Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2016 жылы 14 қаңтарда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні — 1 нау-рызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Өткен жылы көктемнің алғашқы күнінде еліміз тұңғыш рет Алғыс айту күнін тойлады. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өте жақсы бастама көтерді. «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді» — деді Қазақстан Президенті.

Өткен ғасырдағы Кеңестік дәуірдің қатаң режім кезіндегі әр жылдарда бүтіндей бір халықтар – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары қоныс аударды. Оларды вагондардан ашық далаға әкеліп түсірді. Ол кезде мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Сондықтан қабылдаған да солар болды.


Биыл елімізде қатарынан екінші жыл атап өтілгелі отырған Алғыс айту күніне орай, сол бір ауыр кезеңдерде бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, жер аударылған түрлі этностарды қабылдаған қазақ отбасыларына өз алғыстарын жеткізгісі келетін көкпектіліктердің жылы лебізін назарларыңызға ұсынамыз.
Ұзақ жылдар Көкпекті бабалар үйінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды еңбекке тәрбиелеу бағытында тер төккен, бүгінде зей-неткерліктегі татар ұл-тының өкілі Рафаель Галымжанұлы Галиев жерлестеріне деген құттықтауын былайша жеткізді:
- Алғыс айту күнін атап өтуді Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынуын аса көрегендік деп ойлаймын. Бұл күн - тағ-дырдың тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз жер аударылған халықтардың құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Жергілікті халық қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Сол уақыттан қалыптасқан ұлт өкілдері арасындағы адамгершілік қарым-қатынас бүгінге дейін өнеге өлшемі болып жалғасуда. Осылайша, репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқы көрсеткен мейірімділік пен ақкөңілділік, қолда барды бөлісу мен көмек көрсетуге дайын тұру біздің елде дәстүрге айналғаны қуантады.
Қысқаша айтсам, менің әкем Галимжан Шакирович Галиев 1927 жылдар шамасында Татарстанның Қазан қаласынан сауатсыздықты жою бойынша Семей қаласына келіп, сол жерде Татар өлкесі деп аталатын бөлігінде қоныстаныпты. Кейінірек түрлі себептермен Тәжікстанда бірнеше жыл тұрып, 1957 жылдан бері Көкпектіге тұрақтаған. Қазіргі күні әке-шешеміздің орнында зайыбым Нәсима екеуміз бала өсіріп, 5 немере сүйіп отырмыз. Отбасымызды интернационалды жанұя десе болады. Екі келінімнің бірі орыс, екіншісі қазақ қызы. Сондықтан қазақ халқымен туыс болып отырған жайымыз бар. Екеуміз де құрметті еңбек демалысындамыз, осы татулық пен қоғамдық келісім орнаған, достығымыз жарасқан Қазақстандай елдегі өмірімізге, көңілі даласындай дарқан қазақ халқына разымыз. Барлық жерлестерімді Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Аспанымызды бұлт шалмай, тыныштық пен ынтымақта деніміз сау, бақытты болайық. Қазақ Елі гүлдене, өркендей берсін!
Ал Қ.Аухадиев атын-дағы ауылдық округтің 77 жастағы тұрғыны, Ресейдің Бальцер қаласының тумасы, еңбек ардагері Фридрих Фридрихович Шнейдер қазіргі күні отбасында 5 қыз 2 ұл тәрбиелеп, өсірген бақытты әке. Бар-жоғы 2 жасында ата-анасымен Преображенка ауылына қоныс тепкен Фридрих Фридрихович Қазақ елін өз туған жері деп есептейді. Ол кісі бос уақытында өзі өсіп-өнген ауылының сұлу табиғаты аясында балық аулаумен шұғылдануды ұнатады екен. Ауылшаруашылық саласының кең профильді маманы еңбек еткен жылдарында округтің өркендеуіне салмақты үлес қосқан ерінбейтін еңбекқор жан.
- Бүгінгідей жарқын мерекемен барша жерлестерімді құттықтаймын. Ең алдымен, Елбасына алғыс айтқым келеді. Бұл күн әр қазақстандықтың жүрегіне жақын, еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын, біріктіретін мереке. Менің жасымдағы әр ата-ана ұрпақтарының бақытты болашағына нық сеніммен қарап, алаңсыз тіршілік етеді деуге толық негіз бар. Әр отбасына шат көңіл, береке-бірлік пен тыныштық сыйлаймын, - дейді ақ тілегін төккен қария.
Болгар халқының өкілі, зейнеткер, көкпектілік Степан Иванович Тарабурко Ресейдің тумасы болғанымен, ес білген шағынан бері Қазақстанда тұрып, осында ержеткенін, отбасын құрып, бала сүйгенін, ұзақ жылдар еткен еңбегінің зейнетінде бақытты ғұмыр кешіп отырғанын айтады.
– Берекелі отбасында 2 ұл 1 қыз өсіріп, олардан сүйген немерелердің шаттығына бөленудемін. Жер бетінде дәл біздің елдегідей жаймашуақ өмір сүру бақытына қол жеткізе алмай отырған қанша халық бар. Мемлекет басшысы Алғыс айту күнін дер кезінде белгілеп отыр. Риза болу – өзіңнің де біреуді риза етуің деген сөз. Ризашылықтың белгісі алғыс айту. Бұл қасиет қай кезде де жоғары бағаланған және айналамызға жылылық таратады. Бұл мейрам дәстүрге айналатын болса, әр қазақстандықтың бойына бала кезінен ізгіліктің ұрығы себілетіні анық. Біз сол бір тағдыршешті кезеңде қайырымдылық пен ізгіліктің үлгісін танытып, басына қиыншылық түскен халықтарға көмек қолын созған қазақ халқына үлкен құрметпен қараймыз. Олардың меймандостық қасиеті қанша адамдардың өмірін құтқарып қалды. Бұл – бүгінгі бейбіт өмір мен тыныштықтың негізі. Мен көкпектіліктерді осындай ізгі мерекемен құттықтай отырып, жақындарыңызға мейірімділік нұрын шашып, бір-біріңізді қолдау мен құрметтеу сезіміне бөлей беріңіздер деген тілегім бар, - дейді Степан Иванович жүрекжарды лебізін білдіріп.
Жас ұстаз, мемлекеттік тілде еркін сөйлей білетін орыс қызы Татьяна Владимировна Клец Преображенка орта мек-тебінде ағылшын тілі пәнінен сабақ беріп жүр-гелі екі жылдай болды. Семей қаласы Шәкерім атындағы университеттен жоғары білім алған Татьяна, осы қаладағы ҚазГИЗ институтының магистратурасын тәмамдап, туған ауылында ұстаздық жолын бастапты. Ол үшін Алғыс айту күні адамдар арасындағы қарым-қатынасты ізгілендіре түсетін мереке.
- Тәуелсіздік алған ширекғасырлық уақыт ішінде Қазақстанда ұлтаралық бірлік пен қоғамдық келісім нығайып, жаңа қазақстандық патриотизмнің негіздері қалыптасты деуге толық негіз бар. Егемен еліміздің әр түкпірінде миллиондаған бейбіт тұрғындар, алаңсыз еңбек етіп, түрлі ұлт өкілдері ынтымақта тіршілік етуде. Осының барлығы елімізде жүргізіліп отырған салиқалы мемлекеттік саясаттың, Елбасы Н.Назарбаевтың көрегендігінің арқасы деп санаймын. Иә, тарих беттерінен белгілі болғандай, қазақ халқы қиын заманда 5 миллионнан астам басқа ұлт өкілдерін қабылдады. Өзге елді, басқа халықты сүюдің керемет үлгісін көрсетті, нанын бөлісті. Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі де мейірімділіктен бастау алады ғой. Ендеше, жақсылық жасап, өзге ұлтты бөтенсінбей, бөліп-жармай осындай дәулетке жеткізген де қазақ халқы емес пе. Елімізде Ассамблея құрылды. Қазақ Елі баршаны бауырға басып, әр ұлт өкіліне еркіндік, теңдік беріп, әркім өзінің тілін, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын сақтап отыр. Теңдесі жоқ бұл үрдіс қандай мақтауға да лайық. Алғыс айту күнімен аудан тұрғындарын құттықтай келе тілейтінім, көп ұлтты елімізде достық, ынтымақ, сыйласым, қайырымдылық арта берсін, - деді Татьяна Владимировна.

Дайындаған Бақыт МҮЛІКОВА

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз