Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Отан алдындағы қажырлы еңбектері, белсенді қоғамдық іскерлігі, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуі мен мәдени дамуына, ел ішіндегі ұлтаралық татулық пен достықты нығайтуға қосқан қомақты үлестері үшін бір топ республика азаматтарын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Үкіметтің жоғары сый-құрметіне лайықтылардың арасында жерлестеріміздің де болғаны біз үшін мақтаныш екенін кеудемізді қуаныш керней айта аламыз. Атап айтар болсақ, аудан тұрғындары арасында беделді «Мәмбет» ШҚ басшысы Есенбек Дәлелұлы Мәмбетов «Құрмет» орденін, ал «Қалмұхжом-Ахмет» ШҚ басшысы Мұхамед Қабидолданов «Ерен еңбегі үшін» медалін жарқыратып төске тақты. Осындай жоғарғы мемлекеттік құрметке ие болған шаруашылық басшыларын құттықтай отыра, ой-пікірлерімен бөлісуді сұраған едік:


- Ең алдымен, мемлекетімізге, облыс басшыларына, жергілікті билікке біздің еңбегімізді жоғары бағалағаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында, яғни, қазақстандықтар үшін ұлы тарихи күнге орайластырып, менің еңбегіме сый-құрмет жасалып жатқанына қуанышым шексіз. Бірден айтқым келетіні, бұл орден тек маған ғана тиесілі емес, мен ешқандай ерлік іс жасаған жоқпын. Бұл менің бауырларымның, шаруашылықтағы мамандардың, бүкіл ұжым мүшелерінің бірігіп, ұйымшылдықпен «бір жағадан – бас, бір жеңнен - қол» шығара жасаған, ұзақ жылдар бойғы төккен терінің жемісі. Биылғы қазан айында біздің шаруашылығымыздың құрылғанына да 25 жыл болды. Дәлірек айтсақ, біз Тәуелсіздіктің төл құрдасымыз. Онымен бірге өсіп, онымен бірге қиын өткелдерден өтіп, егемендегімізбен бірге ержетіп келеміз. Шаруашылық жүргізуде күрделі кезеңдер туған жылдары ортақ ісімізді аяғынан тік тұрғызуға қол ұшын беріп, тірек болған әке-шешеміздің орасан зор еңбегін айта кеткен жөн. Бір сөзбен айтқанда, бұндай жоғары құрмет біздің шаруашылықтың бүгінгі жеткен биігіне өз үлесін қосқандардың барлығының ерен еңбектерінің жемісі, - дейді Есенбек Дәлелұлы
Қожалық басшысының айтуынша, шаруа-шылықтың жұмысын жеткен жерінде тоқтап қалмай, одан әрі де жалғастыра, өркендете беру жолында қажымай-талмай еңбектену қажет. Қазіргі заман талабына сай өндірісті ұлғайтып, нарық сұранысына, бүгінгі бәсекелестікке шыдайтын өнімдердің сапасы мен еңбек сапасын арттыру, инновацияларды енгізу керек.
- Өмір өз кезегімен өтіп жатыр. Біздің ұжымдағы көптеген жұмысшылар құрметті еңбек демалысына шығып, олардың орнына жастар келіп жатыр. Ұжым жылдан-жылға жасарып келеді. Жастар қатары әлі де көбейеді деп отырмыз. Мен өзім 23 жастан еңбекке араласа бастаппын, міне, содан бері білінбей 30 жылдың өткенін де байқамай қалыппын. Алдымызда әлі атқаратын істер көп. Әрине, біздің ісімізді әрі қарай жалғастырып әкететін ізбасарларымыз бар және олар заманауи еңбек ырғағын мықты ұстай білді. Басталған жұмыстарды жалғастыруға оларға мықты іргетас қаланған тек соны одан әрі дамыта беру қолдарынан келеді деп ойлаймын, - деп қадап айтты Есенбек Дәлелұлы.
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Мұхамед Қалиқанұлы: - Қарапайым ауыл еңбекшісінің төккен терін жоғары бағалап отырған Үкімет басшысына, облыс, аудан басшыларына алғыс айтамын. Жалпы ауыл шаруашылығы өте күрделі де қиыншылығы мол сала болғандықтан оны дамыту үшін көп қажыр-қайрат керек. Бұл медальді осындай істе менің жанымнан табылған туған-туыстарым мен ауылдастарымның да марапаты деп білемін.
Бүгінгі күні мен басқарып отырған шаруашы-лықтың негізін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында (1995ж.) қандай шаруаға да қолы тисе дөңгеленте жөнелетін әкем Қалиқан Хабидолданов құрған. Жастайынан еңбекке жегіліп шыныққан ол 1996 жылы Бөкен өзенін бөгеп, Қалихантөбеге дейін 12 шақырымдық канал салды. Содан бастап, көптен бері күңіреніп, көздің тасасында қалып қойған иен далаға жан бітіп, құлпырып сала беріпті. Әкемнің ерен еңбегі жоғары бағаланып, кезінде ол кісі де Ленин орденін иеленген екен. Жұмысты бар ынта-жігермен тындыру сол кісіден қалған қасиет шығар деп те ойлаймын. Қазір дәл осы жерде «Қалмұхжом-Ахмет» ШҚ қоныс теуіп отыр, - дейді Мұхамед Қалиқанұлы.
Қазіргі таңда Әке салып берген жолмен 20 жылдан аса уақыт еңбек нарығына атсалысып келе жатқан, шаруа қожалығының ісін ілгерілетіп қана қоймай, оның салып берген ізгілік жолынан таймаған ұрпақтары округтің әлеуметтік-экономикалық өміріне қомақты қолғабыс тигізуде. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, қомақты қаражат жұмсап, күрделі жөндеуден өткен көпір халық игілігіне берілді. Бұл Ақтоған каналы арқылы салынған, Үлгілімалшы ауылын көршілес Қарағандыкөл, Тассай ауылдарымен жалғап жатқан маңызы зор көпір.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жоғары сезінетін, Отанына деген патриоттық рухы асқақ жерлестерімізді Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтай келе, табысты еңбек, мықты денсаулық, отбасы берекесін тілейміз! Алған марапаттарыңыз құтты болсын!

Бақыт МҮЛІКОВА

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз