындар арасында насихаттап, осы бағытта атқарылатын шаралардың ауданымызда жүзеге асуына ықпал ететін басты қызмет болса, телекоммуникация торабы еңбеккерлері ақпарат құралдарын таратуда оқырмандар арасында алтын көпір орнатып, аудандық пошта байланысы мен ғаламтор желісін, телефон қызметін ұсынып отыр.
Құрметті ауданымыздың байланыс және ақпарат қызметкерлері мен сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби меркелеріңізбен құттықтай отырып, таусылмас өмір қуаты дарып, шабыт шыңына жетулеріңізге тілектестігімізді білдіреміз келеді. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және қарапайым адамдардың мұң-мұқтажын шешудегі қажырлы еңбектеріңіз үшін ақ алғысымызды жолдаймыз. Жаңа шығармашылық табыстарға, кәсіби шеберлік биіктеріне жете беріңіздер!
Р.Сағандықов, аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.