Бүгінгі Қазақстан – Тәуелсіздігі берік қалыптасып, Бірінші және Екінші жаңғыруларды табыспен іске асырып, әлемдік экономиканың бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына еніп, енді жоғары дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруді көздеп отырған ел болғандықтан, мұндай мақсатты алға қоюға толық қақысы бар деп санаймын.
Жолдаудың өзінде Үшінші жаңғыру - ағымдағы жаһандық қатерлерге қарсы тұрудың жоспары ғана емес, Стратегия - 2050 «100 нақты қадам » Ұлт жоспары ның негізінде іске асыратын сенімді көпір деп аталған. Айта келетін болсақ, Президент елдің алдында бес басымдықты қойды, олар: экономиканы технологиялық тұрғыдан жедел жаңғырту, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капиталдың сапасын арттыру.
Жолдаудағы негізгі басымдықтың бірі – адами капитал сапасын жақсарту екені белгілі. Мұнда, ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлін өзгертуге тиіс екендігі айтылған. Сонымен қатар оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттілігі көрсетілген.
Жолдауда Елбасы «үш тұғырлы» емес, үш тілді яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқуға кезең-кезеңмен көшуді ұсынып отыр. Әрине, біз, ең алдымен, өз ана тілімізге басымдылық беруіміз қажет. Ал, ағылшын тілін үйрену – қазіргі уақыттың талабы болып табылады.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында қазақ, ағылшын тілінен тегін курстар ұйымдастырылған. Ұйымдастырылған курсқа мемлекеттік қызметшілер мен қатар кітапхана, балабақша, аудандық аурухана қызметшілері оқытылуда. Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың 5 деңгейлік жаңа кешендік бағдарламалары құрылған. Әрбір деңгейдің оқу мерзімі – 8 ай, яғни 120 сағатты құрайды.
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында қысқа мерзімді екі айлық «Тілашар» курсы ұйымдастырылған. Курс Көкпекті және Самар ауылында оқытылуда.
Қысқасы, Жолдауда түбегейлі қарастыра отырып, әрбір кезең сайын еліміздің өскенін, ел азаматтарының жетілгенін, сондай-ақ, елімізбен бірге Елбасымыз да үнемі озық ойдың жетегінде өсіп отырғанын байқап, көріп жүрміз. Елін сәулелі болашаққа жетелеп, бейбіт күндердің дәмін татыра білген күрескер басшының болғаны қандай бақыт! Ендеше, Жолдаудағы көзделіп отырған биік мақсат пен міндетті атқарар мүмкіндігіміз мол болғай!
Ә.Саржанов,
Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.