Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ел Тәуелсіздігінің айшықты мерейтойы аясындағы 25 жұлдызды күн акциясының кезекті шарасының бірі - Көкпекті ауданының көркемөнерпаздар байқауы орталық мәдениет үйінде өткізілді. Аталмыш байқауды ұйымдастырудағы мақсат жиналған қауымға ата-бабаларымыздың Тәуелсіздік жолындағы ерлігін паш ету, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, аудан тұрғындарының арасынан өнерлі адамдарды шығарып, жаңа шығармашылық ұжымдар құру, жалпы өнерге деген сүйіспеншілікті дамыту болды.


Аудан орталығындағы Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі ауданның түкпір-түкпірінен өз өнерпаздарын баптап, байқауда бақ сынауға алып келген жұртшылыққа толы. Байқау жүргізушілері, мәдениет үйінің жас әншілері Г.Кинбаева мен Айдын Адамов көрермен қауымға құттықтау сөздерін жолдап, бүгінгі доданың сарапшылары – әділқазылар алқасымен таныстырып өтті. Оның құрамында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Ә.Саржанов, бос уақыт орталығының директоры Н.Тоянкенов, балалар өнер мектебі директоры А.Сүлейменов, мәдениет үйінің сценаристі К.Садвакасова, балалар өнер мектебінің мұғалімі З.Тұрлыбаева, би жетекшісі Н.Оспанова бағалап отырды.
Көкпекті өнер мектебі ұлт-аспаптық оркестрі орындаған «Балбырауын» күйімен концерт шымылдығы ашылғанда қазақ домбырасының құдыретті үні зал ішін кернеп, көрерменге азаттығымыздың сән-салтанатын сезіндіріп, ерекше күйге бөледі. Келесі кезекте өнер ұжымдары, жеке орындаушылар, бишілер, сан түрлі жанрларда дайындап әкелген қойылымдарын бағдарлама ретімен көпшілік назарына ұсынып, олардың қолдап-қолпаштауына ие болды. Көкжайық ауылының өнерпаздары қойған «Желтоқсан оқиғасы» атты сахналық қойылым, осыдан 30 жыл бұрын болған қайғылы сәтті еске түсіріп, талайдың жанарын жасқа толтырғанын айтпасқа болмас.
Осылайша, бір сағаттан аса уақыт көрермен көңілін әсем әуен, көңілді саз, мағыналы қойылымдармен шаттандырған байқаудың қара қылды қақ жарған қазылар алқасы әділ шешімін шығаратын сәт те келіп жетті. Олар ақылдасуға отырғанда мәдениет үйінің әншілері Тоқтарбек пен Айдын, Ш.Ибраев, Д.Бозақановалар халыққа сұлу әндерін тарту етті. Алқа төрағасы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әлібек Түсіпбекұлы барша қатысушыларды шуақты мерекемен құттықтай келе, округтерден келген өнерпаздарға шығармашылық табыс тіледі және аталымдар мен орындарға ие болғандарға естелік кәдесыйлар және бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарын табыстады. Атап өтсек, көкжайықтықтар «Үздік өнері мен жоғары шеберлігі үшін», тассайлықтар «Көрермен көзайымы», Самар округі «Ең белсенді ұжым», Үлкенбөкен ауылы «Үздік аспаптық шығарма» аталымдарына ие болса, 3 орын Теректі, 2 орын Қ.Аухадиев, 1 орын Құлынжон округінің шығармашылық ұжымдарына бұйырды. Концертті тамашалауға, одан рухани азық алуға келіп отырған Роза апайдан пікірін білдіруді өтіндік.
Роза Слямханқызы Туенбаева, зейнеткер, Көкпекті ауылы:
- Менің қызым Зульфия Сәкенқызы көп жыл бойы өнер саласында ұстаздық етіп, қаншама шәкірт тәрбиелеп жүргендіктен өзім осындай концерттерден қалмаймын және өнерге бейжай қарай алмаймын. Бүгін осы залға көрермен көп жиналғанда сахнадағылар да шабыттана түсуші еді. Жалпы концерт маған ұнады. Бәрі де шама-шарқына сай концерттік киімдерін киіп, өнерін ортаға салып жатыр. Әсіресе, Шәріптоғайлық оқушылардың қазаққа рух беретін «Флешмоб» биі аса ұнады. Әрине, өнер көрсеткендер кәсіпқой әртіс емес қой. Көңіл-күйім көтеріліп, демалып қалдым. Барлық жерлестерімді келе жатқан Тәуелсіздік мейрамымен құттықтаймын! Қазақ еліміз жарқырап, жайнай берсін!


Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз