Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Күн мен түн теңелетін, табиғат ана тамылжып, қыс бойы қар құрсауында болған тіршілік оянатын, жер мен көк жаңаратын мезгіл әз-Наурыз мерекесін де атап өттік. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Қалдыбаев төрағалық еткен әкімшілік отырысында Ұлыстың Ұлы күнін атап өту бойынша қорытындылар да шығарылды. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев жасаған баяндамадан басты түйгеніміз – біздің ауданда Наурыз мерекесін «менсінбейтіндер» де бар екен!


Көкпекті ауданында Ұлыстың Ұлы күнін атап өту шаралары ерте басталып кеткен еді. Әрине, мойындауымыз керек, Наурыз мейрамын атап өтудің қазіргі заманғы үлгісі оның бұрынғы мағынасынан алшақ. Дегенмен, бүгін Наурыз мейрамы қазақтың да, украин, орыс, неміс және Қазақ елін мекен еткен басқа да 130 ұлт өкілінің ортақ мерекесіне айналды. Ата-бабамыздың озық дәстүрін жаңғырту мақсатында бұл күндері бірқатар қайырымдылық шаралар өткізілді. Әрбір ауылдық округ аумағында жергілікті әкімшіліктер тұрғындарға шама-шарқынша мерекелік бағдарламалар әзірледі. Құрылған сахналардың бірінде шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп жатса, бірінде спорттық ойындардан жарыстар өтіп жатты. Бірінен-бірі өткен киіз үйлер тігіліп, наурыз көже таратылды. Ұлттық киім киген ұл-қыздар алтыбақан теуіп, мәз-думан болысты.
Десек те, көппен бірге ұлыс күнін тойлаудан бас тартқан мекемелер де бар екен. Арнайы жоспар бойынша бекітілген ұлттық нақыштағы киіз үй тігуден бас тартып, шынайы халықтық мерекені менсінбеген мекемелер аталды. Олар аудандық өрт сөндіру бөлімі (басшысы С.Дубаев) және төтенше жағдайлар бөлімі (басшысы Ә.Сейілқұмаров), аудандық қорғаныс бөлімі (басшысының м.а. Д.Дужанов), Қазақтелеком аудандық филиалы (басшысы А.Ахметжанов), Қазпошта (басшысының м.а. Ә.Нұрғалиева), Мұрағат (басшысы Қ.Алғазинова), Халық банкі (басшысы Ж.Есеркенова), Казком банкі (басшысы М.Кенемолдина) сынды аудан орталығында орналасқан бірден-бір іргелі мекемелер.
Наурыз мейрамы ежелгі дәуірлерден бастап Ұлыстың Ұлы күні табиғат пен адам рухының жаңаруы, бірлесу мен өзара көмек күні ретінде аталып өтеді. Бүгінгі күні, ғасырлар бойы сақталған дәстүрлердің арқасында, сенім, ынтымақ, татулық пен келісімнің арқасында Наурыз мейрамы Мәңгілік Елдің біріктіруші рухани құндылығына айналды. Ұлттық дәстүріміз паш етілетін осынау мерекенің тәрбиелік маңызы зор. Олай болса, ұлттық құндылықтарға асқан жауапкершілікпен қараған абзал, ағайын!

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз