Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Еліміз тағы бір жылды еңсеріп, күнтізбеде жаңа жылдың бетін айқара ашқалы отыр. Ескі жылдың есіркеуі мен жаңа жылдың жарылқауын тілеп отыратын қазақ халқы үшін әрбір жылдың орны ерекше. Жаңа жыл жүріп өткен бір жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке. Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады. Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып тарайды. 

Қазақстанның алтын ғасырының тағы бір жылы тарих қойнауына сіңіп барады. Тәуелсіздіктің таңы атқан тұста бір қаламгер күнделігіне: «Баба жыл кетіп, балаң жыл келді» деп жазыпты. Шынында, тарих үшін бір тұтам, ширек ғасыр уақыттың ішінде қос ғасырдың үлесіне татырлық табысқа қол жеткіздік. Соның ішінде өткен 2016 жылдың да орны ерекше болғаны мәлім.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылында көпұлтты мемлекет қалыптастырып, қазақстандықтар бір мақсат, бір мүдде үшін бірлік пен ынтымақты жағдайда өмір сүріп еңбек етуді үйреніп, әлемге үлгісін көрсетіп отырған елміз. Бүгінгі Қазақстан – қарыштап даму стратегиясын жүзеге асырған заманауи экономикасы бар қуатты, табысты мемлекет.
Халықтың тұрмыс деңгейі мемлекетіміздің саясаты үшін әрқашан басты өлшем болып келді. Әрі солай болып қала береді. Асылын ардақтай білетін халқымыз Тәуелсіздіктің қадірін бір сәт те түсірген емес.
Төрімізге енгелі тұрған 2017 жыл бүкіл қазақстандықтармен бірге көрікті Көкпекті елі үшін де ерекше болмақ. Өйткені, ол Ұлы бастамалардың биігіне шығар алғашқы баспалдақ іспетті. Егемен ел тарихындағы келесі 25 жылдықтың бастамасы болмақ.
Қымбатты көкпектіліктер!
Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Көңілдеріңіз аппақ қардай кіршіксіз таза болсын. Асқақ арман-мұраттарыңыз орындалсын. Ең бастысы, Отанымыз гүлденіп көркейе берсін, әр шаңырақ қуанышқа бөленіп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Р.Сағандықов, аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз