Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының 29.11.2016 жылғы  № 25-VІ ЗРК «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 8 бабына  сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, зейнетақы төлемдерін алушы азаматтардың зейнетақы төлемдерінің мөлшері, алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттырылды.

Заңның 7-бабына сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан төменгі мөлшерлерде көрсеткіштер белгіленді:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 269 теңге,

Ең төменгі зейнетақы мөлшері (2017 жылы тағайындалатын) – 28 148 теңге,

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТККД) – 24 459 теңге,

Базалық зейнетақы төлемі – 12 802 тенге,

Ең төменгі еңбекақының мөлшері – 24 459 теңге.

2017 жылы тағайындалатын зейнетақыны есептеу үшін алынатын ең жоғары табыстың мөлшері 93029 теңгені құрайтын болады (41 АЕК).

2017 жылы тағайындалатын зейнетақының ең жоғары мөлшері 69 772 теңгені құрайтын болады (41 АЕК-тің 75 %).

 

Заңның 7-бабына сәйкес:

Базалық зейнетақылық төлемнің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты артты;

Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты артты немесе орташа есеппен 7 %;

№1 тізім және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты артты немесе орташа есеппен 7 %;

2017 жылдың 1 қаңтарынан арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және арттыру 2 269 теңге сомасындағы айлық есептіш көрсеткіш мөлшерінен есептелінеді;

2017 жылдың 1 қаңтарынан мүгедек баланы тәрбиелеушілерге жәрдемақыларды тағайындау және арттыру 1,05* Ең төменгі еңбекақының мөлшерінен  есептелінеді және 25 682 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы қарашасындағы № 752 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік  төлемдердiң мөлшерiн 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» қаулысына сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтары қарсаңына еңбек ету қабiлетiнен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем алушы болып табылатын алушылардың әлеуметтік төлемдері 7 %-ға артты.

Қазақстан Республикасының 29.11.2016 жылғы № 25-VІ ЗРК «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7-бабына  сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетiн ең төменгі мөлшерде әлеуметтiк төлем алушы алушылардың төлемдерінің мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты артты.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»

КеАҚ ШҚО бойынша филиалы «ӘТВЕО» департаменті

Көкпекті аудандық бөлімшесі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз