2017 жылдың 17 ақпанында Көкпекті ауданына Қазақстан Рес-публикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Серік Рахметоллаұлы Егізбаев іссапармен келді.
Жоғары лауазымды қонақты облыс әкімінің орынбасары Д.М.Мусин, аудан әкімінің орынбасарлары М.Теміржанов, Е.Қалдыбаев және аудандық қызмет орындарының бөлім басшылары бастап жүрді.
Делегацияның алғашқы тоқтаған нысаны Самар ауылдық округіндегі ірі кәсіпорын «Мәмбет» ШҚ болды. Шаруашылық басшысы Е.Мәмбетов Ауыл шаруашылығы министрлер ка-бинетінің өкілін негізгі табыстың көзі, бүкіл аудан халқын нан-тоқаш өнім-дерімен қамтамасыз етіп отырған – нан зауытымен таныстырды.
Қонақтар нан өнімдері, жарма, ет өнімдері цехын, ұн тартатын диірменді аралап шықты. Дайын өнімдерді аудан көлемінде және одан тысқары жерлерге жеткізуді жүзеге асыратын орындарды қарады.
Одан соң акт залында еңбек ұжымымен өткізілген кездесуде облыс әкімінің орынбасары Д.Мусин Ауыл шаруашылығы вице-министрін жиналғандарға таныстыра келе, деле-гацияның іссапары жайында айтты.
-Үкімет Басшысының тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 5 жыл мерзімге әзірленген жаңа бағдарламасы қабылданды. Аталмыш бағдарламаны енгізу бойынша әр саланың ерекшеліктерін ескеріп, жер-жерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы. – Бағдарламаның негізгі басымдығы ауылшаруашылық өндірісіндегі қомақты үлеске ие жеке шаруашылықтардың әлеуетін арттыруға бағытталған. Өн-діріс саласынан мыңдаған қосалқы ша-руашылықтар тыс қалып отырғаны құпия емес. Бүгінгі таңда әлемдік аграрлық экономика мен демографияда жаңа тенденциялар қалыптасуда. Аймақта интеграциялық үрдістер нақты даму үстінде. Жаһандық климаттық өзгерістер орын алуда. Отандық өнімдердің бә-секеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін дайын өнімдерді шығаруға кеткен шығындарды 50% субсидияландыру жүзеге асырылады.
- Жаңа Жолдауға байланысты Елбасы бізге халықпен кездесіп, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, пікірлері мен ұсыныстарын жоғарғы билікке жеткізуді тапсырды. Мемлекет басшысы Үшінші жаңғыртуды іске асыру туралы міндет қойып отыр. Бұл құжатта егемен еліміздің даму барысы дәлме-дәл тиянақталған. ҚР тәуелсіздік жылдарында АӨК елеулі нәтижелерге қол жеткізді: нарықтық қарым-қатынастар негізінде өндірістегі тұрақты өсім байқалады, еңбек өнімділігі артуда, саланың инфрақұрылымы қайта қалыптасып, негізгі қорлардың жаңалануы іске асуда, тұтынымдағы бас-ты азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жетті, астық, майлы дақылдар, балық аулау өнімдерін экспорттау саласында көптеген өсім бар.
Бұған дейін халықты еңбекақы, жәр-демақы мен зейнетақыны уақытылы алу қызықтырған болса, қазір уақыттың жаңа талаптары – кооперативті қалай ашу, жаңа бизнестерді жү-зеге асыру жайы қызықтырады. Осындай қарапайым ғана өмірлік мысалдардан қазақстандықтардың қалыпты өмір сүріп жатқанын, Қазақстанның серпінді дамып келе жатқанын көруге болады, - деп сөзін түйіндеді Серік Рахметоллаұлы.
Жалпы алғанда вице-премьердің тә-уелсіздікпен төл құрдас «Мәмбет» ШҚ ширек ғасыр ішінде жеткен нәтижелері мен биіктеріне көңілі толды. Ол жиналғандарға денсаулық, жұмыстарына табыс, ортақ іс үшін барлық игіліктерді тіледі.
Серік Рахметоллаұлы кез-келген азаматтың, шаруалардың толғағы жеткен мәселелері мен сауалдарын ауыл шаруашылық министрінің порталына салуға болатынын ресми түрде мә-лімдеді. Әр сұраққа жауап міндетті түрде қайтарылатын болады.
Дәл осындай кездесулер «Рыбпром» ЖШС және «Елім-ай-Көкпекті» ЖШС ұжымдарымен өтті.
Александр Нарожнев басшылық ететін «Рыбпром» кәсіпорыны жоғары мәртебелі қонақтарды қызу жұмыс үстінде қарсы алды. Вице-министр кәсіпорынның жұмысшыларын әңгімеге тартып, олардың көңіл-күйімен таныс-ты. Кәсіпорын басшысы атқарылған істерге тоқталып, алдағы уақытта көздеп отырған мақсаттарын да айта кетті.
«Еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға және шетелге шығарылатын өнеркәсіп өнімінің сапасын көтеруге тигізіп отырған әсері зор кәсіпорын екені көрініп тұр» деп бағалады Серік Рахметтоллаұлы.
Самар агротехникалық колледжінің базасында болған вице–министр студенттердің көзіндегі отты көріп, көңіл толтырғандай болды. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығында тапшы мамандарды дайындайтын арнаулы орта білім ордасының ұжымына ризашылығын білдірді. Дәнекерлеуші, механизатор, аспаз сынды мамандықтардың күн артып сұранысқа ие бола түсетініне тағы бір назар аудартты.
Кездесу соңында Елбасы Жолдауында көрсетілген басты басымдықтарды негіздей отырып, еліміздің өркендеу жолында еңбек етуге шақырды.
Агроөнеркәсіп кешенімен танысу мақсатында Көкжайыққа ат басын бұрған қонақтар «Елім-айдың» асыл тұқымды малына көз тойдырды. Өзі аралаған барлық нысандарда орын алғандай вице-министр алдымен түйінді мәселелермен танысып алды. Ауылда аграрлық саланы дамытуға түйткілді мәселелердің шешу жолдарын да шаруалардың өз аузынан естіді. Осы саланы өркендетіп әкетуге кедергі болып отырған сұрақтармен таныса отырып, олардың шешу жолдарын да ортаға салды.
Жұмыс сапарының соңында ауыл шаруашылығының вице министрі ау-данның әлеуетіне жоғары баға берді. Аудан басшылығына Елбасы Жолдауында нақтыланған тапсырмалар мен міндеттерді атқаруда елмен етене жұмыс жүргізу керектігін нықтады. Жаңадан қабылданған аграрлық саланы дамыту бағдарламасының ауыл халқына тың серпін береріне сенім білдірді.
Дархан БЕРДІБЕК
Қанат АПСАДЫҚОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.