Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдан бастап елі-мізде ауыл шаруашылығын дамы-тудың жаңа бағдарламасы жүзеге асырылады. Үкімет осыған дейін жүргізіліп келген «Агробизнес - 2020» бағдарламасына өзгеріс енгізіліп, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын мақұлдады. Таяуда қабылдануы тиіс жаңа бағдар-ламаның тиімді тұстарын облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мағауяұлы Мусин түбірінен тарқатты.


Көкпекті ауданында өткен жұмыс кеңесінің барысында облыс әкімінің орынбасары аграрлық саладағы түбе-гейлі өзгерістерге кеңінен тоқталып, аудан басшылығы мен аграрлық сала мамандарының алдына ауқымды мін-деттер қойды.
Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың ауыл шаруашылық саласын дамытуда қойып отырған міндеттері мен жоспарлы шаралар тілге тиек етілді. Облыстағы аграрлық салаға жауапты орынбасар төрағалық еткен кеңеске аудан әкімі Рамиль Сағандықов, орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, сала мамандары қатысты. Екінші бөлімде аудандық ауыл шаруашылық саласын дамытуға тікелей жауапты бөлімдермен кездесу өткізілді. Ветеринария, жер қатынастары және ауыл шаруашылық бөлімдері мамандары түгелдей қатысқан кеңес аталмыш саланың алдындағы міндеттерді нақтылады.
- Биылдан бастап ауыл шаруашылығы сала-сының мамандары жаңа бағдарламамен жұмыс жасайды. Жоспар бойынша аграрлық саланы қолдау бағытындағы мемлекеттік механизмдерге бірқатар өзгерістер енгізілуі мүмкін. Осы орайда облыс әкімі Даниал Ахметовтың қойып отырған міндеттері мен талабы да ауқымды. Агроөнеркәсіп саласындағы өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау деңгейі бірнеше есеге ұлғаяды. Басты мақсат отандық өнімдерді барынша көбейтіп, ішкі нарықты толтыру. Осы орайда отандық кәсіпорындардың өнім өңдеу көрсеткішін барынша арттыру жоспарланған. Ол үшін жергілікті жерде кооперативтер көптеп құрылады. Облыс басшысы жүктеп отырған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыра алсақ, мұның өзі облыстағы ауыл шаруашылығының дамуына тың серпін беретіндігі анық, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.
Сонымен қатар, суармалы жерлерді айна-лымға енгізу, ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалануға қатаң бақылау жүргізу, субсидиялау жүйесін жетілдіру, тиімсіз субсидияларды доғару және өнімділікті арттыруға назар аудару қажеттігі айтылды кеңесте. Олқылықтардың орнын толтыру үшін бірқатар шаралар қабылдап, осылардың негізі ретінде басты мақсаттарды айқындау тапсырылды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз