Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

6 наурызда аудан әкімі Рамиль Саған-дықовтың атынан 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты қабылдау болып өтті. Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қалдыбаев ауданның әр түрлі саласында қызмет етіп жүрген әйелдер қауымының өкілдерімен кездесті. Мерекелік шараға 20-дан астам нәзік жандылар қатыстырылды. Олардың ішінде еңбек ардагерлері, кәсіпкерлер, білім және мәдениет саласының үздіктері, үкіметтік емес ұйым өкілдері секілді әр түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген нәзік жандылар бар.


Ерлан Қабайұлы еліміздің дамуындағы әйел-дердің баға жетпес рөлін атап өтіп, аудандағы нәзік жанды арулар өкілдерін 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтау лебізін арнады.
- Қазіргі уақытта ауданның нәзік жандары туған жеріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы-на айрықша үлес қосып отыр. Биыл Елбасының тапсырмасымен 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырыла бастайды. Шілде айында бала тууға байланысты төленетін жәрдемақы көлемі 20 пайызға өседі. Жыл сайын мен балаға қарастырылған қаржылық қолдау шығындарының көлемі ұлғайып отыр. Дүниеге сәби әкеліп мәпелейтін, ұрпағын тәрбиелейтін, халқының береке-бірлігін сақтайтын да әйелдер. «Әкеден - өсиет, анадан - қасиет» демекші, ақылымен елді аузына қаратқан, тәрбиелі, үлгілі ұрпақ таратқан, аты аңызға айналған қасиетті аналарымыз ұлын ұлағатты, қызын парасатты қылып тәрбиелеген. Ердің намысын да, елдің тыныштығын да осындай азаматтар қорғайды. Сондықтан, болашағын ойлаған ел, ең алдымен, ананы қадір тұтады, айрықша құрмет көрсетеді. Осыған орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күш-жігерінің арқасында біздің елімізде отбасын, ана мен баланы қорғау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып отыр, - деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары.
Кездесуге қатысушылар өздерінің кәсіби және күнделікті өміріндегі жетістіктері жөнінде әңгімеледі. Мереке иелерінің барлығы кезекпен сөз алды. Олар өздерінің осындай атқарылып жатқан игі істерге оң бағаларын беріп, аудан әкіміне бір топ аналардың атынан өз ризашылықтарын жеткізді. Аналарға, әйелдер қауымына осындай сый-құрмет көрсеткендеріне шексіз алғыстарын білдірді.

Әйел қай заманда да отбасы, ошақ қасының ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың асыл қазығы, алтын діңгегі болған. Азамат - үйдің иесі болса, әйелдер - үйдің киесі. Ел билеген көсемдер мен қол бастаған батырлар, қара қылды қақ жарған билер мен аузы дуалы шешендер - бәрі де ананың ақ сүтінен нәр алып, әйелдің бауыр етінен жаралған. Барша адамзат тіршілігінің алтын арқауы - Аналар екені сөзсіз. Демек, оларға деген сый мен құрмет әрқашан жалғасын таппақ.
Іс-шара соңында мереке иелеріне аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлының атынан сыйлықтар табысталды. Жүздерінде шақттық оты ойнаған нәзік жандар естелік суретке түсті.
Кездесуге аудандық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ә.Мұқашева, Қарақол негізгі мектебінің мұғалімі Ш.Жолданбаева, Абай атындағы мектеп балабақша кешені директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Айжақсина, зейнеткер С.Сагандыкова, Қазпошта қызметкері Т.Лайшева, Тассай ауылдық дәрігерлік амбулатория медбикесі Ш.Далбина, жеке кәсіпкер К.Жармұхамедова, редакция қызметкері С.Тыныбаева, Үлкенбөкен орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Оразғалиева, Самар агро-техникалық колледжі директорының орынбасары Ш.Кырымбаева, «Талды Екпін» ШҚ басшысы Ф.Мамбетова, Белое ауылдық округі әкімі аппаратының маманы А.Молдыбаева, Новотимофеевка орта мектебінің мұғалімі Г.Тустикбаева, Шұғылбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Ыдырышева, «Өрнек» ШҚ сауыншысы А.Хайбуллина, әлеуметтік қызметкер М.Каримова, Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Б.Изгуттинова, Бастаушы ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Ж.Құмарова қатысты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қоғамның даму барысын өмірде нәзік, көңілде биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз елестету мүмкін емес» деп әйелдердің әлеуметтік жағдайына, денсаулығына баса көңіл аударып келеді. Қазіргі қоғамда әйел тек отбасын ойлайтын тұлға ғана емес, еліміздің саяси өміріне белсене атсалысып, стратегиялық міндеттерді шешуде зор үлес қосып отырған қоғам мүшесі. Әйелдер мемлекеттiк қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткiзiп келеді. Біз әрқашанда қоғамның дамуын әйелдер қауымымен тығыз байланыстырамыз. Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр шаңырақтың, отбасының, Отанның мерейі!

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз