Құрметті аудан тұрғындары!
Биыл елімізде екінші рет аталып өткелі отырған Алғыс айту күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!
Алғыс айту күні — ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бұл — тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда өздерінің шекесі шылқып отырмаса да, келген ұлттардың бәрін бауырына басты, барын алдына тосты. Сондықтан бұл күн — түрлі ұлт өкілдеріне қорған болған Ұлы Дала еліне деген алғыс күні десе орынды.
Көкпекті ауданының көпэтносты тұрғындары үшін де бұл Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық халқының ортақ тарихын құрметтеу күні.
Бүгінгі таңда киелі өңірімізден пана тауып, тамырын тереңге жайған, ұрпақ өсіріп, еңбектің зейнетін көрген талай өзге ұлт өкілдері ешкімнен қағажу көрмей тіршілік етуде. Ашық аспан астындағы татулық пен бірлікте өмір сүріп отырған татар, болгар, неміс, өзбек, ұйғыр, шешен, орыс, украин және т.б. ұлттар қасиетті өлкесін жер бетіндегі ешқандай жұмаққа айырбастамайды.
Құрметті көкпектіліктер!
Сіздерді еліміздегі ең жарқын атаулы күндердің бірі-мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесімен, барлық ұлттарды туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күнімен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Барлықтарыңызға мықты денсаулық, әр отбасына молшылық пен татулық, ортақ Отанымызға бейбітшілік пен жасампаздық тілейміз!
Р.Сағандықов, аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.